Заңды және жеке тұлғалардың жүгінулері бойынша 447 арыз түскен, соның ішінде: 303 арыз қанағаттандырылып, 66 арыз иесіне жауап берілді, 15 - арыз қанағаттандырылудан бас тартырылды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізіліп жатқан түгендеу бойынша:

- 8 ауыл шаруашылық құрылымдар жалпы көлемі 2872,2 га соның ішінде: 1616 га егістік, 1256,2 га жайылым жер телімдерінен бас тартты.

- жалпы көлемі 2851 га егістікті құрайтын жер телімдірін беру жөніндегі қаулылар жойылды.

- сот шешімі негізінде көлемі 500 га жайылым жер телімін құрайтын  1 жалдау шарт бұзылды.

- ауданның арнай жер қорына жалпы көлемі 1599 га құрайтын жер телімдері енгізілді.

Қазіргі уақытта нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан а/ш жерлерін анықтау және қайтару жұмыстары жүргізілуде: ауыл шаруашылық құрылымдар басшыларына хабарландырулар жолданды, 30 күнтізбелік күн мерзімі өткеннен кейін сотқа жалдау шартын бұзу жөнінде талап арыздар жолданады.