Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесі

Gaineshev E

 

 

 

Гайнешов Ерболат Баймұратұлы Бәйтерек аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері  бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 

Зеленов ауданы бойынша МКБ

 

«Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру». Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ».

Коррупция, феномен сыяқты адамдарға баяғы заманан бері таныс. Бұл ең ескі болмасадағы, жас емес социалдық шындықтың көрінісі. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.Тарихшылардың айтқанына таянсақ, адамзат атам заманнан бері  бұл жаман көрініспен  күресіп келеді.Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жанындағы  Консультативтік кеңес отырысында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» туралы хабарлама тыңдалды.

Салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңестің құрамын аудандық кәсіпкерлер палатасы мен қатысушылар мен салық төлеушілер құрайды.

Хабарламада сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығы туралы айтылды. Жыл басынан бері түрлі форматта өткізілген іс-шаралар (семинар-кеңес мен дәрістер, техникалық оқу, дөңгелек үстел, жарнамалық ролик) осының айғағы, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақала мен хабарландырулар жарияланып, теледидар және радио арқылы  сұхбаттар беріліп келеді.

Одан бөлек, басқармасы бұйрығымен салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау мүмкіндігінің себептері мен жағдайларының алдын алуға және болдырмауға бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібі бекітілген. Бекітілген тәртіп бойынша құрылымдық бөлімшелер тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның қорытындыларын Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына жолдап отырады.

Бәйтерек ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Өркениетті қоғамның дамуына, өркенділік көшіне ілесуге кереғар әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық секілді факторлардың алдын алу, қазіргі таңдағы мемлекеттің алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі.

Қоғамымыздағы ең қауіпті індеттердің бірі - жемқорлық еліміздің экономикасына, халықаралық беделіне, тіпті қорғанысы мен қауіпсіздігіне де нұқсан келтіруі ықтимал.

Ең басты біздің міндетіміз- бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту. Адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қөзқарасын түбегейлі өзгерту. Қоғам үшін күрделі және қауіпті  проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Өйткені, оған елдің болашағы ғана емес, әрқайсымыздың тағдырымызда байланысты.

Елбасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек жазаға тарту шаралары емес, бұл мемлекет пен қоғам жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуге тиісті,  істің жүйелі жұмыстарының жиынтығы екенін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау үшін, мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелеу мақсатында облыс Мемлекеттік кірістер органдарында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін бағытталған бағ­дар­ла­малар жасалып, жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, аталған заңнамалармен мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер қойылған.

Сондай-ақ, бұрынғы Заң бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған тұлғаға жазаның шартты түрі қолдануы мүмкін болса, жаңа Қылмыстық кодекстің 63 бабымен жазаның шартты түрі алынып тасталған яғни мүлдем қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының  ең алғашқы № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Заң, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін күшейткен. Осылайша, ұлттық жоспардың жаңа алдын алу шараларын әзiрлеп, жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының негізгі функциялары қылмыстық құқық қорғау шараларын қабылдау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндіріп алу прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшіне енген сот шешiмi негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.Егер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамнан және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамнан және лауазымды адамнан жұмыстан шығару, тиісті функцияларды орындаудан өзгедей босату кезінде заңсыз алынған мүлік немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құны өндіріліп алынбаса, осындай босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құқыққа қайшы алынған кірістер туралы хабарлама жібереді.

Жалпы негізде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты болып саналады.

 

Бәйтерек ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы