2019 жылғы 12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

рисунок

12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай орталық алаңда жастарға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан аудан әкімі А.Шахаров аудан жастарын халықаралық жастар күнімен құттықтап, белсенді жастарды алғыс хатпен марапаттады.

рисунок

Ауданда шағын және орта бизнестің дамуына қарқын қосар жаңа нысандар бой көтеруде. Мичурин округінде "Ихсанов Б" жеке кәсіпкерлігі 200 орындық "Ханшайым" мейрамханасының құрылысын аяқтады. Жалпы құны 50 млн. теңге болған нысан іске қосылған сәтте 20 тұрақты жұмыс орнын ұсынбақ. Сондай-ақ Мичуринде "А.М.Жиденко" жеке кәсіпкерлігі "Алмаз" сауда үйін жуырда іске қоспақ. Құны 145 млн. теңгені құрайтын нысанның далпы аумағы 5000 шаршы метр. Сауда үйінде тұрақты 14 жұмыс орны құрылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

рисунок

Өткен жексенбіде облыс әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданында екі шаруашылық аумағында жүріп жатқан күзгі жиым-терім жұмыстарының барысымен танысты.

рисунок

Тамыздың 11-і күні Дариян ауылында Жастар күніне орай І халықаралық экологиялық жастар слеті басталды.

рисунок

Мұсылман қауымы үшін ең ұлық мереке Құрбан айт құтты болсын. Алла разылығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай. Ел іргесі бүтін, әр күніміз берекелі болғай. Ұлық мерекеде әр шаңыраққа береке, молшылық тілейміз!

 

рисунок

Бүгін аудан тұрғындары барлық ауылда "Бірге. Таза Қазақстан" акциясына қатысып, өзен, көл жағалауын қоқыстан тазартты.