Мемлекет Басшысының Жолдауында алдағы уақытта мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты міндеттері - масылдықты жойып, кедейшілік деңгейін төмендету, өзін - өзі жұмыспен қамтитындарды, аз қамтылғандарды және жұмыссыз халықты өнімді экономикалық қызметке тарту, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға барлық жағдайлар жасау болып белгіленген.

Бүгінгі күні аудандағы жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту  жағдайы келесідей сипатталады:

- аудан халқының жалпы саны- 58264 адам  оның ішінде 36101 адамы, немесе 62,0 %, халықтың экономикалық белсенді бөлігін құрайды;

- жұмыстың әр түрлі саласында 35096 адам жұмыс істейді, соның ішінде 8101 адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, немесе, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 22,4 %;

-  жұмыссыздар саны - 302 адам (0, 8 %),

-  аз қамтылғандар - 4688 адам (8,1 %), 2013 жылмен салыстырғанда 1,0% төмендеді;

Жыл басынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 279 адам өтініш етті.

Ақылы қоғамдық жұмысқа - 148 адам жолданды.

Кәсіптік даярлыққа - 78 адам  жолданды.

2014 жылы 3 айы ішінде  112 жаңа  жұмыс орындары ашылды.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде кедей және кәмелетке толмаған балалы отбасыларды қолдау шаралары негізгі орын алады.

2014 жылдың І тоқсанында  құрамында  264 адамы бар 60 отбасына 1874,2 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2013 жылмен салыстырғанда 87% құрайды  немесе 13%-ға азайды.

АӘК  алушылардың құрамында еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы 33,7 %  құрайды, кедейшілік деңгейі 0,8%.

421 отбасыға (988 бала) 5292,0 мың.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді, 2013 жылмен салыстырғанда 83,1 % құрайды, 16,9% -ға яғни 179 отбасы, 353 адамға азайды.

2014 жылдың 3 ай ішінде 260  жеке санаттағы азаматтарға 3420,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік материалдық көмек көрсетілді, 2013 жылмен салыстырғанда 151 % құрайды.

Үйден оқитын және тәрбиеленетін 55 мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне 981,9 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. 2013 жылмен салыстырғанда 139% құрайды.

Өткен  3 ай ішінде 47 мүгедек  әртүрлі компенсаторлық құралдармен, соның ішінде: (2013 жылмен салыстырғанда 4 адамға артық)

3 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен, 42 - адам міндетті гигиеналық құралдармен, 1 - адам тифло-техникалық құралдармен, 1 - адам кресло-арбамен  қамтамасыз етілді.

Үш әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы 465 жалғызбасты қариялар мен І, ІІ мүгедек адамдарға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 41 мүгедек балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Медициналық - әлеуметтік мекемеге 1 адам рәсімделді.

2014 жылдың І тоқсанында аудандық жұсыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2118 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

 

Бөлім басшысы                                            Т.Төлепқалиев