Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметінің порталы

«Е-лицензиялау» порталы

Электрондық үкімет. Ашық үкімет

Бәйтерек ауданының мемлекеттік органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің балама түрде ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің тізімі

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының мекен жайлары, жұмыс кестесі, байланыс телефондары және қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, регламенттері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі (rar, 249 Kb)

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Есептер

Жобалар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бәйтерек аудандық бөлімінің мобильдік ХҚКО шығуының 2018 жылғы 2 тоқсанға арналған кестесі (pdf, 758 Kb)

 

видео, баннер, макеттер, парақшалар

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №175 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (pdf, 3.3 Mb)


Бәйтерек ауданының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ фронт-кеңселерінен барлық қажетті анықтамаларды ала алады және құжаттарын ресімдей алады. Фронт-кеңселер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды және 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Бәйтерек ауданы бойынша 2 (екі) фронт-кеңсе қызмет көрсетеді: 1) Переметное а., Гагарин көш., 69 Б.  Анықтама тел: 8-7113-02-36-15.   2) Дариян а., Балдырған көш., 27/1. Анықтама тел. 8-7112-54-26-68.


Тұрғын үй кезегін онлайн қадағалаңыз

18.12.2019

рисунок

Бүгін қысқанұсқа айдарында біз сіздерге ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн білу жолымен бөліспекпіз.

Толығырақ...


Туу куәлігін қайтара алу үшін онлайн өтініш беру

18.12.2019

рисунок

Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып не бүлдіріп алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.

Толығырақ...


Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады

03.12.2019

Жылжымайтын мүлік иелері бұдан былай нысандарының (пәтерлер, жатақхана бөлмелері, жеке гараждар мен саяжайлар) техникалық паспортының электронды нұсқасын онлайн рәсімдей алады. Цифрлық жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жүзеге асырып отыр.

Толығырақ...


Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша

22.11.2019

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни,еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды. 

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Толығырақ...


Азаматтық хал актілерін кез келген аймақта тіркеуге болады

22.11.2019

Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгізілген түзетулер бүгін Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Жаңашылдық баланың тууына, некені тіркеу мен ажырасуға, аты-жөні мен тегін өзгертуге, қайтыс болуқұжаттарын тіркеу сияқты қызметтерді қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар аталған мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғылықты тіркеу орны немесе тіркеу жазбасының орналасқан жері бойыншамемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне немесе АХАТ бөліміне хабарласатын. Енді азаматтық хал актілеріне қатысты 5 түрлі қызметті кез келген ХҚО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керекті құжаттарды аз уақыт ішінде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Бұрын құжаттарды рәсімдеп алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейін жауап күтетін, бұл қызмет алушылар үшін қолайсыздық пенқосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бір аймақта тегін өзгерту туралы өтініш білдірсе, мемлекеттік орган өзге аймақтан – оның туған жерінен қосымша мәліметтерді сұрататын. Тиісінше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердің 70% мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкімшілік кедергілерді жояды және қызметтерді алу процесін жеңілдетеді.

 


Барлық хабарламалары