2014 жылдың 1 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген егіс көлемінің структурасына сәйкес, ағымдағы жылы жаздық дақылдардың егіс көлемі 123,0 мың. га, майлы дақылдар 32,6 мың. га, мал азықтық дақылдар 55,1 мың. га, картоп 1830 га, көкөніс 1640 га және бақша 590 га жоспарланып отыр.

Көктемгі -далалық жұмыстар жүргізу үшін 143 шаруа қожалықтары қатысу күтілуде және оладың  берген жұмыс жоспарларына сәйкес, мына мәліметтер құралып отыр:

-жаздық дақылдар бойынша 132,6 мың. га немесе 108 %, есеп бойынша нақты қолда бар тұқымдар көлемі 14,3 мың. тонна  және 3,7 мың. тонна көлемде тұқымды  өз қалауымен сатып алуға мүмкіндіктер бар. Осы бағытта керек тұқым көлемі мен қаражат іздестіру  бойынша жұмыстар жүргізілуде.

-майлы дақылдар бойынша 11,8 мың.га немесе 63,0% құрап отыр Бұл жерде жоспардың орындалмау себебі майлы дақылдар тұқымдарының жоқтығы және жоғары бағада болуы. Есеп бойынша бар тұқымдар 32 тонна көлемінде немесе 5200 га. Тұқымды  өз қалауымен 19,8 тонна немесе                    6,6 мың. га сатып алуға мүмкіндіктер бар. Қажет көлемде тұқымды іздеу бойынша жұмыстар жүргізілуде және облыста сонымен бірге шекаралас елдерден де іздеу жұмыстары жүргізілуде.

-мал азықтық дақылдар бойынша 38,2 мың. га немесе70,2% егіледі деп күтілуде.

-картоп бойынша 1830 га немесе 100 %.

-көкөніс дақылдары бойынша 1640 га немесе 100 %.

-бақша дақылдары бойынша 590 га немесе 100 %.

 

Жанар- жағар маймен қамтамасыз ету

Көктемгі далалық жұмыстарды жүргізуге ауыл шаруашылығы құрылымдарында бүгінгі күні ауданда 1254 тонна жанар-жағар май бар немесе жалпы қажеттіліктен 32,0 % . Бұдан басқа көктемгі -далалық жұмыстарды қолайлы өткізу үшін  ауданда 3931 тонна жанар -жағар май бөлінді.

 

Техникамен қамтамасыз етілу

Ауданда көктемгі далалық жұмыстарды жүргізуге 11933 бірлік ауыл шаруашылығы техникалар және жабдықтар бар. Оның ішінде 1139 тракторлар, 1500 сеялкалар, 341 культиватор, 9 тұқым улайтын техникалар, және 8944 тырмалар. Бүгінгі күні 979 бірлік тракторлар немесе 86,0 пайыз, 1335 бірлік немесе 89,0 пайыз, 296 бірлік культиваторлар немесе 87,0 пайыз, 7 тұқым улайтын техникалар немесе 88,9 пайыз және 8586 бірлік тырмалар немесе 96,0 пайыз техникалар дайындалды.

Сонымен қоса, көктемгі егу жұмысына 500 егу агрегаттары және 23 кешенді маркалар «Джон Дир» және «Кейс» техникалары жұмылдырылады.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер  қолайлы агротехникалық мерзімде бар техникаларын егін егу жұмыстарына мүмкіншіліктері бар.

 

Несиелендіру бойынша

Ауданда 2014 жылғы көктемгі далалық жұмыстарды жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері  несие алуға  «ҚАЗАгро»  ҰБХ  АҚ еншілес кәсіпорыны  арқылы, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Егінжай» бағдарламасы бойынша ауданда  бүгінгі күні 20 шаруашылық  90,0 млн. теңге көлемде арыз берілді.

 

Мал шаруашылығы бойынша

Биылғы жылдың 3- ай қортындысы бойынша өткен жылдың осы           кезеңімен     салыстырғанда ірі қара мал басы. сиыр 6%, қой-ешкі 8%, жылқы 3% өсті. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімі ет 18% , сүт 9 %, жұмыртқа 29 % құрады.

Аудандық «Grown- Батыс» ЖШС-і бордақылау аланында 2014 жылы 340 бас  мал сойылып 150 тонна ет өндіріліп, сатылып соның 48 тоннасы Ресей  Федерациясына экспортталды, қәзір бордақылау алаңы, бордақылауға мал    жинауды бастады.

Ауданда жыл басында өткен жиналыста ауылшаруашылық құрылым    басшыларымен «Сыбаға» бағдарламасына қатысу және несие алу жөнінде кеңінен  талқыланды.

Аудандағы асыл тұқымды мал өсіретің 2 шаруашылық 2014  жылы біздің  облысқа 150 бас асыл тұқымды бұқа, 320 асыл тұқымды қашарлар сатуды жоспарлауда.

Жаңадан асыл тұқымды шаруашылық құру жөнінде, аудандағы «Кубеев», «Доценко», «Алина» шаруа қожалықтары етті, сүтті бағытағы қашарлар алып қазіргі кезде құжаттарын жинақтауда.

 

Кәсіпкерлік бойынша

2014 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта бизнес саласында жаңадан 112 жаңа жұмыс орындары ашылды. Зеленов ауданы бойынша, жаңадан ашылған нысандар мыналар:

-Переметный ауылдық округінде тойхана (кафе) , азық-түлік дүкені ашылды.

- Щапов ауылдық округінде «Жайна» шаруа қожалығында 1100 шаршы метр көлемінде жылыжай кешені ашылды.