Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі (11-і қағаз жүзінде, 2-і электронды-қағаз жүзінде, 2-і электронды түрде жүргізіледі). Негізгі қызмет алушылар тұрмысы төмен отбасылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер және мүгедектер, яғни ол  адамдар мемлекеттік әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар.

Бүгінгі күні ауданда жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жағдайы келесідей сипатталады:

-аудан халқының жалпы санының 31665 адамы немесе 53,5 пайызы  экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігін құрайды (59164 адам).

-жұмыстың әр түрлі саласында 30026 адам жұмыс істейді.

-жұмыссыздар -1639 адам (5,2%);

Жыл басынан, жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 2317 адам өтініш етті.

Жұмыссыз ретінде есепте - 424 адам тұр.

Ақылы қоғамдық жұмысқа - 333 адам жолданды.

Жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа- 1118 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына- 46 адам жолданды.

Жастар практикасына - 101 адам жолданды.

2019 жылдың  1 қаңтарына 729 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі -1,3 пайыз.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде кедей және кәмелетке толмаған балалы отбасыларды қолдау шаралары негізгі орын алады.

2018 жылдың 12 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 1049 адамға 232 отбасына 50415,5  мың теңге көлемінде төленді.

Азаматтардың өтініштері бойынша 96 отбасыға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 1116,1 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Үйден оқитын және тәрбиеленетін 38 мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне 2549,8 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

2018 жылдың  12 ай ішінде Жеңіс күніне орай, 756 адамға 11405,0 мың теңге,  Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшыраған 25 адамға 750,0 мың теңге, Семей ядролық сынақтарға ұшыраған 14 мүгедектерге 280,0 мың теңге, 47 ауған соғысында қатысқандарға 1410,0 мың теңге және Чернобыль АЭС апатында, ауған соғысына қайтыс болғандарға және 14 отбасыларына 260,0 мың теңге төленді. Мүгедек балалары бар 156 отбасыларға 1610,0 мың теңге төленді.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан 519 адамға, 19119,7 мың теңге, өкпе ауруына шалдыққан 75 адамға 2884,9 мың теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 87 адамға 2092,3 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектердің құқықтық, эконимикалық және ұйымдастыру жағдайларын реттеу әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, оларға өмірлік тең жағдай мүмкіншілігін жасау және қоғамға бейімдеу мақсатында 2018 жылдың 12 айында 25 мүгедекке жеке көмекшінің қызметтерімен; 145 мүгедекке гигиеналық құралдармен; 6 адамға ымдау тілі маманның қызметімен; 39 адамға сурдо-тифлотехникалық құралдармен; 40 мүгедекке  протез-ортопедиялық құралдармен  қамтамасыз етілді; 59 адам санаторлық-курорттық емделуге жолданды.

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құрамында үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрстетін, жалғысбасты кариялар мен мүгедектерге сондай-ақ мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауыратын тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсететін үш бөлімше жұмыс жасайды.

2018 жылдың 12 айына 582 адам қамтылды, оның ішінде - 34 мүгедек балалар; 13 адам 18 жастан асқан психоневрологиялық ауыратын мүгедектер; 529 қариялар; 6 мүгедектер.

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі штатында үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрстетін 105 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады.

Медициналық - әлеуметтік мекемеге 14 адам рәсімделді, 5 адам есепке қойылды.

2018 жылы 1 желтоқсан айында аудан бойынша 2801 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген (359 бірлік заңды тұлғалар, 1642 бірлік жеке кәсіпкерлер және 800 бірлігі шаруа қожалықтары), өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 102,3 % артқан. (2737  бірлігі) .

2316 шағын және орта бизнес субъектілері әрекет етуші болып табылады, немесе тіркелгендер санынан 82,7%

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 6229 адамды құрап отыр, орындалуы 112,7 % құрайды. ( 5525 адам)

Өнім өндірісі (жұмыс, қызмет көрсету) 9 121,1млн. теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 % өсті. ( 8995,2 млн.т.).

Шағын цехтар. Ауданда  әрекет етуші 32 шағын цехта 343 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы 674,9 млн. теңге құрап отыр.

2018 жылы шағын және орта бизнес саласында жаңадан 639 жаңа жұмыс орны ашылды, жоспар (706) орындалуы 90,5 % құрайды.

2018 жылы аудан бойынша 25 шағын және орта бизнес нысандары іске косылды, соның ешінде:

- консервіленген жемістер мен көкөністер және шырындарды шығару зауыт «DMD Production» ЖШС, этно-туристік орталығы «САЯТ», «Silk way» кемпингі, «Куаншак» 50 орын балабақша

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

2010 жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жалпы соммасы 21 312,9 млн. теңге болатың 109 жоба мақұлданып қаржыландырылды, жаңадан 983 жұмыс орны құрылды. Соның ішінде 2018 жылдың 1 желтоқсанынын жағдай бойынша жалпы соммасы 173,1 млн. теңге болатың 3 жоба мақұлданды, жаңадан 7 жаңа жұмыс орны ашылды

Гранттар: 2018 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған гранттар бойынша 7,3 млн.теңгеге 5 жоба мақұлданып қаржыландырылды:

  • Асханалықжүзімді өсіру – 1,3 млн. теңге «Ужегулов Виктор Степанович» ЖК,
  • Құрт және сүт өнімдерін өндіру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру - 1,5 млн. теңге   «Жансая» ЖК ,
  • Лего кірпіштерді өндіру – 1,5 млн. теңге «Сапар» ЖК,
  • Жаңқа өндірісі – 2,0 млн. теңге  «Ясень» ЖК,
  • Көкөніс өсіруге арналған техниканы сатып алу – 1,0 млн. тенге «Патриот» ЖШС.

 

2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жұмыспен нәтижелі қамту және жаппай кәсіпкерлік

2018 жылы Зеленов ауданына жалпы 292,6 млн теңге бөлінді.  2018

жылғы 1 желтоқсанынын жағдайы бойынша 101 адам келесі бағдарламалар бойынша 397,4 миллион теңгеге микрокредит алды:

 

Инвестициялық жоба

- 3 000 бас мал жайында малға арналған ашық бордақылау алаңын салу «Агропродукт» ЖШС. Құрылыстың басталу күні 2019 жылдың 2 тоқсанында. Жобаның құны - 1200 млн. теңге. Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде 30 адам, пайдалану кезеңінде 15 адам.

- «World Green Company » ЖШС қызанақ және қияр өсіру үшін жылыжай кешенін салу. Жобаның құны 13 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына - 2 млрд. теңге. Жылына 4 400 тонна қияр, 3 450 тонна қызанақ. Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде 100 адам, тұрақты 160 адам. Жоспарлы іске қосу: 2020 жылдың 4 тоқсаны - 2021 жылдың бірінші тоқсанында.

 - Янайкин ауылында ет өңдеу кешенін және бордақылау алаңын іске қосу. Жобаның иесі - «ҚазАгроӨнім» АҚ, қазақстандық серіктестер: «Олжа Агро» ЖШС, «CentralFeеdlot» ЖШС, шетелдік инвестор «Dumbia» компаниясы. Жобаны іске асыру мерзімі 2018 - 2019 жж

- Рубежин ауылдық округінде жылына 30,0 млн кірпіш шығаратын «134» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Жобаның құны – 1,0 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны - 30 адам. Пайдалануға берілген жоспар 2019 жылы.

 

Мемлекеттік жеке серіктестік

- Зеленов ауданының 7 ауылында / Переметное, Калининское, Ү.Чаған, Кушум, Дарьян, Мичурино, Асан/ "Элайтс" ЖШС «Сұңқар Smart sity»  бейнебақылауының интеллектуалдық жүйесіндегі 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейне камерасын орнату. Орал қаласындағы барлық топтарды қамтиды, бұзушылықтарды анықтау, жол ережесін сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті бейнебақылауды енгізу. Пайдалануға берілген жоспар 2018  жылдың 4 тоқсаны. Жобаның құны – 200 млн. теңге.

Бәйтерек ауданының аумағы 742133 га құрайды, соның ішінде: ауданан тыс жерде пайдаланылатын көлемі 2489 га және бөтен аудандар жер пайдаланушылармен пайдаланылатын -1215 га құрайды.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің көлемі-524500 га, соның ішінде: егістік-273194 га, көп жылдық екпелер-364 га, тынайған жерлер-89312 га, шабындық-18023 га, жайылым-142955га.

БҚО бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына 11 жер учаскесінің тізімі нысаналы мақсаты сәйкес пайдаланбауы бойынша тексеріс жүргізу үшін жолданған болатын. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 4 жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауы фактісі анықталып, жер пайдаланушыларына заң бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқама берілді.

Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімімен 2018 жылдың 1 қаңтарымен 31 желтоқсанына дейін Көшім, Раздольный, Шалғай, Трекин, Январцев, Рубежин, Железнов, Егіндібұлақ ауылдық округтері аумағындағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысына сәйкес жалпы көлемі 3799,1 га құрайтын 14 жер учаскесі жалға берілді. Сонымен қатар коммерциялық нысандар құрылысы және оған қызмет көрсету мақсатына арналған жалпы көлемі 1,9074 га құрайтын 5 жер учаскесіне аукцион өткізілді. Аукцион қорытындысына сәйкес көлемі 0,1921 га құрайтын 2 жер тучаскесі сатып алу құқығымен 3 жылға жалға берілді.

Зеленов аудандық жер жер қатынастары бөлімімен 2018 жылдың 12 айына ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн 38,796 га жер учаскесіне ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасын өтеуімен республикалық бюджетке 3 648 711 тенге көлемінде қаражат түсті. Жер учаскелерін сату және нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 9,41га жер теліміне  35 331 206 тенге көлемінде қаражат аудан бюджетіне түсті. (жер учаскелерін жалға беру бойынша 474 келісім шарттар жасалса, жер учаскесін сату бойынша 70 сатып-алу шарттарының жасалды).

2018 жыл ішінде жер пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы мақсаты бойынша пайдаланбайтын 17 жер учаскелері мемлекеттік меншігіне жалпы көлемі 6232 га жер учаскелері ауыл шаруашылығы айналымға енгізілді.

2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығындағы көрсеткіш бойынша жеке және заңды тұлғалардан 1131 өтініш тіркелді. Соның ішінде жеке тұлғалардан 1012 өтініш, ал заңды тұлғалардан - 119 өтініш қаралды. Жеке тұлғалардан келіп түскен 1012 өтініштің 657- не толық жауап беріліп, қалған 355-на түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал заңды тұлғалардан келіп түскен 119 өтініштің 89-на толықтай қанағаттандырылып, қалған 30-на хат түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы мерзім ішінде жер қатынастары бөлімімен 3 265 мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

- жеке меншікке сатылатын жер учаскелерін нақты кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – 126;

- жерге орналастыру жобаларын бекіту – 976;

- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша өтініштерін қарау – 168;

- жер учаскелерін іздестіру жұмыстарына пайдалану үшін аудандық жергілікті атқарушы органға рұқсат беруге ұсыныстар дайындау – 34;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» стандарт жөніндегі өтініштерін қарау – 1959.

Құрметті қазақстандықтар!

Наурыз айының еліміздің Тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар. Біз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. Қымбатты әйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз. Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған. Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік. Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды. Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерген. Бұл ескерткіштерді еліміздегі түрлі этностық топтар бастарына күн туған кезде бауырына басқан қазақтың жері мен еліне алғыс ретінде өз бастамаларымен тұрғызды. Қазақ халқы да оларға ұлттық тарихымызға көрсеткен зор құрметі үшін алғысын білдіреді. Осындай өзара құрмет пен сенім мызғымас ел бірлігіне негіз болса, ізгі шаралар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілінің айқын көрінісіне айналуда. Жақсылықты жадында сақтай білген  елдің рухы қашан да биік. Заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты. Мен этно-мәдени бірлестіктерге де айрықша ризашылық  білдіремін. Біз, бәріміз бірге өте күрделі, қилы замандардан өттік. Тәуелсіздіктің ең тағдыршешті сәттерінде мені әрдайым қолдаған халқыма да алғыс айтамын. Өткен сайлаулардың бәрінде халқымыз мені бірауыздан қолдап, сайлады. Мен үшін ең үлкен марапат – осы. Елімнің қолдауы маған жұмыс барысында зор күш-жігер берді. Мен халқымның өз келешегіне сеніммен қарауы үшін еңбек еттім, қазір де, болашақта да осы мақсат жолында жұмыс істей беремін.  Сол себепті, мен бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасынан жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, халқыма үндеу жариялағалы отырмын. Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ, Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды! Бұл – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт.  Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз. Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алады. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деген идея жаңа мағынамен толыға түсуге тиіс.

Жаңа ұсыныстардың маңыздылығын ескеріп, мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларымды өздеріңізбен талқылау үшін бүгінгі Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысын шақырттым. Бірден айтайын: бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап,  қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз. Соңғы жылдарда менің Қазақстан халқына арналған жолдауларым Үшінші жаңғыру және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Сонымен қатар біз мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін ұмытқанымыз жоқ және оларды орындау жөнінде шаралар қабылдадық.

Бірінші. 2018 жылы білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақылары 30 пайызға өсетін болады. Бұл жалпы мұғалімдердің 68 пайызын қамтиды. Ал, біліктілікті айқындайтын тест тапсырғаннан кейін олардың лауазымдық жалақысы қосымша 50 пайызға өсетін болады.

Екінші. Бюджет қызметкерлерінің еңбекақы төлемін жаңа жүйеге көшіру білім беру саласында жалақы көлемін 29 пайызға, денсаулық сақтау саласында 28 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 40 пайызға көтеріп, студенттер стипендиясын 25 пайызға өсіруге мүмкіндік берді.

Үшінші. Базалық зейнатақыны өсіру және оны индекстеу есебінен 2018 жылдың шілде айынан бастап орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 37 пайызға артады.

2017 жылы әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 25 пайызға өсті. Біз мұны жасай алдық, оған экономикамыздың мүмкіндігі жетті.

Қымбатты достар!

Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз.

Мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын ұсынамын.

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық. 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр. Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе. Оның шешімін тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек.  Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет.  Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек. Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржы тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің жоғарыда айтылған шарттар бойынша беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін береді. Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі  артады. Сонымен қатар, бұл экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады. Көптеген азаматтардың арманы ақиқатқа айналады!

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».

Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек. Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады.   Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек.

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».

Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын.    Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр. Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. Сонымен бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру керек. Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді, бұл – жалпы әлемдік тренд. Сонымен бірге, адам ресурстарына салынатын үлкен салым. Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет. Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек. Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді.

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту».

Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады. Сондықтан, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді.

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай да өсе түседі.  Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген.  9 облысқа газ тартылған. Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Біз Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек. Оған тиісінше қаражат тарту қажет болады, соның ішінде халықаралық қаржы институттарынан да. Бұл 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экология жақсарады. Газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады. Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Президенттің бес бастамасы – осы. Оларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасының әрі қарай дами түсуіне жол ашады. Үкімет пен Ұлттық Банкке бастамаларды іске асырудың егжей-тегжейлі тетіктерін жасауды тапсырамын. Парламент депутаттарынан заңнамаға қажет өзгерістерді уақтылы енгізуді өтінемін. Бастамалардың айрықша маңызды екенін ескерсек, оларды тиімді жүзеге асырудың жолдары кеңінен талқылауды қажет етеді. Халық пен бизнес өкілдерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу де маңызды. «Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың тиянақты орындалуын бақылауға алады.

Құрметті отандастар!

Мемлекеттің жаңа қадамдары бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер етеді. Қоғам өз тағдырын Қазақстанмен тығыз байланыстырып, болашағын жоспарлаудың тың мүмкіндігіне ие  болады. Бағдарламаны заңдық тұрғыдан бекіту қажет деп санаймын. Оны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа, нақты мазмұнмен байыта түспек. Заманауи жаһандық ахуалда ұлттық бірлік – әлеуметтік бірлік, ал қалыптасқан мемлекет –  әлеуметтік мемлекет. Біз өткенге салауат айтып, келешекке көз тіккен елміз. Біз әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудің шынайы, әрі сындарлы қазақстандық моделін міндетті түрде бірге  жасайтынымызға сенімдімін.

Ардақты ағайын!

Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Ал, ел бірлігі – ең бірінші, қазақтың бірлігі. Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге,  қазаққа керек.  Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар  – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген.  Қасқа жолды Қасым хан жұртын жұдырықтай жұмылдыра білгенінің арқасында қазіргі қазақ жерінің негізгі аумағын біріктірді. «Ел бірлігі – ел теңдігі» деген – осы! «Қазақ ордасының Ликургы» – Әз Тәуке елін татулыққа ұйыта білгендіктен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты. «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген сөз сол заманнан қалған қағида. Ел басына күн туған кезде барша қазақ Абылай ханның ақ туының астына жиналған соң ғана жерін жаудан тазарта алды. «Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады» деп бабаларымыз осыны айтқан.  Қазақтың осынау 3 ханы – ел тарихындағы 3 асқар тау, оларды асқақтатқан – ел бірлігі. Сонымен бірге, алтыбақан алауыздықтың кесірінен еліміз аңырап, жеріміз қаңырап қалған кездер де аз емес. Бұл да – тарихтың ащы сабағы. «Өткенге қарап, ертеңіңді түзе» деген өсиет бар, себебі, өткеннің өнегесі – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. Осыны жадында тұтып, тарихтан тағылым ала білген халқымыз Тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында талай табыстарға кенелуде.  Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да  бұзылмайтын берік  ауызбіршілік керек. Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ. Ел мен жердің иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманның бәріне қазақ жауапты. Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік. Сонда ғана, халқымыздың атын иеленген қасиетті Қазақстанымыз көркейіп, дами береді. Еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болады. Осыны үнемі есте тұтып, тың міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластырайық! Іске сәт!

Н.Назарбаев,

ҚР Президенті

5 наурыз 2018 жыл

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уа­қыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уа­қыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кез­де ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ға­на әдемі афо­ризм емес. Шын мәнінде, немістердің, ита­лия­лық­тардың немесе үнді ха­лық­та­рының жыл­намасына көз жү­гіртсек, олар­дың мың­даған жылды қамтитын төл тари­хын­дағы ұлы жетістіктерінің де­ні осы ел­дер қазір ме­кен етіп жат­қан аумақтарға қа­тыс­тылығы жөнінде сұ­рақ туын­дай­тыны орын­ды. Әрине, ежел­гі Рим деген қа­зіргі Ита­лия емес, бірақ италиялықтар өз­де­рінің та­рихи тамырымен мақтана ала­ды. Бұл – орын­ды мақтаныш. Сол сияқ­ты, ежелгі гот­тар мен бүгінгі неміс­тер де бір ха­лық емес, бірақ олар да Гер­манияның мол тарихи мұрасының бір бөл­шегі. По­лиэ­тни­калық бай мәдениеті бар ежел­гі Үн­дістан мен бүгінгі үнді хал­қын тарих тол­қынында үздіксіз дамып ке­ле жатқан бі­регей өркениет ретінде қа­­растыруға бо­лады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлт­­­тық тарихымызға терең үңіліп, оның күр­­­меулі түйінін шешуге мүмкіндік туа­­ды. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақ­та­рымен емес, тұтастай қалпында қа­зіргі за­манауи ғылым тұрғысынан қа­рағанда тү­сінікті болуға тиіс. Оған қа­жетті дәйек­те­ріміз де жеткілікті.

Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бір­лес­тік­тердің дені қазіргі Қазақстан аума­ғын­да құрылып, қазақ ұлты этногенезінің не­гізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мә­дени жетістіктер шоғыры даламызға сырт­тан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, со­дан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің баба­ла­ры­мыз­дың өз заманындағы ең озық, ең үздік тех­нологиялық жаңалықтарға тікелей қа­тысы бар екенін айғақтайды. Бұл жә­дігерлер Ұлы даланың жаһандық та­рих­тағы орнына тың көзқараспен қарауға мүм­кіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру тайпа­лары­ның атаулары «қазақ» этнонимінен талай ға­сыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біз­дің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұ­ған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еу­ро­пацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топ­тар біздің ұлтымыздың тарихи этно­ге­не­зінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұл­тартпас фактілерді көруге мүмкіндік бер­ген жоқ. Сонымен бірге, ұзақ уақыттан бері біз­дің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көп­теген этностарға ортақ Қазақстан та­ри­хы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этнос­тар­дың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлес­терін қосқан бүкіл халқымызға ортақ та­рих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ, қандай да бір тарихи оқи­ғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұр­ғыдан ғана сипаттаумен шектелуге бол­майды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажы­рамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бір­лескенде жеке адамдардың да, тұтас ха­лықтардың да өміріне қайталанбас реңк бе­реді. Біздің тарихымызда қасіретті сәт­­тер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл со­­ғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұр­­ғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қу­ғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмы­туға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ау­қым­ды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмен­де­тіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсе­тейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене оты­рып, жаһандық тарихтағы өз рөліміз­ді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіс­піз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқ­талайық.

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ған. Ұлы даланы мекен еткен ежел­гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданыл­ма­ған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам­зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жыл­намалар бүгінгі қазақтардың арғы ба­балары ұланғайыр Еуразия құрлығын­да­ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

  1. Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы ша­руа­шылығы жер жүзіне Ұлы даладан та­ра­ғаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энео­лит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүр­гізілген қазба жұмыстары жылқының тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біз­дің бабаларымыз өз дәуірінде адам айт­қысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ау­қым­да алсақ, шаруашылық пен әскери са­ладағы теңдессіз революцияға жол аш­ты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мә­дениетінің де негізін қалады. Бес қа­руын асынған салт атты сарбаз айбарлы көш­пенділер империялары тарих сах­насына шыққан дәуірдің символына ай­налды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бей­несі – батырлар заманының ең таны­мал эмблемасы, сонымен қатар, атты әс­кердің пайда болуына байланысты қа­лыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени ко­дының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуа­ты әлі күнге дейін аттың күшімен өл­ше­неді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт ат­ты­лар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құр­меттің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қа­зақ жерінен тараған осынау ұлы тех­нологиялық революцияның жемісін адам­зат баласы ХІХ ғасырға дейін пай­даланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық ком­поненттері Дала өркениетінің ерте ке­зеңі­нен тамыр тартады. Атқа міну мә­де­ниеті салт атты жауынгердің ықшам киім үл­гісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүр­ген­де ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз ал­ғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шал­бар­дың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құла­ғын­да ойнауына, ұрыс кезінде еркін қи­мылдауына мүмкіндік берді. Дала тұр­ғын­дары теріден, киізден, кендір мен жүн­нен, кенептен шалбар тікті. Содан бе­рі мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары ке­зінде табылған көне шалбарлардың қа­зіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің бар­лық түрі көшпенділер атқа мінгенде ки­ген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұ­рагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер та­қы­мына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мі­ніп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзең­гіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт ат­ты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мы­ғым отыруына, сонымен бірге шауып ба­ра жатып, қолындағы қаруын еш қиын­дықсыз және неғұрлым тиімді қол­дануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен са­дақ тартуды барынша жетілдірді. Соған бай­ланысты қарудың құрылымы да өзге­ріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түс­ті. Масағына қауырсын тағылып, ме­тал­мен ұшталған жебе берен сауытты те­сіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түр­кі тайпалары ойлап тапқан тағы бір тех­нологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерек­ше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғау­ға арналған сауытты да алғаш рет біздің ба­баларымыз жасаған. Еуразия көш­пен­ді­лерінің айрықша маңызды әскери жаңа­лығына баланған мұздай темір құр­санған атты әскер осылайша пайда бол­ды. Отты қару пайда болып, жаппай қол­­­­данысқа енгенге дейін атты әскердің да­муы біздің дәуірімізге дейінгі І мың­жылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры ара­сында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауын­гер­лік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жа­сақтың ерекше түрі – айбарлы атты әс­кердің қалыптасуына ықпал етті.
  2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия Металл өндірудің амал-тәсілдерін та­бу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адам­зат дамуының барысын түбегейлі өз­гертті. Сан алуан металл кендеріне бай қа­зақ жері – металлургия пайда болған ал­ғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі за­манда-ақ Қазақстанның Орталық, Сол­түстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда бо­лып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым бе­рік металдар өндіру ісін дамытып, олар­дың жедел технологиялық ілге­рі­леуі­не жол ашты. Қазба жұмыстары ба­ры­сында табылған металл қорытатын пеш­тер мен қолдан жасалған әшекей бұйым­дары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық зат­тары мен қару-жарақтары бұл туралы те­реңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежел­гі замандарда біздің жеріміздегі дала өр­кениеті технологиялық тұрғыдан қан­шалықты қарқынды дамығанын көр­се­теді.
  3. Аң стилі Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ор­та­мен етене өмір сүріп, өздерін таби­ғат­тың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл бас­ты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы ме­кен­деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақ­стан­ның ежелгі тұрғындарының озық мә­де­ние­ті болды. Олардың мұрасының жарқын көрі­ні­сі, көркем болмысы мен рухани бай­лы­ғы­ның айшықты белгісі – «аң стилі өне­рі». Жануарлар бейнесін тұрмыста пай­далану адам мен табиғаттың өзара бай­­ланысының символына баланып, көш­пенділердің рухани бағдарын айқын­дап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мы­сық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қол­данған. Егемен Қазақстанның сим­вол­дарының бірі – жергілікті жануарлар әле­мінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың ай­рықша жоғары өндірістік тәжірибесі бол­ғанын көрсетеді. Олар оюлап кес­кін­деуді, металмен жұмыс істеудің тех­никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан бал­қымалар жасаудың және құймалар құю­дың, жайма алтын дайындаудың күр­делі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнер­дегі биік белестердің бірі саналады.
  4. Алтын адам Біздің түп-тамырымызға жаңаша көз­қа­распен қарауға жол ашып, әлемдік ғы­­лым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қор­ға­ны­нан табылған, өнертанушы ғалымдар ара­сында «қазақстандық Тутанхамон» де­ген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құ­пия­ның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен там­сандыратын аса жоғары деңгейдегі көр­кем дүниелер жасаған. Жауынгердің ал­тынмен апталған киімдері ежелгі ше­берлердің алтын өңдеу техникасын жақ­сы меңгергенін аңғартады. Сонымен бір­ге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлық­тап, оның мәртебесін күн секілді құ­ді­рет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қо­рымдағы сән-салтанатты жасау-жаб­дық­тар ежелгі бабаларымыздың зият­кер­лік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауын­гердің жанынан табылған күміс ке­селердің бірінде ойып жазылған таң­балар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.
  5. Түркі әлемінің бесігі Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ға­сырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі са­нал­ды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мем­ле­кет­тері мен ұлы көшпенділер империялары са­бақтастығының айрықша моделін қа­лыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уа­қыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ға­сырдағы Қазақстанның экономикалық, сая­си және мәдени өмірінде өзінің өш­пес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түр­кілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жә­не әлемдік сауданың орталығына ай­нал­ған ортағасырлық қалалардың гүл­денуі­не жол ашты. Мәселен, орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қала­сын­да өмір сүріп, ілім таратқан.
  6. Ұлы Жібек жолы Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтым­ды, яғни Еуразия құрлығының кін­дігінде орналасуы ежелден әртүрлі мем­лекеттер мен өркениеттер арасында тран­зиттік «дәліздердің» пайда болуына сеп­тігін тигізді. Біздің дәуірімізден бас­тап бұл құрлық жолдары Үлкен Еура­зия­ның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мә­дениет саласындағы байланыстардың транс­континентальды желісіне – Ұлы Жі­бек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһан­дық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынт­ымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдас­ты­рып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дә­некері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үн­ді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шы­ғыс және славян өркениеттерін байла­ныс­тырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Тү­рік империяларының аумағын қамтыды. Ор­талық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену ше­гіне жетіп, халықаралық ауқымда эко­номиканы өркендетуге және мәдениетті да­мытуға септігін тигізді.
  7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қыз­ғалдақтың «тарихи отаны» екені ғы­лы­ми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бі­рақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңы­зы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жа­рып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қа­зір де әлемдегі алма атаулының арғы ата­сы – Сиверс алмасының отаны са­на­ла­ды. Дәл осы тұқым ең көп таралған же­місті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін ал­ма – біздегі алманың генетикалық бір тү­рі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Ала­тауы баурайынан Ұлы Жібек жолының кө­не бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының сим­волы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп атал­­­ды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тау­ла­рының етегінен әлі күнге дейін жер­гілікті өсімдіктер әлемінің жауһары са­на­латын Регель қызғалдақтарын бас­тап­қы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсім­діктер біздің жерімізде Тянь-Шань тау­ларының етегі мен шөлейт даланың түйі­сер тұсында пайда болған. Қазақ то­пырағындағы осынау қарапайым, сон­дай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көп­теген халықтың жүрегін жаулап, бір­­­тіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мың­нан астам түрі бар, олардың басым көп­шілігі – біздің дала қызғалдағының «ұр­пағы». Қазір Қазақстанда қызғал­дақ­тың 35 түрі өседі.

 ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ Көтерілген мәселелер жан-жақты ой еле­гінен өткізіп, терең зерделеуді талап ете­ді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымы­мыз­­дың, халқымыздың өткені мен бү­гі­ні­нің және болашағының іргелі негіз­де­ріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар ар­қылы бастауға болады деп ойлаймын.

  1. Архив – 2025 Тәуелсіздік жылдарында халқымыз­дың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұ­мыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жыл­намасындағы ақтаңдақтарды қайта қал­пына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы табысты іске асы­рыл­ды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көп­теген деректі құжаттар, әлі де болса, ғы­лыми айналымға түскен жоқ. Олар әлем­нің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі за­манға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағаттар дү­ние­сіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағ­дар­­ламасын жасауымыз қажет деп санай­мын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында та­рих­шылардан, деректанушылар мен мә­дениеттанушылардан құрылған ар­найы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақмер­зімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерт­теу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұ­мыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қа­на қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифр­лық фор­матқа көшіру қажет. Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұя­латып, отаншылдық тәрбие беру мек­теп қабырғасынан басталуға тиіс. Сон­дықтан, мектептер мен барлық өңір­лер­де­гі өлкетану музейлерінің жанынан та­ри­хи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру бар­ша қазақстандықтардың бойында өз бас­тауларына деген ортақтық сезімін қа­лыптастырады.
  2. Ұлы даланың ұлы есімдері Көпшіліктің санасында тарихи үде­ріс­тер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы ба­ба­ларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Ту­тан­ха­мон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Ва­шингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұл­ғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» ба­ға жетпес символдық капиталы санала­ды әрі сол елдердің халықаралық аренада тиім­ді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашуы­мыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тап­­­сырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әде­биет­тегі, музыка мен театр саласындағы жә­не бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақын­дар және ел билеген тұлғалар бейне­сі­нің маңызды галереясын жасауды қол­ға алу қажет. Сондай-ақ, бұл жерде классикалық қа­л­ыптан тыс, балама жастар өнерінің креа­тивті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қа­на емес, сонымен бірге, шетелдік ше­бер­лер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн. Үшіншіден, еліміздің тарихи кезең­де­рін кеңінен қамти отырып, «Ұлы да­­ла тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік се­­рия­­ларды шығарып, тарату жұмыс­та­рын жүйелендіру және жандандыру қа­жет. Бұл бағытта қазақстандық ғалым­дар­мен қатар шетелдік мамандар да тар­ты­ла­тын халықаралық көпбейінді ұжым құ­руға болады. Нәтижесінде, біздің қаһар­мандарымыздың өмірі мен қызметі жө­нінде тек еліміздегілер ғана емес, сон­дай-ақ, шет елдегілер де білетін болады.
  3. Түркі әлемінің генезисі Қазақстан – күллі түркі халық­та­ры­ның қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қа­зақтың сайын даласынан әлемнің әр түк­піріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің та­рихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өр­ке­ние­ті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба ая­сында 2019 жылы Астанада Түр­ко­лог­тардың дүниежүзілік конгресін және әр­түрлі елдер музейлерінің экс­по­зиция­ла­рына ежелгі түркі жәдігерлері қойы­ла­тын Түркі халықтарының мәдени күн­де­рін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Ви­кипедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ор­тақ туындылардың бірыңғай онлайн кі­тап­ханасын ашу да маңызды. Сонымен қатар, жаңа облыс орта­лы­ғы ретінде Түркістанды дамыту бары­сын­да оның халықаралық аренадағы бе­де­лін жүйелі түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы хал­қы­мыздың рухани орталығы ғана емес, сон­дай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.
  4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және тех­нологиялар музейін ашуға толық мүм­кіндігіміз бар. Оған озық өнер мен тех­но­логия үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйым­дарды, «Алтын адамның» жарақ­та­рын, жылқыны қолға үйрету, метал­лур­гияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сай­ман дайындау үдерісін көрсететін зат­тар­ды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға бо­лады. Онда Қазақстан жерінен та­был­ған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экс­по­зи­циялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әр­түрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді. Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы өр­ке­ниеттері» атты жалпыұлттық тарихи ре­конструкциялар клубын құрып, соның не­гізінде Астанада және Қазақстанның өз­ге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түрік қағандарының дәуірі және бас­қа да тақырыптар бойынша фестивальдар өт­кізуге болады. Бұған қызығушылық біл­дірген адамдарды тарта отырып, осы та­қырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады. Ежелгі Отырар қаласының бірқатар ны­сандарын – үйлері мен көшелерін, қо­ғамдық орындарын, су құбырларын, қа­ла қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына кел­тіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге жә­не туризмді дамытуға баса мән берілуі қа­жет.
  5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы Бұл жоба аясында бізге «Дала фольк­лорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мың­жылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әф­са­налары, қиссалары мен эпостары жи­нақ­талады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, дом­быра, сыбызғы, сазсырнай және бас­қа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орын­дауға арналған маңызды туындылар топ­тамасын – «Ұлы даланың көне са­рын­­дары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы даланың фольклоры мен әуен­де­рі заманауи цифрлық форматта «жаңа ты­ныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асы­ру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйе­леуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық жә­не шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңыз­ды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сю­жет­­те­рін­де, кейіпкерлері мен сарын­да­рын­да ше­кара болмайды, сол себепті оны жүйе­лі зерттеп, бүкіл Орталық Еу­­разия кеңіс­ті­гі мен барша әлемде дә­ріп­теуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаң­­ғырту қазіргі заманғы аудиторияға жа­қын әрі түсінікті форматта болуы ке­рек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мә­­тіндерді суреттерімен қоса беруге, ай­қын видеоматериалдар формасында ұсы­ну­ға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұс­қа­лары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық дәс­түр­дің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қа­зақстанның түрлі өңірлері мен өзге ел­дерге бірнеше іздеу-зерттеу экспе­ди­ция­ларын ұйымдастыру қажет.
  6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі Қазіргі замандағы халықтардың та­ри­хи таным-түйсігінде кино өнері ерек­ше орын алады. Жалпы халықтың са­на­сында фильмдердегі жарқын ки­нооб­раз­дар іргелі ғылыми монографиялардағы де­ректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан, тез арада Қазақстанның өр­кениет тарихының үздіксіз дамуын көр­сететін деректі-қойылымдық фильм­дер­дің, телевизиялық сериалдар мен то­лықметражды көркем картиналардың ар­найы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ын­тымақтастық аясында отандық және шет­елдік үздік сценаристерді, режис­сер­лер­ді, актерлерді, продюсерлерді және за­манауи кино өндірісінің басқа да ма­ман­дарын тарту арқылы жүзеге асы­ры­луға тиіс. Қызықты әрі мелодрамалық сарын­дар­мен қатар, көрермендер үшін танымал фэн­тези және шытырман оқиғалы блок­бастерлердің элементтерін қоса отырып, жа­ңа тарихи теле-кино туындылардың жан­рларын барынша кеңейту қажет. Осы мақсатпен Ұлы даланың бай ми­фо­логиялық және фольклорлық ма­те­риал­дарын пайдалануға болады. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қа­лыптастыруға жол ашатын сапалы ба­лалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұр­пақтың да талғамына ерекше назар ау­дару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ой­шыл­­дарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бү­кіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұл­ғалар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шық­ты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті

«Бәйтерек аудандық ветеринария бөлімі» ММ 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына және 2018 жылғы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жұмыс жоспарына сәйкес  аудан бойынша ағымдағы  жылы келесі ветеринарлық- профилактикалық іс-шараларды жүргізу жоспарланды.

«Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» жүргізу 473011000 бюджеттік бағдарламасы бойынша  жергілікті аудандық бюджеттен 68 102,0 мың теңге бөлінді.  Қазіргі таңда 68 102,0 мың.теңге көлемінде қаражат игерілді.

Аудан көлеміндегі барлық қызметті «Бәйтерек аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орындайды.

Қауіпті аурулар бойынша:

Аудан көлемінде жыл басынан  бері тіркелген аурулар жоқ.

Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы  31 желтоқсандағы № 2331 «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру ережесі туралы» қаулысына сәйкес, 2018 жылға аудан бойынша 13 259 бас МІҚ, 32 900 бас ҰММ, 11 000 бас шошқа, 721 бас жылқы және  7 бас түйе малдарын бірдейлендіру жоспарланды.

МІҚ малына -13 000 дана, ҰММ малға-33 000 дана, шошқаға-14 000 дана сырға және 2 дана түйе малына алынды. Бүгінгі таңда 13259 бас МІҚ, 32900 бас ҰММ мал және 14000 бас шошқа,721 бас жылқы және 2 бас түйе бірдейлендірілді.

 

Ветеринариялық -профилактикалық шаралар.

Ветеринариялық профилактикалық шаралар атауы

2018 жылғы жоспар

12 айлық жоспар

Орындалғаны.

Орындалу %

1

Құтыру МІҚ

6230

6230

6230

100

2

Құтыру ҰММ

3700

3700

3700

100

3

Құтыру жылқы

290

290

290

100

4

Құтыру ит

2200

2200

2200

100

5

Құтыру мысық

500

500

500

100

6

Пастереллез МІҚ

25500

25500

25500

100

7

Пастереллез ҰММ

10900

10900

10900

100

8

Пастереллез жылқы

550

550

550

100

9

Пастереллез шошқа

7500

7500

7500

100

10

Сібір жарасы МІҚ

43800

39100

39100

100

11

Сібір жарасы ҰММ

48600

48600

48600

100

12

Сібір жарасы жылқы

5100

5100

5100

100

13

Сібір жарасы түйе

10

10

10

100

14

Сібір жарасы шошқа

11090

11090

11090

100

15

Қарасан МІҚ

39900

39900

39900

100

16

Құс тұмауы

71500

71500

71500

100

17

Туберкулез МІҚ

62500

62500

62500

100

18

Туберкулез түйе

10

10

10

100

19

Туберкулез шошқа

11090

11090

11090

100

20

Маңқа жылқы

750

750

750

100

21

Бұлдырмақ ісік

39100

39100

39100

100

22

Эхинококкоз ет қоректілер

5600

5600

5600

100

 

Мүйізді ірі қара малдарын бруцеллез ауруына зерттеу

Бәйтерек ауданы

2018 жыл жоспары

12 айлық жоспар

Орындалуы

Орындалу    пайызы

Ауырғаны

Зақымдану пайызы

Тапсырылғаны

Қалғаны

Барлығы

45394

54794

57968

100

788

1,4

788

-

 

Барлығы аудан бойынша 57968 бас МІҚ тексеріліп, 788 бас ауру мал анықталды.

Оң нәтиже берген 8 бас ауыл шаруашылық малдары-« Батыс Адал-Ет» ЖШС мал сою пунктіне, 24 бас-«Құспанов» мал сою пунктіне, 472 бас-Трекин ауылдық округінде орналасқан «Женис» ЖК мал сою пунктіне , 253 бас «Николай и Ко» мал сою пунктіне»,«Уральские колбасы» мал сою пунктіне 10 бас және 21 бас өз қажетіне тапсырылды.

 

Ұсақ мүйізді малдарын бруцеллез ауруына зерттеу

Бәйтерек ауданы

2018 жыл жоспары

12 айлық жоспар

Орындалуы

Орындалу    пайызы

Ауырғаны

Зақымдану пайызы

Тапсырылғаны

Қалғаны

Барлығы

85223

85223

85224

100

49

0,06

49

 

 

Барлығы аудан бойынша 85224 бас МІҚ тексеріліп, 49 бас ауру мал анықталды.

Оң нәтиже берген 39 бас ауыл шаруашылық малдары-Трекин ауылдық округінде орналасқан «Женис» ЖК мал сою пунктіне 2 бас «Николай и Ко» мал сою пунктіне және 8 бас өз қажетіне тапсырылды.

Ауданның 1 ауылдық округіне МІҚ малының бруцеллез ауруына: 2018 жылғы 4 шілдедегі № 10 округ  әкімінің шешіміне сәйкес Железнов ауылдық округінде орналасқан «Авангард» ЖШС-не шектеу шаралары енгізілген болатын.Бүгінгі күні «Авангард» ЖШС-да 2506 бас бруцеллез ауруына тексеріліп, 86 бас ауруға шалдыққан мал анықталды.

Железнов ауылдық округінде орналасқан «Авангард» ЖШС-да сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасуда.

 

Мал қорымдары жөнінде. Қазіргі уақытта Зеленов ауданы бойынша 22 ауылдық округтердің 34 елді мекенінде мемлекеттік жер актілері бар.

Ағымдағы жылы  мал қорымдарының құрылысын  жүргізу үшін аудандық сәулет және құрылыс бөліміне қаражат жер жобасын дайындауға 15 млн.теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.

5 ауылдық округке мал қорымдарының құрылысын  жүргізу 2019 жылға жоспарланып отыр (Переметный а/о, Железнов а/о, Көшім а/о, Дарьян а/о, Махамбет а/о).

07 бағдарламасы бойынша «Бұралқы иттерді аулау және жоюды ұйымдастыру».

2018 жылға бұралқы иттерді аулау бойынша 3711 басқа жоспар құрылып бекітілді. Бөлінген қаражат көлемі 5 567,0 мың теңге. Қазіргі уақытта аудан бойынша 3711 бас ит ауланып жойылды.

 

Бөлім  басшысы                                                    Абдулов Е.Т.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу

дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты

қамтамасыз етудің қажетті шарты деп

айтқан екен кезінде Арестотель ғұлама.

 

«Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру». Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік  құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ».

Коррупция, феномен сыяқты адамдарға баяғы заманан бері таныс. Бұл ең ескі болмасадағы, жас емес социалдық шындықтың көрінісі. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Тарихшылардың айтқанына таянсақ, адамзат атам заманнан бері  бұл жаман көрініспен  күресіп келеді. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.  Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің  мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Қазақстан - бұрынғы кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қабылдап, осы мәселе жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып отыр.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», - деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен техникалық реттеу және метрология комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ  екенін түсінгені абзал.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің

Бөлім басшысы  - Әдеп жөніндегі уәкілі    Жанақын Тыгынбаев