Қоғамдық келісім кеңесі бойынша атқарылған жұмыстар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ХХ-шы сессиясында  және  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.А.Ноғаевтың XVI-шы сессиясында қойған тапсырмаларына сәйкес,  барлық ауылдық округтерінде құрамы  235 адамнан ал, аудан орталығында 23 адамнан тұратын қоғамдық келісім Кеңестері құрылылып  жұмыс  жасауда. 2013 жылдың  желтоқсан және 2014 жылдың сәуір айында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өткізілді.

 

ҚХА кеңейтілген кеңес отырысы бойынша атқарылған есеп.

Өздеріңізге мәлім Қазақстан ғасырлар   ағымымен  өлкемізді  мекендеп жатқан  барлық этностардың  қасиетті  мекені.   Ауданымызда 54,8 мыңнан астам тұрғын, 40 астам ұлт өкілдері тату-тәтті   өмір    тұрып  жатыр.   Бүгінгі  таңда  ауданымызда 18 этно-мәдени  орталықтар   құрылып, ұлтаралық  татулықты  қамтамасыз  етуде көптеген  жұмыстар  атқаруда.

Аудан бойынша әртүрлі халықтардың мәдени мұрасын жандандыруды сақтау, рухани бірлік, халықтар достығы, ұлтаралық келісім идеясын қалыптастыру, мәдениет және тарих туралы білімдерін тарату, этностық топтардың қарым-қатынас дәстүрін және өз болмысын әрі қарай дамыту мақсатында ұлттық-мәдени орталықтар, фольклорлық ұжымдар құрылды.

Соның ең бастыларының бірі аудан орталығында ашылған «Достық үйі». «Достық үйі» 2006 жылы «1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай ашылған болатын. Қазіргі күні қазақ, татар, славян халықтарының арнайы бөлмелерімен жабдықталған орталықтар жұмыс жасауда.

Достық үйі ауыл тұрғындарының демалыс орталығына және түрлі аудан және облыс деңгейіндегі: мерекелік және тақырыптық концерттер, фестивалдар мен байқаулар, тақырыптық кештер  мен демалыс кештері, жастар би кештері, семинарлар, конференциялар, форумдар және т.б. әртүрлі  шараларды өткізу орталығы болып табылады.

Сонымен қатар, ХХ-шы сессияда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы республика деңгейінде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты мега жобасын өткізуді тапсырған болатын. Аталған мега жоба  ауданымызда ағымдағы жылдың 17 ақпан күні басталып 15 наурыз күні барлық 22 ауылдық округті қамтыған болатын. Аталған шараның ұтымды ұйымдастырылған шара екеніне риза болған аудан тұрғындары өз ризашылықтарын шара барысында және бұқаралық ақпарат құралдарында білдірді. Және облыстық эстафетаны ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні Тасқала ауданы өкілдері Зеленов ауданына тапсырса, 30 сәуір күні облыстық этафетаны Орал қаласынан Біздің аудан апарып аяқтады.

Оған қоса, ағымдағы жылдың 17 қазан  күні аудандық «Достық» мәдениет үйінде ауданымыздың халықтар достығы мен этно-мәдени бірлестіктердің жұмысымен тәжірибе алмасу бағытында Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімі басшысы Т.Ғабдушев бастаған және жаңадан ашылған «Радуга» славян этно-мәдени орталығының мүшелері, яғни 30-дан астам делегат келді.

Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған шара халқымыздың құндылықтарын насихаттауға, бұл екі үлкен ауданның мәдениет саласындағы байланысын одан әрі тереңдетуге арналады.  Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Досжанов, БҚО ҚХА хатшылығының бас маманы Ж.Жұмағазиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Жүнісова, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Сигунов, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері және жалпы саны  61 адам қатысты.

Шара соңында, жүйелі жұмысымызға таң қалған ақжайықтықтар өте үлкен тәжірибе жинақтап, осындай халықтар достығын қамтамасыз етіп отырған аудан басшылығына үлкен ризашылықтарын білдірді.

 

ҚХА 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы.

 

Аудан бойынша  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 20  жылдығын  өткізуге  байланысты  ұйымдастыру  комитеті  құрылып, бекітілді. Аудандық  қоғамдық  бірлестіктермен  бірлесе  «ЭКСПО -2017»  көрмесі өткізуге  орай  құрамы  аудан  жастарына  тұратын  ерікті  топтарды  жасақталды. БҚО Қазақстан халқы Ассамблесяның дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында аудандық іс-шаралар жоспары жасақталды. «Туған жерге тағзым» атты  акцияны  аудан  көлемінде  іске асыру  бағытында  келісімдер   жүргізіліп, жұмыстар  атқарылуда.