Заңды және жеке тұлғалардың жүгінулері бойынша 2178 арыз түскен, соның ішінде: 1714 арыз қанағаттандырылып, 420 арыз иесіне жауап берілді, 44 - арыз қанағаттандырылудан бас тартылды.

2014 жылдң 12-13 мамырда  және 11 желтоқсанда  Аудан әкімі және аудан прокуроры соның ішінде: жайылым алқаптарын пайдалану бойынша шаруа қожалығының басшыларымен жиналыс өткізілді.

2014 жылы жер қатынастары бөлімі  133 жер пайдаланушыларға жер телімдері жалдау шарттын бұзу туралы хабарландырулар жолданды.

Сотқа жер телімдеріне жалдау шарттарын бұзу және өзгеріс енгізу жөнінде  талап арыздар «Тюяков» ШҚ,  «Серик»ШҚ, «Дукеев»ШҚ, «Дихан» ШҚ, «Яссави» ШҚ, «Акбараков» ШҚ, «Кулагер» ЖШС туралы  берілді.

24 жер учаскелер жалпы көлемімен 13635 га, соның ішінде: 7648 га егістік, 5903 га жайылым, 84 га шабындық қаулы күшімен жойылып қайтарылып алынды.

16 жер учаскесі өз еркімен бас тартылды   жалпы көлімі 7767,2 га

Сот арқылы жалпы көлімі 5925 га  4 жер учаскелері мемлекет меншігіне аударылды

Барлығы 44 учаскесі қайтарылды жалпы көлемі  27327,2 га

Жалпы көлемі 239,9286 га  жер учаскелері 81381588 тенге сомасында сатылды.

2014 ж. 27 қазанында  ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдерін жалға беру бойынша конкурс  өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша «Агросервис Батыс» ЖШС-на Чиров ауылдық округі бойынша 278 га жер телімі   және С.Алкановқа Көшім ауылдық округі бойынша 478 га жалға берілді.