Құрметті Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Бәйтерек ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Shaharov Aссылка

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Бәйтерек ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Бәйтерек ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Бәйтерек ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы

 

Жаңалықтар


 

«Open space» алаңы іске қосылды.

23.05.2019

рисунок

Бүгін аудан әкімдігі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында «Open space» алаңы іске қосылды. 

Толығырақ...


21 мамыр күні ауданда мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті.

22.05.2019

рисунок

Халықты эстетикалық мәдениет пен биік адамгершілікке шақырып, ұлт өнерін дәріптеп жүрген жандарды аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтап, саланың дамуына ерекше үлес қосқандарға марапат табыстады. Талантты жастардың тамаша өнерімен өрілген мерекелік кеште сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, жыл бойы атқарған жұмыстары  халықтың көңілінен шыққан үздік ұжымдар мен озық басшылар анықталды.

Толығырақ...


Ауданға сенаторлар келді

21.05.2019

рисунок

Бүгін ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Серік Бектұрғанов, Мұрат Бақтиярұлы, Сергей Ершов, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нүкетаева, Нариман Төреғалиев, Ерболат Мұқаев, Ғұмар Дүйсембаев келді.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...