Мемлекет Басшысының Жолдауында алдағы уақытта мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты міндеттері -масылдықты жойып, кедейшіліктің мәселелерін шешу, өзін -өзі жұмыспен қамтитындарды, аз қамтылғандарды және жұмыссыз халықты өнімді экономикалық қызметке тарту болып белгіленген.

Күні бүгіні аудандағы жұмыспен қамту және халықтың өмірлік сапасын арттыру жағдайы келесідей сипатталады:

-аудан халқының жалпы санының 36101 адамы, немесе 62 пайызы, экономикалық белсенді халқын құрайды;

-жұмыстың әр түрлі саласында 35096 адам жұмыс істейді, соның ішінде 8101 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, немесе, экономикалық белсенді халықтың 23,1 пайызын құрайды;

-жұмыссыздар -1005 адам (2,8%);

-аз қамтылғандар-4688 адам (8,1%);

Жыл басынан, жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 272 адам өтініш етті.

Жұмыссыз ретінде есепте -291 адам тұр.

Ақылы қоғамдық жұмысқа -98 адам жолданды.

Кәсіптік даярлыққа -29 адам жолданды.

Жұмыспен қамту бөлім арқылы -60 адам жұмысқа орналастырылды

2014 жылдың 3 айдың 2 тоқсаннында 146 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі -2,8 пайыз.

Ресми жұмыссыздың деңгейі -0,8 пайыз.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде кедей және кәмелетке толмаған балалы отбасыларды қолдау шаралары негізгі орын алады.

2014 жылдың 2 тоқсаны ішінде  атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) құрамында 239 адамы бар 55 отбасына 1542,5 мың теңге көлемінде төленді.

АӘК  алушылардың құрамында еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы 33,2 пайыз құрайды.

438 отбасы (1043 бала) 6044,9 мың.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді.

2014 жылдың 3 айдын 2 тоқсаннында 1305 жеке санаттағы азаматтарға 8619,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Үйден оқитын және тәрбиеленетін 48 мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне 790,4 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Мүгедектердің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын реттеу әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету ,оларға өмірлік тең жағдай мүмкін шілігін жасау және қоғамға ықпалдасу мақсатында 2014 жылдың 2 тоқсанының 3 айында 107 мүгедек әртурлі компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етілді, соның ішінде: 3 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен, 74-адам міндетті гигиеналық құралдармен, 1-адам отырғыш-арбамен қамтамасыз етілді.

Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет 470 жалғызбасты қарияларға және 1-2топтағы мүгедектерге көрсетілді.

Үйден арнаулы әлеуметтік көмек 43 мүгедек-балаларға және 18 жастан асқан  психоневрологиялық аурулармен ауратын адамдарға қызмет көрсетілді.

Медициналық -әлеуметтік мекемеге 2 адам рәсімделді.

 

Презентация (2,6 Mb, ppt)