Құрметті Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Бәйтерек ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Бәйтерек ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Бәйтерек ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Бәйтерек ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы

 

Жаңалықтар


 

Аудандық әкімшілікте ветеринария мамандарының қатысуымен жиын өтті.

16.01.2019

рисунок

Жиынға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағау комитетінің БҚО аумақтық инспекция басшысының орынбасары Шолпан Қайырмұқанова, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағау комитетінің БҚО аумақтық инспекцияның Тамақ өнімдері қауіпсіздігі және орны ауыстырылатын объектілер бөлімінің басшысы Ғалымжан Шакенов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гаухар Дәулетқалиева, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Биологиялық кауіпсіздік бөлімінің басшысы Аязбек Хабиев қатысып, арнайы баяндама жасады.

Толығырақ...


Газ бағасы арзандады

16.01.2019

16 01 18 news 2

Тауарлы газ бағасын төмендету туралы 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 220 бұйрық негізінде 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап тұтынылған тауарлы газдың әр текше метрі үшін жеке тұлғалар бұрынғыдан 3% аз, яғни (ҚҚС қоса алғанда) 17,24 теңгеден төлейді.

Толығырақ...


Аудан әкімі А.Шахаров қолайсыз ауа-райынан қалыптасқан жағдайға орай кеңейтілген кеңес отырысын шақырды

15.01.2019

рисунок

Жауапты құрылымдардың халыққа мүлтіксіз қызмет көрсетуін әрі тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды сөз еткен басқосуда бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Ауыларалық жол сапасын ұдайы бақылауда ұстап, қыстақтармен үнемі байланыста болу, электр энергиясы мен ауыз су, газдың үзіліссіз берілуі, әлеуметтік маңызды нысандардың қалыпты жұмыстануын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. Халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жайы да назардан тыс қалған жоқ.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...