Зеленов ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыс туралы

 


21.03.2015

 
2015 жылдың 21 наурыз айында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жоба Зеленов ауданының Макаров ауылдық округінде өткен болатын. Аталған жоба Наурыз мейрамымен тұспа-тұс өткізілді.

 18.03.2015

 
2015 жылдың 18 наурыз күні Зеленый ауылына Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында концерттік бағдарламамен Шалғай,Железнов және Белес ауылдық округтерінің шығармашылық ұжымдары келді.

14.03.2015

 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында басталып, жалғасын тауып отырған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы»-атты мега жобасының алар орны ерекше, ол Қазақстандықтарды ортақ Отанымыздың баянды бүгіні мен болашағы жолында біріктіре түсуде.

10.03.2015

02.03.2015

 
Зеленов ауданында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының ауданішілік кезеңі басталды. Апта басында халықты келісім ұғымына үндеген шараның сәтті өтуіне ақ жол тілеген аудан әкімі Кәрім Жақыпов мега-жобаның көшпелі символын салтанатты түрде Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Александр Вахрушевке табыстады.

24.02.2015

 
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының эстафетасын табыстау мақсатында Зеленов ауданының әкімі кәрім Жақыпов бастаған делегация Тасқала ауданында болды.

20.02.2015

06.02.2015

 
Бүгін елімізде Қазақстан халқы Ассамаблеясы Жылының бастау алуына арналған салтанатты шаралар басталды. Республика деңгейінде «Біздің күшіміз - бірлікте!» ұранымен өтетін синхрон-акцияға ел тұрғындары белсенділікпен қатысуда.

 


 

 

Зеленов ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыс туралы

 

Аудан әкімінің орынбасары Г.Құлжанованың ассамблеяның жұмысы туралы баяндамасы

 

Сурет галереясы