рисунок

Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып не бүлдіріп алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.

Әдеттегідей, сізге egov.kz көмектеседі.
 Ең алдымен порталда авторланып, «Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметін таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бірретік парольмен қол қойыңыз.
Қызмет ақысы
Мемлекеттік қызмет құнын төлеу үшін картаңызды пайдаланасыз, Қызмет құны – 1 АЕК.

Өтінішіңіздің қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетіңізде көрінеді.
 Дайын құжатты алып кету үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгінесіз. Өзіңізбен бірге жеке кабинетіңізге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Онлайн қызметті баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жазылған азаматтар ала алады. #oqytoqy