Заңды тұлғаның  мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139 үй.

Abdulov E

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім басшысы - Абдулов Есбол Тілекқабылұлы  23-582

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Мекеме қызметінің негізгі бағыттары:

 

1.1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті  жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді.

 

1.2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша деркеқорды жүргізуді ұйымдастырады.

 

1.3. Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді.

 

1.4. Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіоіс объектілерін сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын комиссияны ұймдастырады.

 

1.5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді.

 

1.6. Елді мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды анықтайды.

 

1.7. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады.

 

1.8. Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді.

 

1.9. Жануарларға ветеринариялық паспорт береді.

 

1.10. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді.

 

1.11. Ауданның жергілікті өкілді органына елді мекендерде жануарларды ұстау , иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитарлық  аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді.ъ

 

1.12. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

 

Ветеринариялық анықтамалар беру:

 

Өткізілген іс-шаралар, бағдарламалар туралы және т.б. ақпарат.

 

 

«Бәйтерек ауданы бойынша ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың 12 айына орындалуы туралы ақпарат

 

Жануарларды ұстау туралы Ережесі

 

Бәйтерек ауданы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы