І. АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ         

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» - атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт-бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжат ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады.

2014 жылдың 14 қараша  күні Елбасы Жолдауына байланысты аудан активінің жиналысы өткізіліп, онда Жолдауды жүзеге асырудың іс-шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарлары бекітілді.

Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттау мақсатында 60 адамнан тұратын 12 аудандық ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді жастар тартылған.

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, насихаттауда аудандық мекеме, бөлімдер және әр ауылдық округтерде көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша тұрғындармен мақсатты кездесулер өткізді.

Аудан бойынша Елбасының биылғы жылғы Жолдауына байланысты әр түрлі тақырыпта 32 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер мен бильбордтар) орнатылды.            

Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті  арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Сондай-ақ,  экономика, ауыл шаруашылығы, білім, медицина, кәсіпкерлік, қорғаныс қауіпсіздігі, арнайы беттер ұйымдастырылып отырылады.          

Жолдаудың толық мәтіні мемлекеттік және ресми тілде аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімі аппаратының ресми сайтында (zelenov-bko.gov.kz) жарияланды.

Жолдауды талқылау барлық мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық ұйымдармен, жастар арасында  және ауылдық округтерде ұйымдастырылды.

Насихат пен түсіндіру жұмыстарына саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері де қамтылған. Осы ретте бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

 

IІ. САЯСИ ПАРТИЯЛАР          

Аудан бойынша    1 республикалық саяси партияның филиалы жұмыс атқарады. Ол, «НұрОтан» партиясы. Аудан бойынша «НұрОтан» партиясының барлығы 27 бастауыш партия ұйымы жұмыс атқарады. «НұрОтан» партиясының жылдан - жылға мүшелерінің саны көбейіп, бүгінгі күні аудан бойынша 2321 адамды құрайды. Партия мүшелігінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер бар.

Аудандағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған.          

 

ІІІ. ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ  КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгінгі күні аудандағы қоғамдық келісім кеңесі және үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

Аудан әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес құрылған. Кеңес өз жоспарына сай тоқсан сайын отырыстарын өткізіп, тиісті ұсыныстар жасап отырады.

Қазіргі таңда Зеленов ауданында 10 үкіметтік емес ұйымдар мақсатты жұмыстар атқаруда. Бұл ұйымдар өздерінің жоспарына сай тұрғындар жиынына және мектепте өткізілетін мәжілістерге жиі қатысып, отбасы, бала тәрбиесі және әйелдердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы туралы мәселелерді көтеріп келеді. Қылмыстың алдын-алуда, отбасындағы келеңсіз жағдайларды шешуде, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге де  өз үлестерін  қосуда.

 

ІV. ДІНИ ЖАҒДАЙДЫ ҚАДАҒАЛАУ         

1. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді, руханият пен сенімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдардың өзара жұмысын үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі жанында «Діни экстремизм мен терроризмді алдын-алуды қамтамасыз ету мәселелері» аудандық АНТ құрылған. Кеңес мүшелері, ауыл имамдары және мешіттің алқа мүшелері мен бірлесе отырып жергілікті тұрғындар мен жастар арасында дінімізді құрметтеу, оған илану, оларды имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеуде жоспарлы жұмыстар атқарып келеді.   Атап айтсақ, 2015 жылдың 2 сәуір күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңейтілген Кеңес өтті. Аталған кеңеске аудан әкімі К.Жақыпов, БҚО дін істері басқармасының басшысы Т.Нығметов,облыстық Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы Ж.Аханов, облыстық Дін істері басқармасының бас маманы, теолог маман Н.Стамбакиев, Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары, барлығы 107 адам қатысты. Күн тәртібінде Зеленов ауданы бойынша қалыптасып отырған діни ахуал,Міндетті  екпеден бас тартқан  дәстүрлі емес  діни бағытты ұстанушы отбасыларымен атқарылған  жұмыс туралы, Аудан  мектептеріндегі  «Дінтану» пәнінің  берілуі және  мектеп  оқушылармен  жұмыс, Белес,Достық  ауылдық  округтердегі  діни ахуал туралы мәселелер талқыланды.

Бүгінгі  таңда  ауданымыздағы  діни бірлестіктердің  қайта  тіркеу яғни құжаттарын Қазақстан  Республикасы  Заңнамаларына  сәйкес  рәсімдеу  аяқталды. 2015жылы 4 діни  бірлестік  өз жұмысын  жалғастыруда.  Олар: Переметный, Дариянауылында  орналасқан  2 (екі) мұсылмандар  мешіті,  Дариян   ауылында  орналасқан  «Казанской Иконы Божье Матери» шіркеуі, Көшім ауылдық  округі, Үлкен-Шаған ауылында орналасқан «Успенье Божьей Матери Храмы».

Қазіргі таңда, аудандық ішкі саясат бөлімі облыс орталығында орналасқан Батыс Қазақстан облысы Дін істер басқармасымен және Батыс Қазақстано блысы «Жайық» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінен аудандық «Ауылтынысы» қоғамдық-саяси газетінде аудан тұрғындары үшін тың материалдар алынып жарияланып тұрады. Егер 2012 жылы аудандық газетке 32 діни тақырыпта материалдар жарық көрсе, 2013 жылдың 31 діни тақырыпта материалдар жарық көрсе, 2014 жылдың 37 мақала, 2015 жылдың 4 айында 10 діни тақырыпта материалдар аудан газетінде жарық көрді.

 

VІІІ. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Жалпы2015 жылдың І тоқсанында аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды. Қазіргі кездегі қоғамдағы ілгерілеушілік өзгерістер, қоғам және мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар ауданда ішкі саясат мәселелерінің негізгі бағыттары жұмыстар жүргізуде жаңа сапалы әдістер қалыптастыруды қажет етіп отыр. Соған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.


2014 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

 

 

І. АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ         

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» - атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт-бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжат ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады.

 

2014 жылдың 14 қараша  күні Елбасы Жолдауына байланысты аудан активінің жиналысы өткізіліп, онда Жолдауды жүзеге асырудың іс-шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарлары бекітілді.

 

Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттау мақсатында 60 адамнан тұратын 12 аудандық ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді жастар тартылған.

 

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, насихаттауда аудандық мекеме, бөлімдер және әр ауылдық округтерде көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша тұрғындармен мақсатты кездесулер өткізді.

 

Аудан бойынша Елбасының биылғы жылғы Жолдауына байланысты әр түрлі тақырыпта 30-дан астам көрнекі үгіт құралдары (баннерлер мен бильбордтар) орнатылды.            

 

Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті  арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Сондай-ақ,  экономика, ауыл шаруашылығы, білім, медицина, кәсіпкерлік, қорғаныс қауіпсіздігі, арнайы беттер ұйымдастырылып отырылады.           

 

Жолдаудың толық мәтіні мемлекеттік және ресми тілде аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімі аппаратының ресми сайтында (zelenov-bko.gov.kz) жарияланды.

 

Жолдауды талқылау барлық мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық ұйымдармен, жастар арасында  және ауылдық округтерде ұйымдастырылды.

 

Насихат пен түсіндіру жұмыстарына саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері де қамтылған. Осы ретте бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

 

 

 

IІ. САЯСИ ПАРТИЯЛАР          

 

Аудан бойынша    1 республикалық саяси партияның филиалы жұмыс атқарады. Ол, «Нұр Отан» партиясы. Аудан бойынша «Нұр Отан» партиясының барлығы 27 бастауыш партия ұйымы жұмыс атқарады. «Нұр Отан» партиясының жылдан - жылға мүшелерінің саны көбейіп, бүгінгі күні аудан бойынша 2429 адамды құрайды. Партия мүшелігінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер бар.

 

Аудандағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған.          

 

 

 

ІІІ. ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ  КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Бүгінгі күні аудандағы қоғамдық келісім кеңесі және үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

 

Аудан әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес құрылған. Кеңес өз жоспарына сай тоқсан сайын отырыстарын өткізіп, тиісті ұсыныстар жасап отырады.

 

Қазіргі таңда Зеленов ауданында 10 үкіметтік емес ұйымдар мақсатты жұмыстар атқаруда. Бұл ұйымдар өздерінің жоспарына сай тұрғындар жиынына және мектепте өткізілетін мәжілістерге жиі қатысып, отбасы, бала тәрбиесі және әйелдердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы туралы мәселелерді көтеріп келеді. Қылмыстың алдын-алуда, отбасындағы келеңсіз жағдайларды шешуде, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге де  өз үлестерін  қосуда.

 

 

 

ІV. ДІНИ ЖАҒДАЙДЫ ҚАДАҒАЛАУ         

 

1. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді, руханият пен сенімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдардың өзара жұмысын үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі жанында «Діни экстремизм мен терроризмді алдын-алуды қамтамасыз ету мәселелері» аудандық АНТ құрылған. Кеңес мүшелері, ауыл имамдары және мешіттің алқа мүшелерімен бірлесе отырып жергілікті тұрғындар мен жастар арасында дінімізді құрметтеу, оған илану, оларды имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеуде жоспарлы жұмыстар атқарып келеді. 

 

Бүгінгі  таңда  ауданымыздағы  діни бірлестіктердің  қайта  тіркеу яғни құжаттарын Қазақстан  Республикасы  Заңнамаларына  сәйкес  рәсімдеу  аяқталды. 2014 жылы 4 діни  бірлестік  өз жұмысын  жалғастыруда.  Олар: Переметный, Дариян ауылында  орналасқан  2 (екі) мұсылмандар  мешіті,  Дариян   ауылында  орналасқан  «Казанской Иконы Божье Матери» шіркеуі, Көшім ауылдық  округі,Үлкен-Шаған ауылында орналасқан «Успенье Божьей Матери Храмы».

 

Қазіргі таңда, аудандық ішкі саясат бөлімі облыс орталығында орналасқан Батыс Қазақстан облысы Дін істер басқармасымен және Батыс Қазақстан облысы «Жайық» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінен аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде аудан тұрғындары үшін тың материалдар алынып жарияланып тұрады. Егер 2012 жылы аудандық газетке 32 діни тақырыпта материалдар жарық көрсе, 2013 жылдың 31 діни тақырыпта материалдар жарық көрсе, 2014 жылдың 37 мақала діни тақырыпта материалдар аудан газетінде жарық көрді.

 

 

 

VІІІ. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

 

 

Жалпы 2014 жылы аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды. Қазіргі кездегі қоғамдағы ілгерілеушілік өзгерістер, қоғам және мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар ауданда ішкі саясат мәселелерінің негізгі бағыттары жұмыстар жүргізуде жаңа сапалы әдістер қалыптастыруды қажет етіп отыр. Соған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.