рисунок

Бүгін қысқанұсқа айдарында біз сіздерге ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп тұрғын үй кезегін онлайн білу жолымен бөліспекпіз.

Сіз тұрғын үй кезегінің нөмірін www.egov.kz электрондық үкімет порталынан тексере аласыз.
Ол үшін сізге:
ЭЦҚ арқылы порталға кіру қажет
«Жылжымайтын мүлік» бөлімі арқылы «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өтіп, «Мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы баспана алу кезегін қарау» қызметін таңдау жеткілікті.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті органнан берілетін жалдамалы тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.