Зеленов ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А. Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

 

Сессия төрағасы                                          Б.Ислямова

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                   Р.Исмагулов