22 02 19 news 10

ЭШФ АЖ  "Виртуалды қойма" модулі (бұдан әрі – ВҚ) тауарларды есепке алуды жүйелеу, қалдықтарды автоматты түрде санау және импортпен келген тауарларды кіріске алудағы бизнес-процесті автоматтандыру мақсатында жасалды. ЭШФ АЖ ВҚ-да салық төлеушілердің жеке қоймаларындағы тауарлар жайлы ақпараттар, сондай-ақ ВҚ-ға тауарды кірістіру, тауардың орнын ауыстыру және есептен шығару жайлы барлық электрондық құжаттары сақталатын болады.

Виртуалды Қойма модулі тауарларды қоймаға кірістіру және есептен шығару процестерін автоматтандырады, соның ішінде ТД немесе тауарды шеттен әкелу өтініші негізінде. Нәтижесінде ВҚ-дан таңдалған тауар бойынша ЭШФ рәсімдеу барысында ТД, шеттен әкелу өтінішінен және тауардың шығу тегі сертификатынан мәліметтер автоматты түрде толтырылады. Қалдықтарды online режимінде жүргізу мүмкіндігі. ВҚ тауар қалдықтарының өзгерісін толық жүктеу және мерзімді жүктеу. Тауар жайлы толық қажетті ақпаратты сақтау. Тауардың шығуын бақылау.

API-интерфейс Виртуалды қойма мен бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған ERP жүйелерінің инеграциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

байланыс үшін телефон: 8 71130 22 131

 

Белгіленген мерзімде салықты төлемеген жағдайда, жеке тұлғада бересі пайда болады, ол сомаға күнде өсімпұл есептеледі, бұл бересіні қосқанда салық төлеушінің жалпы берешегінің сомасын құрайды.

Еске сала кетейік, жеке тұлғалардың меншігіне салынатын салықтардың төлеу мерзімдері мынадай:

- мүлік және жер салықтары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей;

- көлік салығы бойынша есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.

Салық төлеушілерде тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) қолдануға қатысты, сондай-ақ ТБЖ жүргізу барысында ескерілетін санаттар бойынша сұрақтар жиі туындайды.

Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті органдардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

Осындай талдаудың нәтижелері негізінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілерді (салық агенттерін) санаттау олардың қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу және салықтық әкімшілендірудің саралап қолдану шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады.

Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік кірістер органдары 2014 жылы құрылып оған кеден ісі саласында бақылау, салық төлемдерінің толықтығы мен уақытылы түсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар экономикалық және қаржы салаларындағы құқықбұзушылықтарды ескерту, болдырмау, алдын алу, анықтау, тергеу жүргізу өкілеттігі берілген болатын. Оның ішінде ең негізгі бағыттарының бірі мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру жұмыстары болатын. Тәуелсіздік таңында Қазақстанның Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен жарияланған сыбайлас жемқорлықпен табанды және ымырасыз күрес бағыты мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қазіргі заманғы Қазақстанның тарихының түйінді мәнін қалыптастырып келеді.

Қазіргі даму заманында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саясаты Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тежеу тапсырмаларын жүзеге асыру арқылы негізгі векторлары анық құрылған.

Қазіргі уақытта Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда.

 

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары лауазымдық өкілеттіктерін жеке және өзге адамдардың мүддесі үшін мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы болып табылады. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Өйткені, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кемел келешегіне айтарлықтай қауіп төндіретін қоғам дертіне айналып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік саясат ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жемқорлықтың алдын алу және оны жою жолында күрес шараларын ұдайы жалғастыруда. Осы орайда, қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, аталған дерттің одан әрі өршуіне жол бермей, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қарсы тұру - бүгінде маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан, жемқорлықтың алдын алу - жас мемлекеттік қызметші ретінде өзімнің және барша жұртшылықтың ел алдындағы азаматтық борышы деп есептеймін.

Зеленов ауданы бойынша

Мемлекттік кірістер басқармасының

 

Жемқорлық атаулымен күресу сандай-ақ оны ашу оңай шаруа емес. Әсіресе, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың ғана емес, билік пен мемлекеттік қызметтің беделін түсіреді. Сондықтан да Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен аянбай күрес жүргізуді Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты және басым бағыттарының бірі ретінде алдымызға қойып отырған үлкен мәселе.

Жемқорлықпен күресті ойдағыдай жүргізу үшін оған саяси, құқықтық мәндегі шараларды кешенді түрде белсенді жүзеге асыру қажет. Бүгінде  еліміздің салық органдары жемқорлық сипатындағы теріс әрекеттермен күресті барынша жандандыру шараларын қолға алып жатыр. Қазіргі кезде Зеленов ауданды бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында қызметкерлер арасында түсіндіру және тәрбиелік жұмыстары жүргізіліп отырылады.

Зеленов ауданды бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жемқорлықпен күрес жүргізуді қолға алып жатқан іс-шаралары мұнымен ғана шектелмейді, Мемлекет басшысының “Қазақстан Республикасының қылмыс пен жемқорлықпен күресті күшейтуді құқық қорғау қызметін алдағы уақытта жетілдірудің қосымша шаралары туралы” Жарлығын басшылыққа ала отырп, Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен  “Нұр Отан” партиясының басшылығымен семинар өткізді. Сонымен қатар аудандық салық басқармасы құқық қорғау органдарының өкілдерімен, мекеме-ұйымдарымен кездесулер өткізіп, жемқорлықты болдырмау жөнінде түсінік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады.

Осыған байланысты салық төлеушілер үшін Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  (871130) 2-232, сенім телефондары жұмыс жасайды. Азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер осы телефонға хабарласып, салық органдары лауазымды тұл,аларының іс-әрекеттері немесе әркетсіздігі туралы ақпарат берулеріне болады.

Зеленов ауданы бойынша

Мемлекттік кірістер басқармасының