рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берілетін жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрін жариялады. Бұл бестікке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 рисунок

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

рисунок

:bookmark_tabs:Егер сіз тегіңізді не есіміңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы анықтаманы онлайн түрде egov.kz порталы арқылы алып көріңіз.

:computer:Қызметті онлайн алу үшін:
:white_check_mark: Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасына өтіңіз;
:white_check_mark: Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз немесе смс-құпиясөзді пайдаланыңыз;
:white_check_mark:Қажетті төлемді жүргізіңіз;
:white_check_mark: Өңделген анықтаманы жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» тарауынан таба аласыз;

:exclamation:Ескерту! Онлайн-қызметті 2008 жылғы 14 сәуірден бастап тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы жазба актісі жазылған азаматтар ғана ала алады. #oqytoqy

 

Баспасөз хабарламасы

Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Жыл басынан бері 57 мың азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 52 мың азаматқарәсімделген. Жалпы елімізде зейнетақы төлемдерін 2,2 млн адам алады.
Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған – 5954, ал ең аз өңір –

Атырау облысы, мұнда не бары 1554 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2224 азамат базалық зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдеген.

«Зейнеткерлік – қарттықты әдемі қарсы алып,бос уақытты жақындарыңмен өткізуге мүмкіндік беретіншақ. Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады»,дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Айта кетейік,зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақБЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді.
Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.

 

рисунок 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды. Топқоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған «Цифрлық комиссарлардан» тұрады.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектің неліктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды. Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты.