рисунок

2019 жылғы 22 қазанда Сұлукөл ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер тұлғалар аудандық мәслихат депутаттары алдында өз бағдарламаларын қорғады. Ресеймен шектесетін шағын округ аумағында республикаға белгілі "Жайық мұнай" ЖШС орналасқан. Сондай-ақ округте егін шаруашылығы табысты өркендеуде. Үміткер тұлғаларға мәслихат депутаттары ауылды одан әрі дамыту бағытындағы жоспарлары туралы сұрақтарын жолдап, ой бөлісті.

Мемлекеттік қызметте іс-тәжірибесі мол, елде іске асырылып жатқан бағдарламалар жайын терең меңгерген бастамашыл тұлғалардың қайсысы әкімдік лауазымға ие боларын қарашаның алғашқы күні өтетін сайлау анықтайтын болады.

рисунок

рисунок

рисунок