Аудандық мәдениет үйі ұжымының «Туған жерге тағзым» атты есептік концерті өтті. Алдымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Манарбек Ажкеновке сөз берілді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала аясында ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығына тоқталған ол жұртшылықты өнер мерекесімен құттықтап, аудан көркемөнерпаздарының алдағы уақытқа жоспарлаған шараларына тоқталып өтті. Одан әрі сахна сәнін келтірген өнерпаздар туған жер, Отан туралы әндер шырқап, әсем бимен көрермендердің қошеметіне бөленді. Әсіресе, Гүлдана Мағзумова «Туған өлке» әнін шебер орындаса, «Іңкәр» би тобының «Сон повора» биі көпшілікті таң қалдырды. Халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблінің орындауындағы туындылар көрермен көңілінен жол тапты. Өнер кеші «Қазақстаным, елім» әнімен қорытындыланды.