Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы ағымдағы жылдың 18 шілдесінде, Зеленов ауданы ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл А.Көбенов мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп жиын өткізді.

Жиын барысында Әдеп Кодексінен туындайтын талаптар жайында айта келе, «Әдеп кодексі» мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне ғана емес, олардың жұмыс және жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстау стандарттары туралы да кең көлемде мағлұмат беріп өтті.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілер көкейлерінде жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң нормаларына сай тиісті жауаптарында алды.

Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы А.Көбенов мемлекеттік қызметкерге жүктелетін жауапкершілікті, ел алдындағы абыройлы міндеттерді атап өтіп, ұжымдағы моральдық-этикалық нормаларына тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып, мемлекеттік қызмет саласының рөлін арттыратындарына сенім білдірді.

01 08 18 news 17

01 08 18 news 18