Ағымдағы жылы аудан бойынша жаздық дәнді-дақылдардың егіс көлемі 115,9 мың га құралды.

Есеп бойынша күздік дәнді-дақылдар 42,0 мың га егіліп, жалпы дәнді-дақылдардың егіс көлемі 157,9 мың га құралды.

Майлы дақылдардың егіс көлемі-10,9 мың га.

Картоп 1830 га отырғызылған болса, көкөніс дақылдары-1641 га және бақша дақылдары-590 га егілді.

Ауданда күздік дақылдарын ору науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күнде егістің 37620 га жиналып, 70480 тонна өнім алынып отыр. Оның орташа шығымдылығы 18,7 ц/га құрап, жалпы жоспардың 91,0 пайызы орындалуда, оның ішінде;

Күздік бидай - жиналған көлемі  32268 га болса, орташа шығымдылығы  19,6 ц/га құрап, 63338 бидай алынды.  Бұл жоспардың 89,6 пайызы орындалуда.

Күздік қара бидай бойынша бүгінгі күнде 5352 га жиналып, 7142 тонна өнім алынуда, орташа шығымдылығы 13,3 ц/га немесе 100 пайыз.

Егін ору науқанына 97 комбайн қатысу үстінде.

Аудандағы жоғарғы өнім алынып отырған шаруашылықтар:

«Достық» ШҚ -2128 егіс көлемінен 7682 тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -36,1 ц/га;

«Жангалиев» ШҚ -1500 егіс көлемінен 4500 тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -30,0 ц/га;

«Киргенев» ШҚ -3163 егіс көлемінен 8540 тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -27,0 ц/га;

«Матевосян» ШҚ -2200 егіс көлемінен 7700 тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы -35,0 ц/га;

Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары мал азығын дайындау барысына кірісіп кетті. Бүгінгі күнде 92800 тонна  жоспардың 54850 тонна шөп алынуда немесе 59,1 пайыз. Аудан бойынша шөптің орташа шығымдылығы 6,5 ц/га құралуда. Шөп шабу жұмыстарына ауданда 401 агрегат жұмылдырылуда.

Аудан бойынша «Сыбаға бағдарламасына біздің ауыл шаруашылық құрылымдар 2011-2014 жылдары белсене кірісіп, 30 шаруашылық 309,4 млн. несие-қаржы алып 1400 бас аналық және 42 бас  асыл тұқымды бұқалар алды. Соның ішінде  2014 жылдың 6 -ай қорытындысы бойынша 3 шаруа қожалық 29,4 млн. теңгеге алды. («Алина» ШҚ, «Айдос» ШҚ, «Жалын» ШҚ)

Көктемгі-далалық жұмыстарды тиімді өткізу және егін жинау науқанын уақытылы аяқтау үшін ауданда жыл сайын машина-трактор паркін жаңартып отырады.

2014 жылы «Казагрофинанс» АҚ арқылы 20 бірлік ауыл шаруашылық техникасын -293,0 млн. теңгеге лизинкке алынды Оның ішінде 12 трактор «Беларус» маркалы, 2 трактор «Джон-Дир» маркалы және 6 комбайн «Вектор» маркалы техникалар алынды.

Зеленов ауданында «Агробизнес-2020» республикалық салалық бағдарламаның шебер жоспарлары бойынша 17 жобалар жүзеге асырылу жоспарлануда:

Жеміс-көкөніс шаруашылығы саласы бойынша:

Макаров ауылдық округінде «Берік» ШҚ  20 га көлемде тамшылатып суару жүйесін орнатуды жоспарлануда. Қазіргі уақытта керек құжаттарын дайындау үстінде.

Кушум ауылдық округінде «Болашақ» ШҚ 10 га көлемде тамшылатып суару жүйесін орнатты.

Мичурин ауылдық округінде «Нива» ШҚ 4 га көлемде тамшылатып суару жүйесін орнатты.

Мал азығы өндірісінің дамуы бойынша:

Краснов ауылдық округінде «Асан Аул» ЖШС майлы және мал азықтық дақылдарды өсіру және жинау үшін  200 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

Дариян  ауылдық округінде «Оралэнергострой» ЖШС қуаттылығы жылына 15,6 мың тонна өндіретін құрама жем зауытының құрылысы жоспарлануда. Жоба дайын қазіргі уақытта құрылысқа  керек қаражат  іздестіру үстінде.

Мал шаруашылығының дамуы:

Переметный ауылдық округінде «Кубеев» ШҚ 60 бас сүтті бағытта асыл тұқымды қашарлар және 10 бас асыл тұқымды бұқаларын сатып алды.

Белес ауылдық округінде «Имагамбетов» ШҚ 50 басқа сүт өндіретін тауарлы фермасы құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта жабдықтарына құжаттар дайындау жүргізіліп жатыр.

Переметный ауылдық округінде «Берекетов» ШҚ 50 бас малға сүт өндіретін тауарлы фермасы құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта жабдықтарына құжаттар дайындау үстінде.

Етті мал шаруашылығы саласының дамуы:

Егіндібұлақ ауылдық округінде «Сүндетқалиев» ШҚ 100 басқа арналған мал бордақылау алаңы құрылысы жоспарлануда. Ағымдағы жылдың қазан айында мал сатып алу жоспарлануда.

Кушум ауылдық округінде «Доценко» ШҚ 60 бас қазақтың ақ бас тұқымды сиырын сатып алды.

Жылқы шаруашылығының дамуы:

Зеленов ауылдық округінде «Хайруллин Н» ШҚ 2 бас «Кушум» тұқымды айғырлар және 12 бас биелер сатып алды.

Қой шаруашылығының дамуы:

Зеленов ауылдық округінде «Хайруллин Н» ШҚ 400 бас асыл тұқымды аналық қой және 30 бас асыл тұқымды еділбай қойын сатып алды.

Құс шаруашылығының дамуы:

Кушум ауылдық округінде «Жайық Құс» ЖШС қуаттылығы жылына 6350 тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы маусым айы ортасында

басталады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталды. Құрылыс- монтаж жұмыстарына рұқсат құжаттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығын өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша:

Чеботарев ауылдық округінде «Мұқанбетқалиев Е.С.» ШҚ  тәулігіне 2 тонна сүт өңдеу шағын сүт зауытының құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі күні ғимараты тұрғызылып, жабдықтар сатып алуға қажетті  қаражат іздестірілуде.

Махамбет ауылдық округінде «Беккалиев» ЖК  жүнді қайта өңдеу цехы жоспарлануда. Жер телімі бөлініп, қаржыландыру үшін қаражат іздестірілуде.

Переметный ауылдық округінде «Кубеев» ШҚ тәулігіне 1,5 тонна сүт өңдеу шағын сүт зауытының құрылысы жоспарлануда. Жобаға  қазіргі кезде жабдықтар құжаттарын дайындау үстінде.