2014 жылдың 7 ақпан күні Дариян ауылдық округіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы  А.Перуашев және Щапов, Янайкин, Көшім ауылдық округтерінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Тарасенко және аудандық  АНТ  мүшелерінің қатысуымен ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бағытында жиналыс өтті. Аталған шараға ауыл активі, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатынасты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өз кезегінде ауылдардағы тұрғындардың Жолдауға деген қызығушылығын жоғары бағалады.