рисунок

Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әсемгүл Оразаева аудан жастарымен кездесті.

Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтің төрағалығымен өткен кездесуде жастарға тағылымды әңгіме өрбіді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа есім» жобасының  көздегені  – қоғамға танымал, таланттарды жалпақ жұртшылыққа таныту. Біздің жерлесіміз Әсемгүл Әлікқызы Оразаева осы жобаның жеңімпазы атанды. Әсемгүл Әлікқызы 22 жасында Атырау қаласындағы «USC» жеке шаруашылық серіктестігінің негізін қалап, құрылтайшысы болды. Ол еліміміздің қоғамдық өміріне белсене араласып, қайырымдылықпен айналысып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда үлкен іс тындырды.

Кездесуде сөз алған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әсемгүл Әлікқызы табысқа жетудің жолдарымен бөлісіп, қоғамдағы жастар рөлі, олардың ашықтығы мен белсенділігі турасында тереңнен ой қозғады. Жастар арасында мотивациялық тренингтер өткізіп, дәрістер оқып жүрген Әсемгүл жаңа жобаларымен бөлісіп, жастарды өзгеріске бейім болуға, жаңа мамандық игеруге шақырды.

Кездесуге қоғам белсенділері, аудан жастары, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ауыл тұрғындары қатысып, пікір алмасты.

рисунок

рисунок

рисунок