Ағымдағы жылы облыс әкімі мен аудан әкімі арасында жасалған ауыл шаруашылығы дақылдары алқабын әртараптандыру қорытындысына сәйкес, жаздық дәнді дақылдар егу аудан бойынша 123,0 мың. га көлемде жоспарланды , оның ішінде майлы дақылдар 32,6 мың.га, мал азықтық дақылдар 17,2 мың. га , картоп 1830 га көкөніс дақылдары 1640 га және  бақша дақылдары 590 га құралды. Есеп бойынша күздік дақылдар 41,3 мың. га, яғни, жалпы дәнді дақылдар  егіс көлемі 168,6 га күтілді.         

Нақты жағдай бойынша жаздық дәнді дақылдар 115,9 мың. га егілді немесе 94,2 пайыз құралды.

Майлы дақылдар бойынша 10,9 мың. га егілді немесе 33,4 пайыз құрады.

Мал азықтық дақылдар бойынша  13,4 га егілді немесе 78,0 пайыз.

Есеп бойынша 42,0 мың. га күздік дақылдар егілді, жалпы дәнді дақылдар бойынша 157,9 мың.га немесе 93,6 пайыз  құралып отыр.

1830 га картоп отырғызылып, 1640 га көкөніс және 590 га бақша дақылдары егілді.

Ауданда күздік дақылдар 41,7 мың.га  алқаптан 20,0 ц/га өнімділікпен 83,4 мың. тонна өнім алынып ору науқаны аяқталды.

Аудандағы жоғарғы өнім алынып отырған шаруашылықтар:

«Достық» ШҚ -2,1 мың. га егіс көлемінен 7,6 мың тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -36,1 ц/га;

 «Киргенев» ШҚ -3,1 мың. га егіс көлемінен 8,5 мың тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -27,0 ц/га;

«Матевосян» ШҚ -5,9 мың.га егіс көлемінен 23,9 мың  тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -35,0 ц/га;

«Алтын Бидай» ШҚ -1,5 мың.га егіс көлемінен 2,2 мың тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -15,0 ц/га;

 

Жаздық дақылдар 104,4 мың.га  алқаптан 6,3 ц/га өнімділікпен 66,0 мың. тонна өнім алынып ору науқаны аяқталды.

Аудандағы жоғарғы өнім алынып отырған шаруашылықтар:

«Гурсаев» ШҚ -1,5 мың. га егіс көлемінен 1,9 мың тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -12,4 ц/га;

 «Киргенев» ШҚ -4,5 мың. га егіс көлемінен 4,5 мың тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -10,0 ц/га;

«Матевосян» ШҚ -4,7 мың.га егіс көлемінен 1,7 мың  тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -10,0 ц/га;

«Алтын Бидай» ШҚ -1,5 мың.га егіс көлемінен 2,2 мың тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -15,0 ц/га;

Майлы дақылдарды жинау.

Майлы дақылдар 10923 га егілді, 4402 га есептен шығарылды,  жиналғаны  6521 га, орташа шығымдылығы 7,6  ц/га құрады. Алынған майлы дақылдар 4938 тонна құрап жалпы жоспардың 100 пайызы орындалды. Оның ішінде:

Күнбағыс- егілгені 8731 га,  2210 га  есептен шығарылды, жиналғаны 6521 га, орташа шығымдылығы 7,6 ц/га, 4938 тонна өнім алынды немесе 100 пайыз орындалды.

Қыша- 1579 га егіліп, барлығы есептен шығарылды.

Сафлор- 613 га егілді,  барлығы есептен шығарылды.

Картоп 1830 га отырғызылды, 1930 га жиналды, орташа шығымдылығы 158,1 ц/га құрап, 28,9 мың тонна өнім жиналып отыр. Жалпы жоспардың 100 пайызы орындалды.

Көкөніс дақылдары 1640 га отырғызылды, 1640 га жиналды, орташа шығымдылығы 147,5 ц/га құрап, 24,1 мың тонна өнім жиналып отыр. Жалпы жоспардың 100 пайызы орындалуда.

Бақша дақылдары 590 га отырғызылды, 590 га жиналды, орташа шығымдылығы 189,1 ц/га құрап, 11,1 тонна өнім жиналып отыр. Жалпы жоспардың 100 пайызы орындалды.

2015 жылдың егісіне күздік дақылдар 30,5 мың га егілді немесе 67,3 пайыз құрады.

Сүдігер жырту жоспар 102,0 мың га болса, соның 75,1 мың га жыртылды немесе 74,0 пайыз орындалып, жұмыстар  жүргізілуде.

2015 жылдың егісін  жүргізу  үшін ауыл шаруашылық құрылымдары тұқым себу жұмыстары  жүргізілуде. Жалпы жоспар 12,5  тонна болып, қазіргі уақытта 11,0 мың  тонна жаздық дәнді- дақылдар тұқымы дайындалды. Жоспардың 88,0 пайызы орындалуда. Осыған байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы аудан бойынша  92,8 мың. тонна жоспар беріліп, 94,2 мың. тонна мал азығы дайындалды, яғни 100 пайыз орындалды.

2014 жылы ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 363,4 млн.теңге несие қаражаты тартылды. Оның ішінде 

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы - 232 млн.теңге;

- «Кәсіпкер-Бірлік» ЖШС арқылы-22,8 млн.теңге;

- «Аграрлық несе корпорация» АҚ арқылы-29,4 млн. теңге;

- «Батыс-Шаруа» НС ЖШС арқылы-79,2 млн. теңге бөлінді.

2014 жылы «Казагрофинанс» АҚ арқылы 34 бірлік ауыл шаруашылық техникасын -800,5  млн. теңгеге лизинкке алынды Оның ішінде 18 трактор «Беларус» маркалы, 4 трактор «Джон-Дир» маркалы және 6 комбайн «Вектор» маркалы, 5 комбайн «Джон-Дир» маркалы техникалар және 1 бірлік «Джон-Дир» маркалы егіс кешені  алынды.

2014 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары  280,4 млн.теңге мемлекеттік көмек берілді. Оның ішінде:

- дәнді дақылдардың  бірінші екінші және үшінші репродукты тұқымдарды арзандатылған құнымен тұқым шаруашылықтарына 42,0 млн. теңге субсидия бөлінді.

- ауыл шаруашылық өнімдерінің элита тұқымын сатып алу үшін нарықтық бағамен 3,3 млн. теңге бөлінді.

- жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау  бағдарламасы бойынша 2014 жылы облыстық бюджеттен 189,3 млн. теңге бөлінді.

- ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілерге жарты құнын қайтару үшін тыңайтқыштарды сатып алғандарға 18,9 млн.теңге бөлінді.

- ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілерге жарты құнын қайтару үшін гербицидтерді сатып алғандарға  2014 жылы 12,0 млн.теңге бөлінді.

- ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілерге су беру қызметін субсидиялау бағдарламасы бойынша  14,9 млн.теңге бөлінді.

- көп жылдық жеміс- бақ өсіруді қамтамасыз ету бағдарламасына субсидия бөлінген жоқ.

Картоп  және көкөніс-бақша дақылдарын  өндіретін негізгі бірден бірЗеленов ауданы болып табылады.

Ағымдағы жылы 1830 га картоп отырғызылды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда  118 га артық болып, соңғы үш жылда егіс көлемінің динамикасының өсуі байқалады.

«Предко»  және «Погодаев» шаруа қожалықтарының картоптың орташа шығымдылығы 200,0 ц/га, ал «Август» шаруа қожалығында 250 ц/га  және «Радуга» ШҚ -230 ц/га құрап отыр.

Ағымдағы жылы картоп өндірісі үшін «Предко», «СизовА.А» және «Исток» шаруа қожалықтары 3 шетелдік жаңбырлатқыш қондырғысын сатып алды.

«Август» ШҚ картоп өндіру  және сақтау үшін қондырғы жабдығын сатып алды.

Мемлекеттің қолдаумен аудан жыл сайын тыңайтқыштар сатып алуға субсидия бөлінуде. Ағымдағы жылы 517 тоннаға 30 шаруа қожалықтар өтініштер берді.

Картоп және көкөніс өнімдерін сол күйінде сақтау үшін бүгінгі күні  өнім сақтайтын қоймалар жетіспейді. «Десумбаев» ШҚ сыйымдылығы 3,5 мың. тонна болатын  2 көкөніс сақтайтын қоймасы , «Предко» ШҚ сыйымдылығы 2,7мың. тонна болатын  2 көкөніс сақтайтын қоймасы,  «Август» ШҚ сыйымдылығы 1,2 мың. тонна, «Погодаев» ШҚ сыйымдылығы 500 тонн, «Ильичев» ШҚ сыйымдылығы 800 тонн және «Медведь» ШҚ сыйымдылығы 800 тонн болатын көкөніс сақтайтын қоймалары  жыл ішінде 157 га өздерін өнімдерін сақтап және сатады.

Сонымен қоса ауданда 41 примитивті 575 көлемде  көкөніс сақтайтын қоймалары бар.

Ауданда 24 га жеміс-бағы өсірілуде. Соның ішінде: «Аманат» шаруа қожалығында  -5 га, «Урал Лес» ШҚ- 5 га, «Алтын Алма» ШҚ-4 га , «Алтын Болашақ» ШҚ-10 га.

Ауданда  133 га тамшылатып суару жүйесі қолдану жүйесі қолданылады. Оның ішінде  23 га картоп, 110 га көкөніс-бақша дақылдары. 2013 жылмен салыстырғанда тамшылатып суару жүйесі 82 га ұлғайды.

Ауданында  жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдан бастап «Алтын Болашақ» ШҚ өндірістік үлгіде  2000 шаршы метр көлемінде 4 примитивті  1580 шаршы метр көлемде жылыжайлары жұмыс жасайды. «Даукара» шаруа қожалығында 750 шаршы метр көлемінде 2 жылыжайлары бар. «Жайна» ШҚ  2200 шаршы метр 2 жылыжайы жұмыс істейді.

Мал шаруашылығы

Мал мен құс саны.

2014 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша 2013 жылмен салыстырғанда:

-ірі қара мал- 43347  бас, өсім 7,5 пайыз,

-соның ішінде сиырлар 17217 бас, өсім 5,2 пайыз,

-қой- ешкі - 49534 бас,өсім 13,4 пайыз,

-жылқылар-3620 бас, өсім 2,6 пайыз,

-түйелер-55 бас, өсім 1,9 пайыз,

Ауылшаруашылық мал өнімдерін өндіру.

 

2014 жылдың 9 айында ет өндіру (тірі салмақпен) 2014 жылы - 44190 ц құрады. 2013 жылы -43119 ц , өсім 2,5 пайыз.

Сүт өндіру 2014 жылы 213807 ц, 2013 жылы 215613 ц құрап 0,8 пайыз төмен.

Жұмыртқа 2014 жылы -29165,5 мың. дана, 2013 жылы -22191,3 дана, өсім 31,4 пайыз құрады.

Жүн өндіру 2014  жылы -911ц, 2013 жылы -760 ц құрап, өсім 19 пайыз құрады.

Ауыл шаруашылық малдардан төл алу.

2014 жылдың 8 айында бұзау-13478 бас  өсімі  2 пайыз, торай-13774 бас өсімі 2 пайыз, қозы-лақ-22991 бас өсімі 9,3 пайыз, құлыншақ- 605 бас, 363 басқа төмен немесе 38,3пайыз.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау.

2011 жылдан бастап Республикада Мемлекет Басшысының қолдауымен «Ірі қара мал етінің экспорттық потенциалды дамуы»  мемлекеттік жобасы жұмыс істей бастады.

Ауданда  етті бағыт бойынша «Шунайбеков», «Гурсаев», «Алина» және «Азамат» шаруа қожалықтары, сүтті бағыт бойынша «Каркула» және «Кубеев» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды малдары бар.

Қой шаруашылығы бойынша «Хайруллин» және «Ирменов» шаруа қожалықтары  асыл- тұқымды қой шаруашылығы   қосылады  деп күтілуде.

Мемлекеттік  басты бағдарламаларының бірі болып табылатын «Сыбаға» бағдарламасы ІҚМ  етінің  экспорттық әлеуетін  арттыру тауарлық -аналық басын жоғары сапалыасыл тұқымды бұқаларды ұрықтандыру жолымен және генетикалық потенциалды жақсарту сонымен бірге сапалы өнімді төл алу бойынша  дамытады.

2011 жылдан 2014 жылдың қазан айына дейін ауданда Қаз Агро ҰБХ арқылы 30 ауыл шаруашылық құрылымдары 309 млн. теңге 1584 бас тауарлық-аналық мал басын және 60 бас асыл тұқымды бұқаларын  сатып алды.

2012 жылдан бастап ауданның  ауыл шаруашылық тауар өндірушілері асылдандыру жұмыстары және мал шаруашылығы өнімдері үшін  мемлекеттік қолдау бағдарламасымен  526135 мың. теңге субсидия алды.Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық құрылымдарыселекция жүргізу және асылдандыру жұмыстары үшін 2014 жылы 34 шаруашылық 3871 бас аналық мал басына 69678 мың. теңгеге  субсидия  алды.

Сонымен бірге қой бастарын тұқымдық жаңарту бойынша 1400 бас көлемде 2100 мың. теңгеге құжаттар тапсырылды.

Ауданда «Grown-Батыс» ЖШС  бодақылау алаңы жұмыс жасайды. 2013 жылы 3570 бас ІҚМ баспақтары 478 тонна сойыс салмақпен  бордақыланып сатылды, соның ішінде 170 тоннасы Ресей Федерациясына экспортқа жөнелтілді.

2014 жылы 1850 бас сойылып,  410 тонна сойыс салмақпен сатылды. Оның ішінде 380 тоннасы Ресей Федерациясына экспортқа жөнелтілді.

Жыл басында ауданның бодақылау алаңдарынан 113 бас мал (Белес 20, Кушум 32 және Янайкин 61 бас) тапсырылды.

Ауданда 35  қолдан ұрықтандыру қосынында, 30 техник - ұрықтандырушылар 2014 жылы  10437  бас сиырды қолдан ұрықтандырды , бұл жылдық тапсырмасының 101 0% құрайды.