рисунок

Ашық немесе жартылай жабық техникалық құдықтарды (кәріз, су құбыры, кабель және т.б.) айналып өтіңіз.

Ашық құдықты көргенде, қақпақты орнына қоюға ерінбеңіз, бірақ қақпақтағы шығыңқы люктің жиегіндегі паздармен сәйкес келуі тиіс.

Люктің қақпағын баспаңыз, ондай жағдай болып жатса шетін емес, тек ортасын ғана басыңыз.

Құдықтар мен септиктерге түсіп кеткен адамдар үшін қазаға ұшырайтындай қауіпті газдар болуы мүмкін.

Егер құдықтан бу келе бастаса, бұрғылау естілсе, тез арада қауіпсіз қашықтыққа шығыңыз – бұл жылу трассасының немесе басқа магистральдың жедел жарылу сигналы болуы мүмкін.

Жылу желілеріне немесе авариялық қызметтерге шұғыл түрде хабарлаңыз (тел. 28-32-36, 51-04-29   және 23-95-07)!

Мүмкіндігінше, қауіпті жерді қоршап, жөндеу бригадасын күтіңіз.

 

Ашық құдыққа, шұңқырға құлау

29 04 19 news 18

Құлау кезінде, егер құласаңыз, өзіңіздің зақымдануыңызды бағалауыңыз қажет. Ауыр жарақат алған кезде сізге қазаға ұшырайтындай қауіп төніп тұрса, мысалы ағын суы бар құдыққа, қауіпті булануы және т.б. бар кәрізге құлау кезінде сырттан көмек күтуге тырысқан жөн.

Егер сіз өздігіңізден шыға алатын болсаңыз – айналаңызға қарап, осындай құдықтарда болуы тиіс баспалдақты табыңыз. Мұндай болмаған жағдайда құдықтың/шұңқырдың шетіне дейін жетуге болатын шығыңқы жерлерді, кедір-бұдырларды, шөптің, ағаштардың тамырларын пайдалануға тырысыңыз.

Егер сіз суда болсаңыз – жүзу күйінде болу үшін қармануға болатын затты іздеп табыңыз да бар дауысыңызбен көмекке шақырыңыз.

 

 

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

 

 «Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-қимылы

 

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 24 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар «Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша іс-қимылдарының тәртібін білуге және орындауға» тиісті.  «Баршаныздың назарына!» атты дабыл – сиреналар және өзге де дабыл құралдары арқылы берілетін Азаматтық қорғанысының бірыңғай белгісі. Осы дабыл бойынша халық теледидар, радио және өзге де ақпарат қабылдау құралдарын қосып, берілген ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен тәртіп ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті…»

Бәйтерек ауданын аумағы белгілі бір тұрақтылықпен су тасқыны болып тұратын өңірге жатады. Ол көбіне көктем мезгілінде өзендердің арнасынан шығуы, қардың еруі, қатты нөсірлердің жаууы сияқты табиғи факторларға байланысты.

Көктемгі су көтерілу негізінен, болжалатын құбылыс болғандықтан, алдын ала қажетті шаралар алып, ұлкен зиянға ұшырмауға мүмкіндік береді. Судың нөсір жаңбырдан немесе қар еруінен күрт көтерілуін анықтау қиын. Теңіздің немесе су қоймаларының ықпалымен өзендердің арнасынан шығып кетуін болжау одан да қиынырақ. Ал бөгеттер мен плотиналарды шайып кететің тасқын судың әрекетін білу мүлде мүмкін емес.

Су тасқыны шекараларында қалатын үй иелері мынандай кеңес береміз. Су жақындаған жағдайда газ, су, электр жүйелерін ажыратыңыз; пештегі отты сөндіріңіз; жоғарғы қабаттар мен шатырларға құнды заттар мен киімдерді шығарыңыз; есік-терезені бекітіңіз; қажет болса төменгі қабаттардағы есік-терезелерге жұқа тақтайша қағып тастаңыз.

Егер көшіру туралы ескерту алынса, алдымен жылы әрі қолайлы киімдерді, етікті, ақша мен құнды заттарды әкетуге әзірленген жөн. Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету қобдишасын және дәрі-дәрмекті ұмытпаңыз. Төлқұжат пен басқа да құжаттарды су өтпейтін пакеттке ораған дұрыс. өзіңізбен бірге әжеттік заттарды, төсек құралдарын аласыз.

Төтенше жағдайлар департаменттің арнайы хабарламасында қауіпті аймақтардан қайта және қалай (берілетін көлікпен немесе жаяу) көшу керектігі мәлімдеуі тиіс. Көшіп келген жерде адамдар тіркеуге алынып, ұақытша қоныстандырылады. Бірнеше кезекте балалар, балалар мекемелері мен ауруханалар қауіпті аймақтан шығарылады.

Көктемгі көтерілген су шағын өзеннің өзінде де бір апта бойы тұрады. Орташа өзендерде бұл мерзім екі аптадан бір айға дейін созылады. Ал нөсір жаңбырдан пайда болған тасқын әдетте екі-үш сағаттан артық жатпайды, бірақ одан да ұзаққа созылуы ғажап еместігін естен шығармайық.

Төтенше жағдайлар бөлімі

Бәйтерек ауданын

 

04 01 18 news 1

  • метеорологиялық хабарламаны тыңдап, немесе қоршаған ортаны байқап қарау кезінде, ауа райының өзгерістерін бақылауға тырысыңыз;
  • таныс емес жолмен жүрмеңіз;
  • шама келгенше жалғыз жолға шықпаңыз;
  • ауа райы салқын, күшті жел соғып тұрса, өз жағдайыңызды үнемі бақылап тұрыңыз, үсік шалуға жол бермеңіз, шаршап қалсаңыз бірден қайта оралыңыз;
  • салқындаған қол-аяқтарыңызды жиі-жиі қозғалыс арқылы жылытыңыз;
  • киім-кешегіңіздің қозғалыс жасауға кедергі болмауы, аяқ-киім тығыз болмау қажет;
  • жолға шығарда аяққа шұлықтың сыртынан құрғақ газетті орап киіп алғанның өзі де аяқтың тоңбауына себебін тигізді.

Зеленов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

 

рисунок

Жаңа жыл таянып қалды, ал сұлу шыршамыз шын мәніндегі  бүкілхалықтық мерекеде өзінің құрметті орнына орнатылады. Жаңа жыл өрт сияқты қайғылы оқиғамен жабырқамау үшін Зеленов ауданың төтенше жағдайлар бөлемының қызметкерлері хабарлайды.

1) кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

2) шыршалар мықты негізге орналастырылады және үй-жайдан шығу жолдарын үймелемеуі қажет;

3) шыршалардың бұтақтары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр алшақта орналастырылуы қажет;

4) үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда, шырша жанындағы iс-шаралар күндiзгi уақытта ғана өткiзiледi;

5) иллюминация Қ Р Ү. Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторынсыз электрмен жарықтандыру желiсiн пайдаланғанда шыршада кернеуi 12 Вольтқа дейiн кезектесiп жанатын шамдары бар гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты – 25 Ватт;