жоба

 

Батыс Қазақстан облысы Зеленов

ауданының ауыл шаруашылығы саласында

көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын басшылыққа  ала  отырып, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттері бекітілсін:

 

1)  «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»;

 

2)  «Ветеринариялық анықтама беру»;

 

3)  «Жануарға ветеринариялық паспорт беру».

 

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Аманғалиевке жүктелсін.

 

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

  Аудан әкімі                                                 М.Унгарбеков