Тауарлармен электрондық сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатқызылады.

Сонымен қатар, тауарлармен электрондық саудада жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою, Салық кодексінің 4-бабының екінші абзацына сәйкес, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (Хабарлама осы сайттың «Электрондық сауда» қосымша парақшасында орналасқан ) негізінде жүргізіледі.

Аталған хабарлама, салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күн ішінде Комитеттің интернет-ресурсына (Электрондық сауда қосымша парақшасы) салық төлеушілердің тізімі орналастырылады.

Салық кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші Салық кодексінің 302 бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, Салық кодексімен жұмыскердің 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен (бұдан әрі – 25 АЕК) аспайтын кірісінен 90 пайыз мөлшеріндегі түзетуді қолдану белгіленген.

Осылайша, 2019 жылдан бастап, егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК (2019 жылы – 63 125 теңге) аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзету қолданылатын болады.

Егер жеке тұлға еңбек қызметін бірнеше жұмыс берушіде жүзеге асырған жағдайда және әрбір жағдайда жұмыскердің есептелген кірісі 25АЕК аспаса, онда жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшеріндегі түзетуді әрбір жұмыс беруші қолданатын болады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 1,5 есеге (42 500 теңге) өскенін ескерсек, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау барысында қолданылатын 1 ЕТЖ түріндегі салық шегерімінің мөлшері де сәйкесінше өседі.

Аталған өзгерістердің барлығы төмен жалақы алатын жеке тұлғалардың салық ауыртпашылығын барынша жеңілдетіп отыр.

Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасы

 

рисунок

Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға, үй жұмыскерлеріне арналған.

Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік мекемелер және лауазымды тұлғалар 2015-2025 жылдарына арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.

Соған орай, Мемлекеттік кірістер басқармасы мекемелерінде жалпы ұлттық сыбайлас жемқорлық пен күрес бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аталған сауал бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында стратегиялық жоспар жасалды. Стратегияның негізгі мақсаты – кірістер басқармасы мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықпен күресіс-шараларын жетілдіріп, күшейте түсу. Мәселен, жемқорлықтың азаю факторы ретінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тиімдішарттар жасау жемқорлықпен күрес бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Зеленов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы орталықтарында қосымша қызмет «Салықтөлеушінің терминалы» іске қосылып, салықтөлеушілер өздерін қызықтырған ақпараттар мен қызметтер ала алады. (анықтамалар және т.б.) Сонымен қатар жемқорлықпен күреске қарсы іс-шаралар шеңбері аясында, Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынща ішкі жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде бөлімдер арасында жемқорлықпен күрес шараларын күшейту мақсатында аптасайын әрбөлімде әр маман үшін арнайы түсіндіру жұмыстары мен әңгімелесулер өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, әр аптаның бейсенбі күндері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтау, еліміз үшін жемқорлықтың керісалдарын түсіндіруге барлық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен техникалық оқу жүргізіледі. Оған қоса бұл жерге жаңадан қосылған қызметкерлер және өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетіне тәрбиелеу жұмысын қоса айтуға болады. Қоғамда жемқорлыққа деген дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін Басқарма басшылары мен қызметкерлеріне бұқаралық ақпарат өкілдерінде түсіндіру жұмыстары жасалды. Айтып өтетін болсақ, бір қатар мақалалар жергілікті БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдарына) жіберіліп отырады. Айтакетеін жайт, қазіргі кезде Мемлекеттік кірістер басқармасында 90%-дан аса салықтөлеушілер электронды құжаталмасуға көшті. Бұл нәтиже шүбәсіз жемқорлықпен күресіс-шаралары мен жемқорлықтың азаюына өз септігін тигізбек. Салық төлеу қызметінде де қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге, оның мемлекет және қоғам өміріндегі түрлі  салаларында туындататын себептер мен жағдайларды жоюға және алдын-алу кешенді шараларға жетекші рөл беріледі. Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алғы шарттарын жоюға баса назар аударылады. Осыған байланысты, Зеленов ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, сондай-ақ кезкелген басқа мемлекеттік органның негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлердің қызметтік қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, тәртіптік құқық бұзушылықтарды және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттерді болдырмау болып табылады. Тұрақты негізде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесулер жүргізілуде, онда сеніптапсырылған бөлімшелердегі жұмыс бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау үшін күшейтіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен нормаларды сақтау бойынша профилактикалық оқыту өткізіледі. Сонымен қатар, азаматтардың Басқарманың қызметіне деген оң имиджін қалыптастыру және сенімін арттыру, сондай-ақ жұртшылықты, бұқаралық ақпарат құралдарын сыбайласжемқорлық пен қылмысқа қарсы күреске тарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне толықтай төзбеушілік атмосферасын қалыпт астыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің беделін арттыру мақсатында, Басқарма мен кәсіпкерліктің әртүрлі салаларын білдіретін қоғамдық бірлестіктер өкілдері, кәсіпкерлік ассоциациялар басшылары қатысуымен әртүрлі семинарлар өткізіледі. Сыбайлас жемқорлық үшін негіз бола алатын, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің нормаларын басқадай түсіндіруге жол бермеу үшін, салық және кеден салаларында қолданылып жүрген заңнамалардың материалдары жүйелі түрде жарық көреді.

Азаматтардың сенімін одан әрі нығайту мақсатында және мемлекеттік қызметкерлер өз лауазымын асырапайдалану фактілері бойынша және Этика кодексінің нормаларын бұзу, құқық бұзушылық немесе қылмыстарды жасау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа тез арада жауап беруді қамтамасыз ету үшін Басқарманың бөлімшелерінде сенім телефоны мен шағымдар мен ұсыныстар үшін қораптар орналасқан.

Зеленов ауданы бойынша МКБ

Мемлекеттік органдардың жұмысындағы басым бағыттар, ашықтықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылуын болдырмау және олардың  сенімін арттыру мен  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы және олардың қызметінің ашықтығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысты болуының негізі.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғы шарттарының бірі болып, тұлғаның азаматпен тікелей байланыста болуы саналады. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі неғұрлым қарапайым және айқын болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі неғұрлым төмен болады. Адам факторының әсері заманауи  ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу үшін, лауазымды тұлғалар  арасында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу яғни, жеке сұхбаттар жүргізу,  сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бейне материалдар көрсету,  дөңгелек үстелдер мен  семинар-кеңестер ұйымдастыру, теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар беруді үзбеу.

Сондай-ақ, жас қызметкерлер мен жаңадан тағайындалатын қызметкерлерге психикалық әсер ету ретінде және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаның сөзсіз болатынын сана-сезімінде қалыптастыру үшін, түзеу мекемелеріне жүйелі түрде баруларын  ұйымдастыруда,  сыбайлас жемқорлықтың  өзіндік бір алдын-алу шаралары болар еді.

Жалпы, Мемлекеттік органдар  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азайту үшін, барлық мүмкін шараларды қолдана отырып, ол бағыттағы  тиісті жұмыстар тоқтатылмауы керек.

Бәйтерек ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы, еліміздің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай отыр. Бұл дерт мемлекетіміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне, үлкен кедергі келтіретіні айдан анық.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы уақытында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мен алдын-алу жұмыстарын жүргізу арқылы, оны жалпы жұртшылықтың жек көруін қалыптастыру күресінің қуатты құралына айналдыруымыз керек. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, оның салдарына қарсы күрестен әлдеқайда тиімді.

Мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру, ең алдымен  көрсетілетін қызметтің уақытын қысқартуға, азаматтардан талап етілетін құжаттар тізімін оңтайландыруға және ең бастысы жемқорлық факторларын болдырмау мақсатында, халықтың мемлекеттік қызметкерлермен қарым-қатынасқа түспеуіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта  ақпараттандыру шеңберінде, Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  бірқатар ақпараттық жүйелері  мен электрондық сервистер жұмыс істейді:

СЕӨЖ АЖ- Салық есептілігін өңдеу жүйесі, салық есептілігінің нысандарын электронды түрде табыс етумен байланысты мәселені шешеді.  

ЭШФ АЖ – Электронды шот-фактура ақпарттық жүйесі, барлық стандартты операцияларды орындауға мүмкіндік береді: үзінді, қабылдау, жіберу, ауытқулар, түзетуге және шот-фактуралар шолу. 1С: Кәсіпорын 8 платформасында 1С бағдарламаларын пайдаланушылар ЭШФ  АЖ-мен тікелей деректер алмасу мүмкіндігін пайдалана алады.

БСАЖ - Қазақстан Республикасының бірыңғай салықтық ақпараттық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық органдары жұмыстарын кешенді автоматтандыру үшін арналған.

ОСДШ - Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар жүйесі, салық төлеушілердің жеке шоттарының толық бейнесін береді.

РВУ - Хабарландырулар тізілімі, электронды түрдегі ескерту хабарламаларын жолдауға мүмкіндік береді.

Астана-1 АЖ – Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі, электронды түрде тауарлар декларациясын табыстауға мүмкіндік береді, ол құзыретті органдарға 5 қолданыстағы кеден жүйесін және кешенді жүйелерін біріктіреді.

Ақпараттық  технологияларды пайдалану және оны тиімді жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді, қызмет сапасының деңгейін және халықтың сенімін арттырады.

Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы