2014 жылдың 28 қаңтары күні аудан орталығы - Переметный ауылындағы «Достық» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын халыққа түсіндіру және іске асыру жөніндегі аудан активінің жиналысы өтті. Актив жиналысына аудан әкімі К.Жақыпов төрағалық етті. Аудан әкімі К.Жақыпов жиынды баяндамамен ашып, өз баяндамасында жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттерге орай аудан ахуалын сабақтастыра өрбітті. Халықтың әлеуетін арттырып, экономикалық даму бағытындағы іске асқан жұмыстар мен алда атқарылуға тиіс міндеттерді жіпке тізген аудан басшысы өз орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Жолдауда аграрлық секторды дамыту басты міндет етіп көрсетілгендіктен аудан кәсіпкерлеріне қолданысқа жаңа технологиялар енгізу арқылы өнім сапасын арттырып, мөлшерін кеңейтуді қолға алу керектігін де ескертті. Жалпы ауданымыз бойынша Елбасы Жолдауын  жан - жақты түсіндіру үшін 42 адамнан тұратын 6  ақпараттық -   насихаттау  тобы құрылды. Бүгінгі таңда ауданның әр мекеме, кәсіпорын ұжымдардында ақпараттық -   насихаттау  топтарымен  Жолдауды  жан - жақты түсіндіру жұмыстары басталып кетті. 

рисунок

рисунок