Железнов ауылы                                                                        2018 жылы 14 мамыр

                              

Қатысушылар: ауылдық округ әкімі  А.Т.Иманкулова, жергілікті қоғамдастық және келісім кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары.

Қатысқандар: 22 адам.                                                                                   

Күн тәртібі:  Арычная және Набережная көшелерінің атауын өзгерту туралы.

 

1. Тұрғындар жиналысын бастап ашқан Железнов ауылдық округінің әкімі А.Т.Иманкулова елдімекендердің, көшелердің және басқа да объектілердің аттарын өзгерту бойынша ономастикалық комиссияның ұсыныстарын халыққа хабарлап, Ауыл тынысы газетінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі 15 нөмірінде 2018 жылғы 14 мамырда тұрғындар жиналысы өтетіндігі туралы хабарландыру шыққандығы туралы айтты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен  бекітілген  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын» тұрғындарға баяндап берді.

2. Ауыл тұрғыны Г.Джумалиева – Арычная көшесінің атауын Жайсан көшесі деп өзгертуін сұраймын.

3. Ауыл тұрғыны Ж.Жулденова – Иә, менде Арычная көшесін Жайсан көшесі деп өзгертілуін қолдаймын.

4. Ауыл тұрғыны А.Дуспанов – Набережная көшесі атауын Жағалау көшесі деп өзгертуін қолдаймын.

     Айтылған ұсыныс бойынша дауыс беру арқылы жүзеге асырылды.

     Қолдағандар -22 адам

     Қарсы болғандар –жоқ

Шешім:

  1. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары қаперге алынсын.
  2. Керекті мерзім өткеннен соң Арычная көшесін Жайсан көшесіне және Набережная көшесін Жағалау көшесіне өзгерту.

 

Төрайымы                                                  А.Иманкулова

 

Хатшы                                                  А.Досказиева