2015 жылға арналған меморандум бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген егіс көлемінің структурасына сәйкес, ағымдағы жылы барлық егіс көлемі 245,7 мың.га құрап оның ішінде:

- дәнді дақылдар көлемі 170,0 мың. га, оның ішінде:

- күздік дақылдарға 30,5 мың.га,

- жаздық дақылдарға 139,4 мың.га,

- майлы дақылдар 17,0 мың.га,

- мал азықтық дақылдар 54,3 мың. га,

- картоп 2070га,

- көкөніс 1740  га,

- бақша 665  га .

2015 жылға ауыл шаруашылығы құрылымдарының тапсырған жұмыс жоспарларына сәйкес:

-         барлық егіс көлемі - 216,2 мың.га, айырмасы-29,5 мың.га,

-         дәнді дақылдар бойынша - 147,7 мың.га, айырмасы - 22,3 мың.га, оның ішінде:

-         күздік дақылдар бойынша 30,5 мың.га

-         жаздық дақылдар бойынша 117,1 мың. га, айырмасы-22,3 мың.га

-         майлы дақылдар бойынша 18,5 мың.га (күнбағыс) айырмасы 1,5 мың.га

-         мал азығы дақылдары 45,5 мың.га, айырмасы -8,8 мың.га.

-         картоп- 2070.

-         Көкөніс - 1740.

-         Бақша дақылдары 665 га .

 

Тұқым шаруашылығы:

2015 жылға ауданның ауыл шаруашылығы қүрылымдары соңғы меморандумға сәйкес жаздық бидайдың  дайындалған тұқымы - 11055 тонна,

Арпа тұқымы -1200 тонна тары 7 тонна сұлы -57 тонна жетіспей отыр. Жетіспеген тұқымдарды  ауыл шаруашылық тәжірибе станциясынан  алынады.

 

Техникалардың дайындығы туралы:

- тракторлар 86 %

- культиваторлар 87 %

- улағыштар 91%

- борон - 96 %

 

Жанар-жағар май мен  қамтамасыз ету

Көктемгі далалық жұмыстарды өткізу үшін бүгінгі күні ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1146 тонна ЖЖМ бар немесе жалпы қажеттіліктен 29,1 пайыз құрап отыр. Ауданға қосымша 3931 тонна ЖЖМ бөлінді. Бұл көрсеткіш көктемгі далалық жұмыстарды өткізуге  жеткілікті.

 

Мал шаруашылығы

2015 жылдың 1 наурызына ірі қара малдары 39476 бас оның ішінде сиырлар 15437 бас, шошқа 13132 бас, қой мен ешкі 60027 бас, жылқы 3727 бас , түйелер 58 бас және құстар 293849 бас құрады.

Алынған төл бұзаулар 3978 бас, торайлар 3500 бас, қозы мен лақ 11649 бас, құлын 45 бас.

Мал шаруашылығының жалпы өнімі 832,5 млн.теңге құрады. Ет 1,0 мың.тонна, сүт 2,3 мың.тонна және жұмыртқа 4315мың дана құрады.

 

Наурыз мейрамына қарсы Орал қаласының «Ел Ырысы» базарында 2 жәрмеңке өткізілді. Оған 2 тонна картоп, 5 тонна көкөніс, жұмыртқа, бал , сүт өнімдері және шұжық, кандитер өнімдері сатылымда болды.