рисунок

Ұлыс тойына Желмаясын желдіртіп жеткен Қыдыр Ата мен Ұмай Ана халыққа ақ батасын арнап, жарқын болашақ тіледі. Аудан халқын мерекемен  құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров бірлігі жарасқан, ырыс-берекесі тасыған елге жарқын болашақ тілеп, қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан тұлғаларға алғыс хат ұсынды.

рисунок

Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов пен Переметный округінің әкімі Бекзат Бадақов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қабдисат Ізбасов, Макар Дорошенко және Екатерина Необутоваға аудан әкімі Асхат Шахаровтың Наурыз мейрамымен құттықтау хатын табыстады.

рисунок

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Тарихы тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, береке мен ынтымақтың бастауы саналған.

Халқымыз үшін Наурыз мейрамы – ынтымақты айшықтайтын мерейлі мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, адалдық пен татулықтың мерекесі. Бұл – өткенге ой жіберіп, болашаққа мақсат құратын ерекше кезең. Ендеше ақ ниетпен өткенге салауат айтып, жаңа күнді, Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық.

Ұлыс күні – болашақтан тек жақсылық күтетін еліміздің ынтымағын арттырып, ырысын арттырғай!

Жыл басы Отанымызға береке, халқымызға бірлік, әр шаңыраққа молшылық әкелсін. Ұлыс оң болып, әр күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

                                      

Құрметпен, аудан әкімі                     А.Шахаров

 

рисунок

Қыдыр Ата мен Ұмай Ана, үш жүздің билері мен батырлары, сал- серілер, махаббаттың символы Төлеген мен Қыз Жібек келген театрланған қойылым, Наурыз сәнін келтірді. Ұлттық нақышта өрбіген қойылым мазмұны терең ақ батаға ұласты. Дариян тұрғындарын мерекемен  құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров жұртшылыққа Наурыз құтын тіледі. Мерекеге жиылған халайық тігілген ақшаңқан киізүйлерден дәм татып, ұлттық ойындарды қызықтады. Асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қой көтеру, күрес, гір тасын көтеруден өткен сайықта үздік шыққандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

рисунок

Аудан әкімі Асхат Шахаров пен "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев дарияндық ардагер Татьяна Макиевскаяны Наурыз мейрамымен құттықтады.

рисунок

Бүгін 20 наурыз Көшімдіктер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті. Алаңға жиналған тұрғындар спорттық ойындарды қызықтап,  ұлттық тағамнан дәм татты. Ауыл халқына арнайы мерекелік ұтыс ойыны ұйымдастырылып, ұтысқа ие болғандарға бағалы сыйлықтар табысталды.

рисунок

Бүгін 19 наурыз аудан әкімінің орынбасары М.Залмұқанов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды.