1. Инвестициялар, бюджет және салық:

Негізгі капиталға салынатын инвестицияның қаржыландыру көзі 89343,0  млн. теңге, 2016 жылдың есебімен салыстырғанда 12,5% төмендегенін көрсетіп отыр, соның ішінде қаржыландыру көздері бойынша:

республикалық бюджет қаржысы есебінен түсім 881,4 млн.теңгені құрады;

жергілікті бюджет қаржысы есебінен 813,8 млн.теңге түсім құрады;

өз қаржысы есебінен 85625,4 млн.теңге түсім құрады;

банк несиелері есебінен түсім 610,6 млн.теңгені құрады;

қарыз қаражаты 1411,7 млн.теңгені құрады;

Жиналған мемлекеттік бюджет – 4,1 млрд.теңге, соның ішінде:

- аудандық бюджет – 2,1 млрд.теңге;

- республикалық бюджет – 1,8 млрд.теңге;

- облыстық бюджет – 275,1 млн.теңге;

 

Агроөнеркәсіп кешені

2017 жылы егіс алқаптарының жалпы көлемі 215,8 мың га құрады. Дәнді-дақылдардың жалпы көлемі 17,3 ц/га, орташа өнімділік көрсеткішімен 225,3 мың тонна құрады. 156,0 ц/га орташа өнімділік көрсеткішімен жиналған картоптың жалпы көлемі  24,3 мың тонна, көкөніс дақылдары - 20,1 мың тонна, орташа өнімділігі 162 ц/га, бақша дақылдары - 7,0 мың тонна,орташа өнімділігі 155 ц/га.

2017 жылы ауданда жиын-терім науқаны қарқынды жүріп, күздік дақылдар бойынша рекордтық өнім жиналып, орташа өнімділік - 27,9 ц/га құрады, кейбір шаруашылықтардың өнімділігі - 43,0 ц/га-ға дейін жетті. 2017 жылы 43,0 мың га алқапқа күздік дақыл егілді, ол 2016 жылға қарағанда 2 мың гектарға көп.

2017 жылы майлы дақылдардың жалпы көлемі 31,5 мың га құрады, 2016 жылмен салыстырғанда  1,4 есеге егіс көлемі ұлғайды. Майлы дақылдарды жалпы жинау - 25,3 мың тоннаны құрады.

2017 жылдың 1 желтоқсанына ет өнімі 7,0 мың тонна (өткен жылдың деңгейіне 99,1%), сүт -  38,8 мың тонна (103,3%), жұмыртқа – 58,4 млн. дана (120,7%) құрады.

2017 жылдың 1 желтоқсан жағдайына ірі қара мал 39,1 мың бас немесе 105,5% құрады, 2016 жылға қарағанда:

Соның ішінде сиыр - 18,1 мың бас (101,7%),

Қой мен ешкі           - 58,3 мың бас (108,3%),

Жылқы                    - 4,5мың бас (118,8%),

Шошқа                    - 14,7мың бас (113,4%),

Құс                          - 745,5мың бас (224,0%).

Ауданда 9 ауыл шаруашылық коперативі құрылды, оның 4-і ірі қара мал бордақылау, 2-і сүт қабылдау, өңдеу, 2-і мал тұқымын асылдандыру, 1-і бау-бақша өсіру бағытында жұмыстанады.

 

Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру

2017 жыл бойынша 153 қарыз алушыға – 1211,3 млн. теңге несие қаражаттары берілді, соның ішінде:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Береке» бағдарламасы аясында – 6 АШӨК (101 қарыз алушы) жалпы соммасы-355,7 млн.теңге.

«Батыс-Шаруа» несие серіктестігі» ЖШС арқылы – 48 қарыз алушыға – 786,7 млн. теңге берілді.

«Агрокредиттік коорпорация» АҚ арқылы - 4 қарыз алушыға, жалпы соммасы - 68,9 млн.теңге бағытталды.

 

Субсидиялау

2017 жылдың 12 айы бойынша ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарымен жалпы көлемі - 969,2 млн. теңгеге демеуқаржы алынды, соның ішінде:

өсімдік шаруашылығына - 365,3 млн.теңге (2016 жылы 366,2 млн.теңге);

мал шаруашылығына - 337,4 млн.теңге (2016 жылы 317,6 млн. теңге);

инвестиция - 266,5 млн.теңге (2016 жылы 433,0 млн.теңге)

 

Жұмыспен қамту:

2016 жылдың 1 желтоқсан жағдайына аудан көлемінде 712 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жылдық есептің 126,8% құрайды (жылдық жоспар – 562 жұмыс орны).

Ресми жұмыссыздық  деңгейі  - 0,9% құрады.

1 қаңтарға 39 отбасыға немесе 167 адамға - 7,8 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы жұмысқа қабілетті халықтың үлес салмағы 45 адам немесе атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының 26,9%  құрайды.

Ауданда 457 отбасындағы 1184 балаға 22,2 млн. теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді. Бөлек санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге 1724 адам 32,2 млн. теңгеге, соның ішінде, Жеңіс күніне орай 853 адамға 12,5 млн. теңгеге қаралса, 548 адамға 15,6 млн. теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек, 167 атаулы әлеуметтік көмек алушыға азық-түлік өнімдері бағаларының өсуіне байланысты жалпы сомасы 1,7 млн теңге құрайтын 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек төленді.

«Өрлеу» бағдарламасына қатысушы 20 отбасыға жеке қосалқы шаруашылық құруына және жеке кәсібін дамытуға 4,6 млн.теңге көлемінде қаражат төленсе, 88 отбасыға 1,0 млн теңге көлемінде коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегі берілді.

Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытатын және тәрбиелейтін ата-аналардың біреуіне берілетін материалдық көмек 41 адамға төленіп, 2,3 млн. теңге бағытталды.

 

Шағын және орта бизнес

Аудан бойынша шағын және орта бизнестің 3174 субъектісі тіркеліп, 2016 жылға қарағанда 19,2%-ға өсті.

Қазіргі уақытта жұмыстанып тұрған шағын және орта бизнес субъектілері саны - 2880 құрайды. Мұндағы жұмысшылар саны 5066 адамға жетіп, өсім 9,8% құрады.

Өндірілген өнім көлемі (жұмыс және қызмет) 8,9 млрд.  теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға өсу байқалады.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша 48 шағын цех (2016 жылы - 46) тіркелген, мұнда 347 адам (2016 жылы - 320) жұмыс істеуде. 2017 жылдың 11 айында 609,6 млн. теңгеге өнім өндірілген (2016 жылы –528,8 млн.теңге).

 

Жер қатынасы

2017 жылы жалпы көлемі 23989 га (18988,2 егістік, 996 га шабындық, 3845,5 жайылым, 159,3 басқа жерлер) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды. Соның ішінде сот арқылы қайтарылғын 816 га (802 га егістік, 14 жайылым) жер телімі, жер пайдаланушылармен әңгімелесу барысында 23173 га (18186,2 га егістік, 996 га шабындық, 3831,5 га жайылым, 159,3 басқа жерлер) жер телімі қайтарылды.

 

Сумен жабдықтау

Зеленов ауданындағы су құбырларының ұзындығы 148,2 км құрайды. Орталықтандырылған су құбырымен 28 елді мекен немесе 5039 аула қамтылған, бұл 41,2% құрайды.

Шахталық құдық суын 37 елді мекен (54,4%) пайдаланады.

Халық саны 482 адам құрайтын 3 елді мекенге ауыз су тасымалданады, бұл 4,4% құрайды.

 

Газдандыру

Аудан ауылдарының табиғи газбен қамтылу пайызы 82% құрайды. 68 елді мекеннің 50-і немесе 14923 абонент, соның ішінде жеке тұлға -14445, заңды тұлға- 478.

13990 тұтынушы газбен қамтылған. Аудандағы газ құбырларының жалпы ұзындығы  536,7 км құрайды.

Газдандырылмаған елді-мекендер саны -18.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

«ҚарашығанақПетролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының инвестициялық қоры есебінен Дариян ауылында 8 көшенің (2500 м) жолы жөнделді.

Макаров ауылына 5 км, Жайық елді мекеніне 1,5 км, Өркен елді мекеніне 4,3 км барар жол ағымдағы жөнделді.

 

Абаттандыру

2017 жыл бойынша ауданда:

Елді мекендерді абаттандыру бағдарламасы бойынша 3 000,0 мың. теңге бөлінді. Аталған қаражатқа Переметный ауылы ішіндегі гүлзарды егу және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету жұмыстары атқарылды.

Переметный ауылы, Гагарин көшесінде балалар ойын алаңы және спорт алаңы  орнатылды. Бөлінген қаражат 2 млн тг құрайды.

Переметный ауылында «Ана және бала» саябағы мен су бұрқақ орнатуға, абаттандыруға 12 млн тг қаражат бөлініп, жұмыстар аяқталды.

 

Санитарлық тазалау.

Аудандық бюджет есебінен 2 500,0 мың теңге бөлініп, Переметный ауылының көң-қоқыс орнын дестелеу жұмыстары атқарылды.

 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 1 996,0 мың тг қаражатқа Янайкин, Январцев, Дариян, Макаров, Достық, Трекин ауылдарында көң-қоқыс орындарын дестелеу жұмыстары жүргізілді

Санитарлық тазалау айлығының қорытындысында аудан бойынша 5 644 көшет отырғызылып, 3 300 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналып, шығарылды. Айлыққа қатысқан адамдардың жалпы саны – 18 532 адам.

 

Құрылыс

Ауданында 2017 жылдың 12 айына жеке тұрғын үйді іске қосу бойынша – 18,159 мың.шаршы метр құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 %-ға артық орындалды.

2017 жылы ауданда келесі объектілердің құрылысы аяқталды:

Калинин ауылындағы 160 орындық дене шанықтыру-сауықтыру нысаны. (Құны - 281,234 млн. теңге)

Махамбет ауылдық округі Павлов елді мекенінде (64 аула,230 адам) су құбырын қайта құру нысаны. (Құны - 79,408 млн. теңге)

Макарово ауылдық округінде жалпы ұзындығы 530 м болатын ауылішілік су құбыры жүргізілді.

Белес ауылдық округі Ақжол елді мекенінде (28 аула, 140 адам) су құбыры құрылысы. (Құны – 11,253 млн. теңге)

 

Білім беру

Білім беру жүйесін 46 күндізгі мектеп құрайды, соның ішінде 30 орта, 9 негізгі және 7 бастауыш. Оқушылар саны - 8021 құрайды. 2 музыкалық мектеп, тәрбие жұмысының орталығы, жас туристер станциясы, 48 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу:

Зеленов ауданында мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу 1 - 5 жас аралығындағы балаларды қамту  65,2% құрайды, мектепалды дайындықпен 5-6 жастағы 831 бала қамтылған.

Бірінші рет Трекин ауылында 65 балаға арналған «Күншуақ» жеке балабақшасы, Мичурин ауылында 60 орындық «Анфиса» жеке балабақшасы, Переметный ауылында 120 орындық «Ақбота» жеке балабақшасы ресми тіркеліп, жұмыс істеуде.

Орта білім

Ауданның 42 мектебіне 2017 жылы жоғары жылдамдықты интернет қосылды. Олардың 15-і кабельді, 1-уі ұялы, 26 мектеп жерсерік арқылы интернетке қосылып отыр. Сонымен қатар ауданның  36 мектебіне 91 интерактивті тақта компьютерімен алынды.

370 мектеп түлегінің ҰБТ-ға 217 қатысып, орташа балл - 73,03 құрады. 13 түлек «Алтын белгі», 19 түлек «Үздік аттестат» иегері болды.

Оқушылардың жазғы демалыспен қамтылуы 100% құрады.

2017 жылдың 1 қыркүйек күні мектеп партасына 8021 оқушы отырды, соның ішінде 1 сыныптарға 932 оқушы, ал 11 сыныптарға 408 оқушы қабылданды. Кешкі мектепке 77 тыңдаушы қабылданды.

Аудан мектептеріне 23 жас маман қабылданды. 2017 жылы 292 мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтті. Мектептерде барлығы 1540 педагог жұмыс істейді.

Жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 14,5 млн.теңгеге 4 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді (шатыр ауыстыру, спорттық зал жөндеу, дәретханалар жайластыру).

 

Денсаулық сақтау:

Зеленов аудандық орталық ауруханасы құрамына 4 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 медициналық пункт кіреді.

Халыққа 29 дәрігер, 162 орта медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. 2017 жыл бойынша 9 жас маман келді, оның ішінде 2 дәрігер, екеуі де тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Аурухана құрылымына 83 төсекорындық тәулік бойы қызмет көрсететін стационар, отбасылық денсаулық орталығы және 57 төсекорындық күндізгі стационар кіреді.

2017 жылы ана өлімі тіркелген жоқ. Сәби өлімі 3 жағдайға дейін төмендеді. Туберкулез ауруы бойынша 19 жағдай тіркелді.

 

Спорт:

Ауданда 163 спорттық құрылым, соның ішінде: Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 тир, 48 футбол алаңы, 30 баскетбол, 35 волейбол және 1 бадминтон алаңқайы, сонымен қатар 43 спорт зал жұмыс істейді.

Біздің спортшылар облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жоғары көрсеткіштер көрсетуде.

2017 жылдың 11 -15 тамыз күндері аралығында Переметный және Мичурин, Асан ауылдарында «Ақ бидай» облыстық ауыл спорты ойындары өткізілді.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

2017 жылғы ауданның криминогенді жағдайына талдау бойынша жасалған қылмыстардың – 18,6% төмендегенін көрсетеді.

2017 жылғы тіркелген қылмыс саны - 858 факт.

2017 жылы 7 аса ауыр қылмыс тіркелді.

Тіркелген ауыр қылмыс саны - 24 жағдай, 2016 жылмен салыстырғанда 52%-ға төмендегені байқалады.

Тіркелген бөтен мүлкін ұрлығы 589, мал ұрлығы бойынша 54 жағдай тіркелген.

 

«Бизнестің жол картасы - 2020»

Жыл басынан 1,9 млрд. теңгеге 23 жоба мақұлданды және  9,7 млн. теңгеге 4 кәсіпкер қайтарымсыз гранттарға ие болды.

 

Инвестициалық жобалар:

- Белес ауылдық округінде  «Жайық Петролеум ЛТД» ЖШС көмірсутек шикізатын өңдеу және сақтау бойынша кешен құрылысы. (180 жаңа жұмыс орны, жоба құны 5,5 млрд. теңге)  Іске қосу мерзімі 2018 жылға жоспарлануда.

 

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру барысында 2009-2017 жылдар аралығында:

- 72,2 млн.теңге мөлшерінде 627 көтерме жәрдемақы, 1178,9 млн.теңге мөлшерінде 442 адамға үй алуға несие берілді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 272,4 млн.теңге көлемінде 81 жас маманға тұрғын үй алуға несие берілді (2016 жылы 96 жас маманға 302,9 млн.теңге, 2015 жылы 47 жас маманға 135,5 млн.теңге). Жаңадан келген 40 жас маманға 6,3 млн.теңге көтерме жәрдемақы төленді. (2016 жылы 39 – 5,8 млн.теңге, 2015 жылы 41 – 5,7 млн.теңге).

 

2018 жылға жоспар:

2018 жылы ауылдарды газдандыруға, су құбыры желілерін салуға, инженерлік-коммуникациялық инфраструктурлық жабдықтауға, тұрғын үй құрылысына, сондай-ақ Жамбыл ауылында жалпы орта білім беретін мектеп, Достық ауылында балабақша,  Янайкин ауылында мектеп ғимаратына қосымша құрылыс жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама мен сараптамалар алу жоспарлануда.

Володар ауылында су құбырын қайта құруды аяқтау, Дариян модельді ауылдық балалар кітапханасының коворкинг орталығын ашу жоспарланды.