Заңды және жеке тұлғалардың жүгінулері бойынша 621 арыз түскен, соның ішінде: 574 арыз қанағаттандырылып, 26 арыз иесіне жауап берілді, 11 - арыз қанағаттандырылудан бас тартылды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізіліп жатқан түгендеу жұмыстары бойынша:

- Сот арқылы жалпы көлемі 1528 га. егістікті құрайтын 3 жер телімінің жалдау шарттары бұзылды.

- Ауданның арнайыжер қорына 3487,88 га. енгізілді.

- Жалпы көлемі 3049 га. құрайтын жер телімдерін беру жөніндегі қаулылары жойылып және өзгеріс енгізіліп мемлекет меншігіне аударылды.

Қазіргі уақытта нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан а/ш жерлерін анықтау және мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасын табуда: ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларына 111 хабарландырулар жолданды және сотқа жер телімдеріне жалдау шарттарын бұзу және өзгеріс енгізу жөнінде талап арыздар берілді.