Қазақстан Республикасының  ең алғашқы № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Заң, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін күшейткен. Осылайша, ұлттық жоспардың жаңа алдын алу шараларын әзiрлеп, жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының негізгі функциялары қылмыстық құқық қорғау шараларын қабылдау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндіріп алу прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшіне енген сот шешiмi негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.Егер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамнан және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамнан және лауазымды адамнан жұмыстан шығару, тиісті функцияларды орындаудан өзгедей босату кезінде заңсыз алынған мүлік немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құны өндіріліп алынбаса, осындай босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құқыққа қайшы алынған кірістер туралы хабарлама жібереді.

Жалпы негізде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты болып саналады.

 

Бәйтерек ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында басты міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту, бақылауда болуды қамтамасыз ету және олардың жұмысының ашықтығын,  экономика және бизнеске мемлекеттік қатысуын азайту болып табылады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар, ол мемлекеттік қызмет көрсетуде лауазымды тұлғалардың жұртшылықпен тікелей байланыста болатыны, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сақталуы болып табылады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында, барлық қызметтерді міндетті түрде адамның жеке қатысуынсыз электронды форматқа аудару аса өзекті сипатқа ие.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсету процестері мүмкіндігінше оңтайландырылды, тапсыру мерзімдері мен салық есептілігінің нысандарының тізбесі оларды біріктіру арқылы қысқартылды, қайталанатын рәсімдерді алып тастау арқылы қызмет көрсету тәртібі жеңілдетілді,  бірқатар салық қызметтері хабарландыру сипатына ауыстырылды.

Тәжірибе көрсеткендей, қызмет көрсетудің ең тиімді құралы - электрондық нысан  болып табылады.

Сондықтан, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың  маңызды аспектісі болып табылады.

Бәйтерек ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

«Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру». Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ».

Коррупция, феномен сыяқты адамдарға баяғы заманан бері таныс. Бұл ең ескі болмасадағы, жасемессоциалдық шындықтың көрінісі. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.Тарихшылардың айтқанына таянсақ, адамзат атам заманнан бері  бұл жаман көрініспен  күресіп келеді.Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында басты міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту, бақылауда болуды қамтамасыз ету және олардың жұмысының ашықтығын,  экономика және бизнеске мемлекеттік қатысуын азайту болып табылады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар, ол мемлекеттік қызмет көрсетуде лауазымды тұлғалардың жұртшылықпен тікелей байланыста болатыны, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сақталуы болып табылады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында, барлық қызметтерді міндетті түрде адамның жеке қатысуынсыз электронды форматқа аудару аса өзекті сипатқа ие.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсету процестері мүмкіндігінше оңтайландырылды, тапсыру мерзімдері мен салық есептілігінің нысандарының тізбесі оларды біріктіру арқылы қысқартылды, қайталанатын рәсімдерді алып тастау арқылы қызмет көрсету тәртібі жеңілдетілді,  бірқатар салық қызметтері хабарландыру сипатына ауыстырылды.

Тәжірибе көрсеткендей, қызмет көрсетудің ең тиімді құралы - электрондық нысан  болып табылады.

Сондықтан, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың  маңызды аспектісі болып табылады.

 Зеленов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Мемлекеттік органдардың жұмысындағы басым бағыттар, ашықтықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылуын болдырмау және олардың  сенімін арттыру мен  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы және олардың қызметінің ашықтығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысты болуының негізі.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғы шарттарының бірі болып, тұлғаның азаматпен тікелей байланыста болуы саналады. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі неғұрлым қарапайым және айқын болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі неғұрлым төмен болады. Адам факторының әсері заманауи  ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу үшін, лауазымды тұлғалар  арасында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу яғни, жеке сұхбаттар жүргізу,  сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бейне материалдар көрсету,  дөңгелек үстелдер мен  семинар-кеңестер ұйымдастыру, теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар беруді үзбеу.

Сондай-ақ, жас қызметкерлер мен жаңадан тағайындалатын қызметкерлерге психикалық әсер ету ретінде және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаның сөзсіз болатынын сана-сезімінде қалыптастыру үшін, түзеу мекемелеріне жүйелі түрде баруларын  ұйымдастыруда,  сыбайлас жемқорлықтың  өзіндік бір алдын-алу шаралары болар еді.

Жалпы, Мемлекеттік органдар  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азайту үшін, барлық мүмкін шараларды қолдана отырып, ол бағыттағы  тиісті жұмыстар тоқтатылмауы керек.

Зеленов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

01 03 19 news 1

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.