Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт («Зеленов аудандық мәслихат аппараты» ММ)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ)

 

Жемқорлықпен күресу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын қолдану жөніндегі жадынама

 

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша

 

Зеленов ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі ақпарат

 

 

 

Сенім телефондары: аудан әкімдігі 22 - 333

                                    аудандық мәслихат 22 - 633

                                    аудандық ішкі істер бөлімі 22 - 002

                                    аудандық «Нұр Отан» партиясы 23 - 445

                                    аудандық әділет басқармасы 22 - 499

 



Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.

Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларға негізделетін болады.

Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.https://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды Зеленов ауданы бойынша орындаудың іс-шараларының 28-тармағына сәйкес «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында жоспарланған дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері. Отырыстың негізгі тақырыбы бойынша атқарылған жұмыс жайлы «Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» және «Зеленов аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің бас мамандары, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкері және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры қатысты.

Дөңгелек үстел барысында бірқатар мәселелер талқыға салынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жұмысы жайында пікірлер айтылды. Өткізілген іс-шара аясында, әр мемлекеттік қызметкер мемлекеттік органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативті құқықтық актілердің талаптарын орындап қана қоймай, сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын-алуы керектігі аталып өтті.


ХҚКО департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

 Батыс Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында семинар өткізілді.

Семинар барысында ХҚКО департаменті директорының орынбасары Нұрғиса Камашев өз сөзінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - еліміздегі азаматтармен етене қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері болып табылады. Бұл біздің қызметкерлерді өз қызметтерін нақты орындап қана қоймай, сондай-ақ мемлекет имиджін сақтауға міндеттейді.  Жемқорлықпен күрес жалпы қоғамның белсенді атсалысуынсыз жойылмайтын кесел»,-деді.   

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Нұргүл Камешева қатысушыларға негізгі қызметі сыбайлас жемқорлықпен күрес сұрақтары бойынша тегін кеңес беру және жемқорлық белгілері туралы хабарламаларды тіркеу болып табылатын «Жемқорлыққа қарсы call-орталық» жұмыс істейтінін ескертті. 1424 нөмірі бойынша кез келген азамат жемқорлық белгілері тіралы хабарлай алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік

 қоғамының баспасөз қызметі



 

 

 

 

 


Жемқорлықпен күрес - ортақ іс

Батыс Қазақстан облысы бойынша ХҚКО департаментінде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылады.

 

«Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының кеңесшісі Біржан Кухаев атақ-абыройын сақтай отырып, жұмыс жасап, өмір сүретін, өз елін құрметтейтін азаматтың қандай болуы керектігі турасында жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол өз сөзінде: «Қорытындылай келе, біздің қоғамда жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс. Бұл құбылыспен тиімді күресуге тек барлық азаматтық институттардың күштерін біріктіру  арқылы ғана қол жеткізуге болады» деп атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында сындарлы сұхбат құрылып, ХҚКО департаментінің қызметкерлері аталмыш заңнаманың тармақтарын толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Мұндай кездесулер ХҚКО бөлімдерінде дөңгелек үстел, ашық есік күні немесе «сұрақ-жауап» форматында ай сайын өткізіліп тұрады.


 

рисунок

рисунок

http://anticorruption.gov.kz

 

 

 

 

рисунок

рисунок

 

Мемлекеттік қызметкердің қызметіндегі адалдығымен сатылмаушылығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы негізгі жетістіктері