рисунок

Бүгін біз ЭЦҚ көмегімен өтініш бере отырып, жақын арада некесін тіркеген жұптар арасында «Онлайн неке» атты байқауымызды бастаймыз.
Байқауға қатысу шарттары өте оңай. Ол үшін:
Өздеріңіздің танысу хикаяларыңызды, некені тіркеуге онлайн-өтініш бергеніңіз және ХҚО-ға бармай-ақ мемлекеттік қызметті алғаныңыз жайлы пост жазып, әсерлеріңізбен бөліссеңіздер болғаны.
Бізді постта белгілеп, байқаудың нәтижесі шыққанға дейін аккаунтты ашық қалдырыңыз.

Байқауды 14 ақпанда қорытындылап, 3 жеңімпаз таңдалады. Басты жүлдегер ең көп лайк саны бойынша анықталады. Тағы екі жеңімпазды дауыс беру әдісімен таңдаймыз.
Жүлделер әрі пайдалы, әрі жағымды болатынына сеніңіздер.