1) Ауданның автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстары

Автомобиль жолдарының жазғы және қысқы күтіп ұстауына аудандық бюджеттен 2013 жылы 11956,0 мың теңге бөлінді.

ҚР Үкіметінің 28.01.2007 жылғы №996 қаулысына сәйкес 01.01.2013 жылынан 31.03.2013 жылы аралығына автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және қызмет көрсетуге «Асфа» ЖШС, «Астрадор» ЖШС және «Коммунальник» МКК-мен 4000,0 мың теңгеге келісімшарттар жасалды.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 5912,0 мың теңге бөлініп, конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазы болып «Анаконда» ЖШС табылды, 4200,0 мың теңгеге. Ол келесі жұмыс түрлерін жасады: жолдарды тегістеу, жол белгілерін орнату, жол шетіндегі шөптерді қырқу және жолдарды қар үйінділерінен тазалау.

«Коммунальник» МКК-мен 31.12.2013 жылына дейін автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға 2044,0 мың теңгеге келісімшарт жасалды.  Переметный ауылы Гагарин көшесі жолдарын ағымдағы жөндеу

«Прогресс-Стандарт» ЖШС-мен келісімшарт 1388,0 мың теңгеге жасалды. Жолдың шұңқырлы жөндеуі жүргізілді, жолдың жиектері белгіленді.

2) Ауданның көше жарығын қосу

Ауданның ауылдық округтерінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша көше жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

3) Бөлімнің теңгеріміндегі тұрғын үйлер

Бөлімнің теңгерімінде барлығы 117 пәтер бар, соның ішінде коммуналдық 49, кредиттік 25, жалдамалы (арендалық) 43.

4) Абаттандыру

Аудан әкімінің 2013 жылдың 28 наурызындағы №215 қаулысының аясында санитарлық-экологяилық айлық жарияланып, оны өткізу бойынша аудандық штаб құрылды. Ауыл тұрғындарының аулаларынан қатты тұрмыстық қалдықтар шығаратын бригадалар құрылып, ауданның елді мекендерінде санитарлық-тазалық, абаттандыру жүргізілді. 06 сәуір және 1 маусым аралығында ауылдық округі әкімдерінің аралық есептеріне сәйкес елді мекендерді абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстар кезінде 8105 түп жас талдар және 100,5 м2 жерге гүлзарлар отырғызылды. Санитарлық-экологиялық айлық кезінде елді мекендерде 88,25 га апатты қалдықтар және 9210 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар мен коқыстар тасып шығарылды. 178 дана жасанды ұялар орнатылды. Көше жолдары тегістеліп, тұрмыстық қатты қалдықтар сақтайтын орындарды ретке келтіру жұмыстары жасалынды, мал молалары ретке келтірілді.

Ауданның елді мекендерін абаттандыру үшін аудандық бюджеттен 168,0 мың теңге бөлінді, 164,0 мың теңге игерілді.

Қазіргі күні «БҚО Зеленов ауданы Переметный ауылындағы жаңа балалар алаңын жайластыру, ескі балалар алаңын жөндеу және «Жеңіс» кинотеатры ауданына көшіру» үшін оң қорытындылы мемлекеттік сараптаманы алып жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.

5) Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.

Аудандық бюджеттен 2610,0 мың теңге бөлінді, толық игерілді.

Переметный ауылындағы қоқыс тастайтын жерді күтіп-ұстау үшін «Нира» ЖШС-мен,  Дариян ауылында «Талалаев» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.

Достық, Мичурин ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау үшін контейнерлік алаңдарды жайластыру үшін смета дайындалды.

6) Газбен жабдықтау

Ауданның 69 елді мекенінің 46 елді мекені газбен жабдықталған. Ауданның 15765 үйлердің 13168-і газ жүйесіне қосылған, 83,5 % табиғи газбен қамтылған.

7) Сумен жабдықтау

Жұмыста маңызды ағым бұл ауданның елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Ауданның 69 елді мекенінің 26 елді мекені орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етілген, соның 11-і «Камен су құбыры» ЕМК қызмет етеді, 11 «Батыс су арнасы» ЖШС қызмет етеді. Ал  Раздольный, Красный Свет, Чиров, Погодаев ауылдарындағы су құбырлары қазіргі уақытта қызмет көрсететін ұйымға берілмеген, себебі олардың құқық беруші құжаттары әлі дайындалып жатыр.

8) Қысқы мерзімге дайындық

Зеленов ауданының әлеуметтік нысандарының 2013-2014 жылдарға жылыту маусымына толықтай дайын. Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар, яғни білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары жылу энергиясына қосылды. Соның ішінде білім беру 59 нысанының 59-і, денсаулық сақтау 60 нысанының 60-ы, ал мәдени мекемелердің 40 нысанының 40-ы жылу көзіне қосылды.

Жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге қажетті 301,4 тонна қатты отын және 32 тонна сұйық отынды мемлекеттік сатып алуды әр әлеуметтік нысандар өздері жеке өткізіп, отын толықтай жеткізілді.

Білім беру мекемелеріне қатты отынның қажетті мөлшері - 170 тонна, «Талап» АҚ-мен келісім шарт жасалып, отын 100 пайыз жеткізілді.

Мәдениет мекемелеріне - 83 тонна, соның ішінде:

Мәдени демалыс орталығына - 26 тонна, «Алтеке» ЖК-мен келісім шарт жасалып, отын жеткізу аяқталды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне -57 тонна, «Талап» АҚ-мен келісім шарт жасалды, отын жеткізу аяқталды.

Денсаулық сақтау мекемелеріне - 48,4 тонна, соның ішінде;

Зеленов орталық аудандық ауруханасына - 20 тонна, «Талап» АҚ-мен келісім шарт жасалып, отын жеткізу аяқталды.

Зеленов орталық аудандық ауруханасына - 28,4 тонна,  «Талап» АҚ-мен келісім шарт жасалып, отын жеткізу аяқталды.

Сұйық отынның қажетті мөлшері - 32 тонна (Кирсанов мектебіне), «Орал-Жан-Ойл» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, отын жеткізу аяқталды.

9) «Тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2845,0 мың теңге бөлінді, 2352,0 мың теңге игерілді.

Техникалық паспорт дайындау бойынша келісімшарттар жасалды:  7 арендалық үйлерге, олар

-  Калинин а.- 3 үй,

-  Рубежин а.- 1 үй,

-  Макаров а. - 1 үй

-  Трекин а. -  1 үй

-  Достық а- 1 үй.

Достық ауылы, Пионерская көшесі 4/1 үйін күрделі жөндеу жүргізу үшін мемлекеттік қорытындысымен жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Күрделі жөндеу аяқталды.

Смета дайындалып, 3 арендалық тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуі жүргізілді, олар Калинин ауылы

1)Фрунзе көшесі 41 үй, 1 пәтер

2)Фрунзе көшесі 41 үй, 2 пәтер,

3)Бостандық көшесі 11 үй, 2 пәтер.

10) Ауданішілік, ауылішілік жолаушылар тасымалын ұйымдастыру:

Ауданда 15 аудандық және 20 облыстық маршруттар бар. Зеленов ауданының 69 елді мекенінен тұрақты жолаушылар көлігі тасымалы қатынасы 57-і немесе 83 пайызы қамтылған. Ауылдық округ бойынша қатынас 100 пайызды құрайды.

23.04.2013 жылы жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылішілік және аудан ішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған №1, 2 Переметный ауылішілік маршруты және №12 Зеленый-Мичурин ауылдары бойынша конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша «Ишангалиев» ЖК, «Король» ЖК, «Жайсангалиев» ЖК-мен келісімшарттар жасалды.

11) ТЖ жою бойынша үкімет резерві

Зеленов ауданы аумағы бойынша көктайғақтың болуына байланысты Зеленов және Приурал АЭЖ электр тарату желілерін қалпына келтіруге 7780,0 мың теңге бөлінді, 7758,6 мың теңге игерілді. 21,4 мың теңге игерілмеді ( жанар-жағармайдың арзандауы есебінен конкурс бойынша үнемдеу). Қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары «БатысҚазақстанЭЖК» АҚ күшімен жүргізілді. Жұмыстар аяқталды және қолданысқа енгізілді.

12) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою" мемлекеттік қызметі көрсетіледі, жолаушылар көлігі тасымалына (такси) және маршруттарға жол жүру құны туралы анықтамалар беріледі.

 

2014 жылға арналған жоспар:

1) Ауданның автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстары

- 12 млн. 540 мың теңге бөлінді.

Қазіргі таңда осы жұмыстарды атқаруға «Коммунальник» МКК-мен     12370 мың теңгеге келісімшарт жасалды.

2) Абаттандыру

Ауданның елді мекендерін абаттандыруға

- 2 млн. 500 мың теңге бөлінді;

3) Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.

- 2 млн. 500 мың теңге бөлінді;

4) Ауданішілік, ауылішілік жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға

-5 млн. 492 мың теңге бөлінді;

5) «Тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша

2 млн. 209 мың теңге бөлінді.

 

Бөлім басшысы                                                              Б.Керешов