10.03.2015

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Трекин ауылдық округіне  «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасы аясында Январцев, Чиров, Рубежин ауылдық округтері концерттік бағдарламасымен қонаққа келді. Бағдарлама шеңберінде «Еліміздің негізгі байлығы - ынтымақ пен бірлік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламада аталған үш округтің көркемөнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.

Концерт соңында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының эстафетасы ауыл әкіміне табысталып, өз кезектерінде көркемөнерпаздар ұжымдарын аудан әкімінің орынбасары А.Досжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Жүнісова және Трекин ауылдық округінің әкімі С.Сатқанов құттықтап, игі тілектерін жолдады.

 

рисунок

рисунок

рисунок