Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын өңір тұрғындарына түсіндіре келген насихат тобы құрамындағы ҚР Мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиев пен Мұнай химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры Ш.Хайдарғалиева Зеленов ауданы, «Жайық мұнай» ЖШС-нің «Чинарев» өндіріс кешенінде болып, жұмысшы ұжыммен жүздесті. Меймандарды ауданға облыс әкімінің орынбасары А.Бадашев бастап келді. Алдымен шағын құрамда өткен басқосуда аудан әкімі К.Жақыпов кешен құрылымы, өндіріс қарқыны мен межелі жоспарлар жайын баяндап, ұжымның табысты еңбегіне тоқталды. Вице-министр М.Мырзағалиев жұмысшы топпен кездесу барысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету және  құжаттың басым міндеттерін іске асыру мәселелерін талқыға салып, өрелі ой өрбітті. Сондай-ақ вице-министр мемлекет алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер мен нақты шешімдер төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары А.Бадашев Жолдауда діттелген маңызды міндеттерді тиімді іске асыруға өңір әлеуетінің мол, тұрғындар белсенділігінің ерекше екендігін жеткізіп, пайымды пікірлері үшін меймандарға ризашылығын білдірді.
 
рисунок
 
рисунок