Зеленов ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А. Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

 

Сессия төрағасы                                          Б.Ислямова

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                   Р.Исмагулов

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?

Атаулы әлеуметтік  көмек  –  жан  басына  шаққандағы орташа  айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай  нысанда  беретін  төлем.

Отбасының  немесе  жеке  адамның  әлеуметтік  жағдайына  байланысты,

көмек  екі  түрге  бөлінеді:  шартсыз  және  шартты.

*Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына  қатысу  мүмкіндігі шектеулі  аз  қамтылған  адамдарға  (отбасыларға)

ай  сайынғы  ақшалай  төлемдер  түрінде  көрсетілетін  атаулы  әлеуметтік

көмек  түрі.

*Шартты  ақшалай  көмек  –  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы  немесе біржолғы ақшалай  төлем  түрінде  аз  қамтылған  адамдарға  (отбасыларға)  көрсетілетін атаулы  әлеуметтік  көмек  түрі.

 

Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім үміткер бола алады?

Жан басына  шаққандағы орташа  табысы  кедейлік  шегінен  аспайтын Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  оралмандар,  босқындар, Қазақстан Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдіктер және  азаматтығы  жоқ  адамдар.

Шартсыз ақшалай  көмек:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен белгіленген  зейнеткерлік  жасқа  жетуіне;  1  немесе  2-топтағы  мүгедектігіне;  екі айдан  астам  уақытша  еңбекке  жарамсыздығы  белгілене  алатын  ауруының  бар  болуына  орай  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және  (немесе)  жалғыз тұратын аз қамтылған  адамдарға;

2)  отбасындағы  еңбекке  қабілетті  мүшелерінің  барлығы  бірінші  немесе  екінші топтағы  мүгедектер  болып  табылатын және(немесе)  екі айдан астам уақытша  еңбекке  жарамсыздығы  белгілене  алатын  ауруы  бар  және (немесе)  жеті  жасқа  дейінгі  балаға,  мүгедек-балаға,  бірінші  немесе екінші топтағы мүгедекке, күтімге және көмекке мұқтаж қария адамға күтімді жүзеге  асыратын  аз  қамтылған  отбасыларға  көрсетіл еді.

Шартты  ақшалай  көмек   осы  баптың  4-тармағында  көрсетілген адамдар (отбасылардан)  басқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімде у шараларына қатысу шартымен жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын  аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, бұдан басқа, құрамында еңбекке  қабілетті  мүшесі  (мүшелері)  бар  аз  қамтылған  отбасыларға  көрсетіледі.

 

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек қандай кезеңге тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу кезеңі төлем түріне байланысты  –  шартсыз  немесе  шартты.

Шартсыз  ақшалай  көмек  ағымдағы  тоқсанға  (3  ай)  тағайындалады

және  ай  сайын  төленеді.

Шартты  ақшалай  көмек  әлеуметтік  келісімшарттың  әрекет  ету

мерзіміне  тағайындалады  (6  ай).

Шартты  ақшалай  көмек  ай  сайын  немесе  өтініш  берушінің  арызы

бойынша  біржолата  үш  ай  үшін  төленеді.

Отбасы мүшел ерінің  әлеуметтік  бейімдеуін  жалғастыру  және  (немесе) еңбекке  қабілетті  отбасы  мүшелерімен  кәсіби  оқуды  және  (немесе) жастар  тәжірибесін ,  әлеуметтік  жұмыс  орындарында  жұмыспен  қамтуды аяқтамауына  байланысты  қажет  болған  жағдайда  шартты ақшалай көмек  тағайындау  кезінде  оны  қосымша  алты  айға  дейін ұзартуға мүмкіндік  бар.

 

Әлеуметтік келісімшарт және отбасыға көмектің жеке жоспары дегеніміз не?

Әлеуметтік  келісімшарт екі  тараптың  –  әлеуметтік  көмек  алушы  мен әлеуметтік қорғау қызметінің міндеттемелері  бар, қаржылай көмек алу

үшін  арналған .

Яғни, мемлекет  өз  тарапынан  отбасының  қиын  өмірлік  жағдайынан

шығу үшін кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша қаржылық көмекпен  күшейтілген  шаралар  қолданатын  болады  (жаңа  нысандағы  АӘК),  ол үшін  алушыдан  жауап  әрекеті  талап  етіледі  (жұмыс  іздеу,  әлеуметтік-кәсіби  бейімдеу).

Келісімшарт  бойынша  аз  қамтылған  азаматтар  өзіне  жұмысқа  орналасу  бойынша  міндеттемелер  қабылдайды  (көбінесе  Нәтижелі  жұмыспен қамтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту  бағдарламасының  аясында), мемлекет  жергілікті  деңгейдегі  атқарушы  орган  ретінде  (Жұмыспен қамту  орталығы  және  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімдері)  оларға  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу шараларын ,  ал  қажетті жағдайларда  –  әлеуметтік  бейімдеу  шараларын  көрсетуге  міндеттенеді.

Отбасыға  көмектің  жеке  жоспары  –  Жұмыспен  қамту  орталығы

атаулы  әлеуметтік  көмекті  алу  үшін  жүгінген  адаммен  және  (немесе)

оның отбасы мүшелерімен бірлесе отырып әзірлеген , жұмыспен қамтуға

жәрдемдесу  және  (немесе)  әлеуметтік  бейімдеу  бойынша  іс-шаралар

жоспары.

Отбасыға  көмектің  жеке  жоспарына  отбасының  қиын  өмірлік  жағдайдан  шығуы  үшін  нақты  іс-шаралар  кешені  кіреді.

Отбасыға көмектің жеке жоспары әлеуметтік келісімшарттың ажырамас  бөлігі  болып  табылады.

 

Әлеуметтік  келісімшарт  жасасу

Әлеуметтік  келісімшарт  жасасу  шартты  ақшалай  көмек  тағайындау

үшін  міндетті  шарт  болып  табылады.

Әлеуметтік  келісімшарт  учаскелік  комиссияның  қорытындысын,

сонымен қоса,  қажет  болған  жағдайда халықты  жұмыспен қамту мәселелері  бойынша  аудандық  (қалалық)  немесе  өңірлік  комиссиялардың

рекомендациясын  алғаннан  кейін  үш  жұмыс  күн  ішінде  жасалады.

Шартты ақшалай көмек алушыларымен әлеуметтік келісімшарт алты

айға  жасалады. Отбасы мүшелерінің  әлеуметтік бейімдеуін жалғастыру

және (немесе) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерімен кәсіби оқуды және

(немесе)  жастар тәжірибесін ,  әлеуметтік  жұмыс орындарында  жұмыспен

қамтуды  аяқтамауына  байланысты  қажет  болған  жағдайда  қосымша

алты  айға  дейін  ұзартылады.

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді  шараларына кім тартылмайды?

Шартты  ақшалай  көмек  төлеу  үшін  жұмыспен  қамтудың  белсенді

шараларына  қатысу  келесі  санаттарға  міндетті  емес:

1)  бірінші  және  екінші  топ  мүгедектеріне;

2) күндізгі бөлімде оқитын қатыс ушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға,

курсанттарға және магистранттарға;

3) екі айдан астам жұмысқа жарамсыздығы белгіленуі мүмкін болатын

ауруға шалдыққан адамдарға;

4) басқа адамның қарауын және көмегін қажет ететін жеті жасқа дейінгі балаларға, мүгедек-балар, бірінші және екінші топ мүгедектерін е, сексен жастан асқан қарттарға қараушы адамдарға;

5)  тұрақты  жұмысы  бар  адамдарға.

 

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған отбасыларды қолдаудың қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламалардан айырмашылығы

Жаңа нысандағы АӘК пайда болуына дейін әлеуметтік көмектің кезкелген түрін е жүгіну процесі үш қадамнан тұратын қайталанатын циклмен  шектелетін :  арызды  беру  –  заңдылылықты  анықтау  –  ақшалай

көмекті  тағайындау  және  төлеу.  Жәрдемақы  тағайындалғаннан  кейін

өтініш  беруші  үш  айға  жоғалатын  –  келесі  арызды  беруге  дейін ,  ал

көмекті  тағайындаған  маман  ол  туралы  «ұмытатын».  Әрине,  өтініш

берушіге  жұмысқа  орналасу  ұсынылатын ,  бірақ  отбасының  басқа

мүшелері  бұл  процесске  қатыспайтын .

Жаңа  нысандағы  АӘК  қолданыстағы  бағдарламалардан  негізгі

Айырмашылығы – бұл  отбасының  жекеленген  қажеттіліктеріне  бағытталған  тәсілдің  кешенділігі.

Әлеуметтік  қорғаудың  тәжірибесінде  алғаш рет  жұмыс  өтініш берушімен ғана емес,  отбасының еңбекке қабілетті  мүшелерінің барлығымен жүргізіледі. Оған қоса, бірінші рет жүгіну мезетінен бастап отбасымен  бір  адам  жұмыс  істейді.  Бұл  әлеуметтік  қорғау  органымен  көмек алушы  арасында  өзара  әрекеттесудің  жаңа  тәжірибесін  жаратады.

Зеленов аудандық мәслихатының

2017 жылғы 25 тамыздағы №23   

өкімімен бекітілген

«Зеленов аудандық мәслихат аппараты» ММ

(ұйымның атауы)

 

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стандарт

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарт «Зеленов аудандық мәслихат аппараты» ММ-і қызметінде және аппарат  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Жергілікті өкілді орган

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Зеленов аудандық мәслихат аппараты»ММ-і

  1. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау;

Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу;

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;

Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында саяси партиялар мен қоғамдық және діни қауымдастықтардың қызметтерінен тәуелсіздік және бейтараптық таныта білу;

Нормативтік құқықтық актілерде сәйкес келмеу және әртүрлі түсініктемелер анықталған жағдайда,  нормативтік құқықтық актіні дайындаған құзіретті органға дереу хабарлау;

Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;

3.2. өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

Мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін, кез келген шаралар қабылдау.

Бақылау және өзге де шараларды жүргізу барысында шешім шығаруды талап еткен жағдайда, сұрақтарды объективті, заңға сәйкес шешім қабылдау.

 

Мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

Өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

Қызметтік міндеттерді атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану; қызметтік міндеттерін дұрыс  және сапалы атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезінде:

Нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс беру кезінде ҚР 2016 жылғы 06-ы сәуіріндегі №480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» заңына қатаң сүйіну;

Нормативтік құқықтық актілердің өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;

Белгісіз орта тұлғаларға   және нақты жеке тұлғаларға назарына айналуы қажет.

 

3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:

Мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысынабөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төпеп беру.

Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

Іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

Басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

Ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

Басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

Егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

 

Мемлекеттік функцияларын атқаруға үйлеспейтін қызметтер және кәсіпкерлік қызмет атқаруға; жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алуға (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);

Лауазымдық құзыреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолдануға.

 

 

 

«Зеленов ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің жемқорлыққа

қарсы стандартын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысзы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы облыстық мониторингттік тобы отырысының 2017 жылғы 22 маусымдағы хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Зеленов ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты  бекітілсін.
  2. Осы стандарттың сақталуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

М.Залмуканов

 

Зеленов ауданы әкімі аппарат басшысының

2017 жылғы ___________№_____

бұйрығымен бекітілген

 

«Зеленов ауданы әкімі аппараты»ММ

(ұйымның атауы)

 

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стандарт

 

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарт «Зеленов ауданы әкімі аппараты» ММ-і қызметінде және аппарат  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Жергілікті атқарушы орган
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Зеленов ауданы әкімі аппараты»ММ-і
  3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:

 

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу;

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау;

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;

Нормативтік құқықтық актілерде сәйкес келмеу және әртүрлі түсініспеушілік анықталған жағдайда,  нормативтік құқықтық актіні дайындаған құзіретті органға дереу хабарлау;

Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;

Мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

Өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

Қызметтік міндеттерді атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді орындау; қызметтік міндеттерін дұрыс  және сапалы атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

Қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан лауазымды тұлғаларға қандай да бір жеке сипаттағы қызмет көрсетуді талап ету немесе өтініш айтуға жол бермеу;

 

3.2. Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезіндегі ұсынымдар:

Мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін, қажетті шаралар қабылдау;

Бақылау және өзге де шараларды жүргізу барысында шешім шығаруды талап еткен жағдайда, сұрақтарды объективті, заңға сәйкес шешім қабылдау;

Жақын туысқандарына (ата-анасы, жұбайлары, аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары) бағынышта немесе бақылауында болатын лауазымдарға тағайындалудан бас тарту;

Орындауға қабылдаған өкімдердің заңдылығы күмән туғызатын жағдайда тікелей басшыға кідіртпей баяндау;

Жоғары заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын қолдау және қызметтестерден талап ету.

 

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезінде:

Нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс беру кезінде ҚР 2016 жылғы 06-ы сәуіріндегі №480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» заңына қатаң сүйіну;

Нормативтік құқықтық актілердің өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;

Әзірленген нормативтік-құқықтық актілерді құзырлы мемлекеттік органдарға келісімге жолдау алдын қоғамдық талқылау жүргізу үшін ашық нормативтік - құқықтық актілер интернет-порталында орналастыру;

Нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын туғызатын, құқық бұзушылық үшін баламалы санкциялары бар нормаларды қолданбау;

 

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:

Мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру.

Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

Басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

Ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

Басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну;

Іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

 

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

Егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

Лауазымдық міндеттерді атқару барысында жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау; (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);

Кәсіпкерлікпен айналысуға, өзге де мемлекеттік функцияларды атқарумен сиымсыз қызметпен айналысуға;

Қылмыстық істер бойынша сотқа шағымданудың тиімділігі

Азаматтар құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.

Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.

Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.

Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді.

Жоғарыдағылардың негізінде, қылмыстық істер бойынша сотқа шағымданудың тиімділігі шағымды қысқа мерзім, яғни 3 тәулік ішінде және толық, жан-жақты тергеу судьясымен қарау болып табылады.

Осыған байланысты прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімімен келіспеген жағдайда сотқа шағымданған жөн.

 

Бәйтерек ауданының прокуратурасы

Жарық шағылдырғыш «Флипперы»

Жол-көлік оқиғаларының ең көп кездесетін түрлерінің бірі - жануарларды көлікпен қағып кету болып келеді. Негізінен, бұл түнде және нашар көрінетін жағдайларда болады. Соңғы 3 жылда осындай 15 оқиғалар тіркелді, соның салдарынан    2 адам қайтыс болды, 17 адам жарақат алды. Бұл ретте адамдар жарақат алмай, тек материалдық шығынға ұшыраған жол-көлік апаттары ескерілмейді.

Үй жануарларымен орын алған жолдардағы жол-көлік апаттарының алдын алу және болдырмау үшін үй жануарларына орнатылатын «флипперлерді» түнде және нашар көрінетін жағдайларда жақсы көрсету үшін пайдалану қажет. Бұл жүргізушілердің назарын аударудың жақсы шешімі және жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін едәуір азайтады, сондай-ақ көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Жарық шағылдырғыш «Флипперлер» суреттерде көрсетілгендей, жануарлардың мойнына, және құйрығына бекітілуі тиіс. Сонымен қатар, «флипперлерді»  дайындау үшін шағын шығын мен уақытты қажет етеді.

Егер Сізде сұрақтар туынаған жағдайда, Бәйтерек ауданының полиция бөліміне 8/71130/-22-0-02, 22-2-61, 102 немесе Сіз тұрып жатқан ауылдық округ учаскелік полиция инспекторларына хабарласа аласыз!

      

  ҚҰРМЕТПЕН, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ!

Бәйтерек АУДАНЫНЫҢ ІІБ


ҰРЫЛАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

 

Бәйтерек ауданының прокуратурасы және Бәйтерек АІІб  тұрғындарды ұрлық қылмыс тарының, соның ішінде мал ұрлықтарының жиі жасалатынын ескертеді.

 

Бәйтерек ауданының прокуратурасы:

8/71130/22-7-04

Бәйтерек аудандық ішкі істер бөлімі:

8/71130/22-0-02

 

 

ҰРЫЛАРДАН САҚТАНУ ӘДІСТЕРІ

- Қоғамдық орында болған кезде құнды заттарды (ақша, ұялы телефон және т.б.)бөгде адамдардың алуға мүмкіншілігі жоқ жерге салу қажет;

- Тұрғын үйдің немесе басқа да ғимараттардың есігін мұқият ішкі құлыппен құлыптау (аспалы құлыпты ашу жеңіл);

- Тұрғын үйде ірі мөлшерде ақшаны сақтамау;

- Адам көп жиналатын объектілерді (дүкендер, әкімшілік ғимараттар, ойын-сауық орындары) бейнебақылау камералармен жабдықтау және тиісті ескертпелер орнату;

 

МАЛ ҰРЛЫҚТАРЫН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ:

- Ауыл шаруашылық жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы) бағымсыз дала жайылымына жібермеу қажет, себебі малдардың 90% далада бағымсыз жүрген жерінен ұрланады;

- Күн сайын кешкі мезгілде дала жайылымынан малдарды түгендеп, үйге айдап келіп, аулаға қамау қажет. Ұрылар негізінен түнгі мезгілде далада бағымсыз жүрген малдарды ұрлауды көздейді;

- Тұрғын үйлердің ауласының артқы есіктерін және мал тұратын шаруашылық құрылыстардың есіктерін мұқият құлыптау қажет;

- Ауыл шаруашылық жануарларын уақытылы және толық бірдейлендіру қажет;

- Шаруа қожалықтарға жұмысқа қабылданған мал бақташылармен еңбек келісім шартын және материалдық жауапкершілік шартын жасасу қажет;

- Шаруа қожалықтарға жылқы және ірі қара малдарына GPS-трекер орнату қажет.

 

Ескертпе:  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес ұрлық үшін кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 бабына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларын дала жайылымына бағымсыз жібергені үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.