Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты міндеттері -масылдықты жойып, кедейшілік деңгейін төмендету, өзін -өзі жұмыспен қамтитындарды, аз қамтылғандарды және жұмыссыз халықты экономикалық өнімді жұмыспен қамту болып белгіленген.

Күні бүгін ауданда жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жағдайы келесідей сипатталады:

-аудан халқының жалпы саны 58722 адам, оның 35401адамы, немесе 60 пайызы, экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігін құрайды

-жұмыстың әр түрлі саласында 34176 адам жұмыс істейді, соның ішінде 7611 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, немесе, экономикалық белсенді халықтың 21,5 пайызын құрайды;

-жұмыссыздар -1225 адам (3,4%);

-аз қамтылғандар-4688 адам (8,1%);

Жыл басынан, жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 257 адам өтініш етті.

Жұмыссыз ретінде есепте -291адам тұр.

Ақылы қоғамдық жұмысқа -164 адам жолданды.

Кәсіптік даярлыққа -90 адам жолданды.

Бұдан басқа шетел жұмыс күштерін ауыстыру үшін шетел компанияларының қаржысы есебінен кадрларды даярлау және қайта даярлау  мақсатында, әр түрлі мамандықтар бойынша 15 адам жолданды.

Жұмыспен қамту бөлімі арқылы - 38 адам жұмысқа орналастырылды.

2015 жылдың 1 тоқсанының ішінде 123 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі -3,4 пайыз.

Ресми жұмыссыздық деңгейі -0,8 пайыз.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде кедей және кәмелетке толмаған балалы отбасыларды қолдау шаралары негізгі орын алады.

2015 жылдың 1 тоқсанының ішінде  атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) құрамында  184 адамы бар 47 отбасына 1791,1 мың теңге көлемінде төленді.

АӘК  алушылардың құрамында еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы 27,7 пайызды құрайды.

381 отбасыға (917 бала) 5576,5 мың.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді.

2015 жылдың 1 тоқсанда 251 жеке санаттағы азаматтарға 5873,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жеңіс күніне 456 адамға 12690,0 мың теңге көлемінде біржолдық материалдық көмек төленді.

Үйден оқитын және тәрбиеленетін 29 мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне 516,7 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Мүгедектердің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын реттеу әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету ,оларға өмірлік тең жағдай мүмкін шілігін жасау және қоғамға бейімдеу мақсатында 2015 жылдың 3 айы ішінде 8 мүгедек жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етілді

2015 жылы үйден арнаулы әлеуметтік қызмет 484 жалғызбасты кәриялар мен  1-2топтағы мүгедектерге және сонымен қатар 38 мүгедек балалар мен 18 жастан жоғары психоневрологиялық аурулы  тұлғаларға көрсетілу жалғасуда.

2015ж. медициналық -әлеуметтік мекемеге 3 адам рәсімделді.