Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады. 
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз - Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық-рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. 
1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі. 
1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі. 
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер "Хан тоғайы" деп аталады. 1815 жылдың 21 мамырында Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына уақытша сұлтан Шығай Нұралы хан ұлы отырады. 
1823 жылы Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 жылы 22 маусымда "Хан тоғайында" ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. 
Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік - шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 - 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал - майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.

Жәңгір 1924 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын. 
1926 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне тәнті болады. 
1927 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1929 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды. 
Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 жылы Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би - сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады. 
1828 жылы өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік - династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару - жарағын жинастырып, қару - жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын. 
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 жылы С.Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 жылдан бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 жылы Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А.Сергачев келеді. Кейін 1839 жылы тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф.Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 жылы Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр. 
1832 жылы хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда - саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Саратов, Мәскеу, Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 жылы көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 жылғы тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған. 
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 жылы өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны "Хан мешіті" деп атаған. 
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады. 
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға - И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы халық көтерілісі. Бүл - патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды. 
1840 жылы Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П.Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе - зерттеу жұмыстары қолға алынады. 
Ел болашағының білімде екенін түсінген Жәңгір 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласындағы ең түңғыш қазақша - орысша білім беретін мектеп ашады. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым - этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым - зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты. 
Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді "Қазан университетінің құрметті мүшесі" етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оның үйіндегі жеке кітапханасында "Северная пчела", "Отечественные записки", "Современник" басылымдары, Шинкелдің "Архитектура XIX ст.", Гогольдің "Мертвые души" кітаптары болған. 
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым - зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С.Карелин, В.И.Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік - зерттеулерінде жазып көрсетеді.Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100 - ден астам орыс және шетел зерттеушілері болған. 1842 жылы Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс географиялық қоғамының мүшесі Я.В.Ханыков Бөкей ордасының территориялық картасын жасайды. Сол кездегі хандықтың құрамына қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Казталовка, Жаңғала, Орда аудандары, Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы аудандары, көршілес Ресейдің Волгоград облысы Палласовка ауданының, Астрахан облысы Құмөзек, Володар, Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген. 
1841 жылы Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта - телеграф байланысы орнатылады. 
1845 жылы 11 тамызда Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады. 
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік - Уақытша Кеңес құрылады. Уақытша Кеңес 1845 - 1917 жылдар аралығында билік жүргізеді. 
1860 жылы Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс - Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім - правительдер басқарады. 

1862 жылы Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О.Бальзактың, У.Шекспирдің, Г.Гюгоның, Т.Шевченконың кітаптары, сондай - ақ Ресейдің басылымдары болған. 
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын "Казначейство" мекемесі 1867 жылы ашылып, банк қызметін атқарады. 
1869 жылы 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады. 1870 жылы Ресейден ауа - райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды. 
1832 жылы Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 жылдан бастап қолға алынады. 1908 жылы Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде - Нарын қарағайы дүниеге келеді. 
1908 жылы қазақ даласындағы ең түңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М.Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А.Деминский, А.Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н.Доброхотова жұмыс жасады. 
1911 жылы қазақ баспасының қарлығаштарының бірі - "Қазақстан" газеті белгілі ақын Г.Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады. 
Қазақстандағы ең тұңғыш Ұлы Қазан революциясы орнаған жер - Орда болатын. 1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады. 1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда "Дұрыстық жолы", "Киргизская правда", т.б. газет - журналдар басылып шығады. 1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады. Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. "Жігер" жастар ұйымы кұрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт - аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И.Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылады. 
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдары Орда ауданы Қазақстандағы соғыс жағдайына келтірілген бірден - бір аудан болды. Ордалық 2000-нан астам азамат туған Отанын қорғауға аттанды. 
Соғыстан кейінгі кезеңде ел шаруашылығын көтеріп, нығайтуда аянбай еңбек еткен 25 ордалыққа Кеңес Одағының ең жоғарғы наградасы - Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 
Орда тарихының қасіретті беті - Капустин Яр полигоны. 1948 жылы полигонға берілген аудан аймағында жер асты, жер үсті сынақтары жүргізіледі. 1952 жылы ауданның 19 колхозы күшпен өзге аудандарға көшіріледі. 1990 жылдың мамырында Т.Махимовтың жетекшілігімен "Нарын" қоғамдық қозғалысы құрылады. 
Орда - талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша, домбырашылар Ж.Теміралиев, Е.Қазиев, Халық артисі, актриса Х.Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш.Қажығалиев, халық композиторлары Б.Жұманиязов, М.Сағатов, медицина саласының озық қызметкерлері А.Герасимов, Х.Бөкейханов, білім беру ісінің үздіктері Ғ.Зарипов, М.Кульбацкая, Орда музейін ұйымдастырушы А.Тажетдинов, ауыл шаруашылығының озаттары К.Меңдәлиев, Р.Егізбаев, ақындар Т.Жароков, С.Даумов, Қ.Жұмағалиев, т.б. шықты. 
XX ғасырдың бас кезінде Бөкей ордасы көптеген өзгерістерді басынан өткерді. 1925 жылы Бөкей губерниясы таратылып, Орал губерниясының құрамына енгізілді. 1928 жылы Бөкей уезінің аты Орал облысының Орда ауданы болып өзгертілді. Осы уақыттан бастап Бөкей ордасы атауы жойылды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, ел еңсесі көтеріліп, етек - жеңі жиналып, тарихымызға көз жіберіп, кім екенімізді таныдық. 2001 жыл ордалықтар үшін екі бірдей қуаныш әкелді. Оның бірі - Тәуелсіздіктің 10 жылдығы болса, екіншісі - Орданың 200 жылдығына орай Бөкей ордасы атауы қайтарылып берілді.

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн  ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан гимннің музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимннің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимннің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Жүктеп алу

 

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

 

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

 

В данном разделе пока нет материалов

Бәйтерек ауданы

Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы  7,4 мың шаршы шақырымды құрайды.Орталығы Переметный ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 38 шақырымда орналасқан. Ауданның әкімшілік-аумақтық орналасуы: 22 ауылдық округ, оның ішінде 68 елді мекен.  

2018 жылдың 1 қаңтар  жағдайы бойынша халық саны 57,2 мың адамды құрады. 12 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Аудан Ресей Федерациясының 3 облысымен Орынбор облысы (Первомай, Ташла аудандары), Самара облысы (Большечернигов ауданы)  және Саратов облысы (Озинки, Перелюб аудандарымен) шектеседі.

Бәйтерек ауданы аумағынан 3  халықаралық  дәрежедегі Самара-Шымкент, Уральск-Саратов, Атырау - Самара  автомобиль жолдары және Киев-Москва, Ташкент-Саратов темір жолдары өтеді.

Бұл өз кезегінде  Көлік-логистикалық  орталығын құруға толық  мүмкіншілік  туғызып,  облыстың,  ауданның  транзиттік, экспорттық, импорттық жүк тасымалына шекаралас сауда-экономикалық ынтымақтастықтың  дамуына және  энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында келіскен саясаттың жүргізілуіне екпін береді.

Ауданда жалпы білім беру және арнайы оқу орындары жүйесі жақсы дамыған. Ауданда 2 колледж, 46 жалпы білім беретін мектептер, соның ішінде 30 орта, 9 негізгі, 7 бастауыш және 1 кешкі мектебі бар. Сонымен қатар 2 саз мектептері, тәрбие процесін жүргізілетін орталығы, балалар туризм және экология орталығы, 48 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасауда. Бұлардың материалдық-техникалық базасы заман талабына сай нығаюда.

Бәйтерек ауданының  рельефі  - оңтүстігінде өзен-сайлармен, құрғақ аңғарлармен қиылысқан және солтүстігінде биіктігі  100 және одан аса метрлі толқынды жондардан (Үлкен Сырт су айрығы сілемі)  тұратын  ойпат жазықтарды құрайды.

Бәйтерек ауданы №1 ауыл шаруашылық аумағына кіреді  -далалық, тұқым-мал  шаруашылықты  (облыстың  солтүстік  бөлігінде). Бұл  аймақта  тұқым, майлы  дақылдар, мал азығы өндірісі, картоп және көкөніс, жеміс-жидек егістері  шоғырланған. Мұнда  мал шаруашылығының сүт бағытындағы шаруашылықтар, шошқа және өнеркәсіптік құс шаруашылығы мен ет-жүнбағытындағы қой шаруашылығы жақсы дамыған.

Жер асты пайдалы қазбаларын дамыту (мұнай, газ, су, қиыршықтас, саз, әктаст.б.). Жер асты тұщы су қорын мол. Ауданның қолайлы рельефін ескеріп, жел, күн энергиясын пайдалануға болады.

Бәйтерек ауданы аумағынан Еуразия материгін  Еуропалық және Азиялық   бөлікке  жарып  ағатын  Жайық  өзенінің өтуі туристік бизнесті дамытуға да өте қолайлы.

Аудан аумағында ерекше тарихи жерлер бар. Олардың бірі - Михаил Шолохов атындағы Дариян мұражай кешені