Жаңа жыл таянып қалды, ал сұлу шыршамыз шын мәніндегі бүкілхалықтық мерекеде өзінің құрметті орнына орнатылады. Жаңа жыл өрт сияқты қайғылы оқиғамен жабырқамау үшін Зеленов ауданың төтенше жағдайлар бөлемының қызметкерлері хабарлайды.

1) кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;

2) шыршалар мықты негізге орналастырылады және үй-жайдан шығу жолдарын үймелемеуі қажет;

3) шыршалардың бұтақтары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр алшақта орналастырылуы қажет;

4) үй-жайда электрмен жарықтандыру болмаған жағдайда, шырша жанындағы iс-шаралар күндiзгi уақытта ғана өткiзiледi;

5) иллюминация Қ Р Ү. Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – Электр қондырғыларын орнату қағидалары) талаптарын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторынсыз электрмен жарықтандыру желiсiн пайдаланғанда шыршада кернеуi 12 Вольтқа дейiн кезектесiп жанатын шамдары бар гирляндалар қолданылады. Шамдардың рұқсат етілген қуаты – 25 Ватт;

6) иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюi, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы), ол дереу сөндiрiледi;

7) iс-шараларды өткiзу кезiнде залда, сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың, өртке қарсы құралымдардың мүшелерiнiң немесе өртке қарсы қызмет жұмыскерлерiнiң кезекшiлiгi ұйымдастырылады. Iс-шаралар өткiзiлетiн үй-жайлар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

 

Зеленов ауданың Төтенше жағдай бөлімі