Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясындағы «Туған жерге тағзым»  жерлестер форумы ауданымыздың әр ауылында кеңінен аталып өтуде. Ауылдастарды бірлікке шақырып, көпшілкке мереке сыйлаған форум Белес округінде де жалғасын тапты.

Әр жылдары ауылда еңбек етіп, осы ауыл мектебін аяқтаған, қазіргі таңда басқа жақта біраз жетістікке жеткен белестіктердің форумы дөңгелек үстелмен ашылды. Кешегі мен бүгіннің диалогындай болған шарада азаматтар ауылдың өткені мен бүгіні жайында сөз қозғап, туған жеріне деген сағыныштарын жеткізді. Одан әрі, жерлестер ауыл балабақшасының жанына тал егіп, естеліктерін қалдырды. Белестегі жерлестер форумының басқа ауылдардағыдан тағы бір ерекшелігі ауыл кәсіпкерінің қолдауымен орнатылған «Менің жүрегім Белес» атты конструкцияның ашылуы болды.  Өңіріміздің біраз ауданында ашылған әдемі конструкция ауданымыздың ешбір ауылында жоқ. Белесті де сол бір шағын ескерткіші  ерекшелеп тұратын болады енді. Жастардың ауылына деген махаббатын оятын патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында орнатылған әдем конструкция ашылуында ауыл әкімі Бекзат Бадақов, ескерткішті тұрғызуға қол ұшын берген «Имағамбетов» шаруа қожалығының басшысы Амангелді Имағамбетов пен Белес мектебіннің түлегі «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп келген дәрігер-хирург, қазіргі таңда облыстық наркологиялық диспансер директорының орынбасары Тимур Мырзахметовтер сөз сөйлеп, осындай шараға қатысып жатқанына қуанышты екендіктерін жеткізп, ауыл азаматтарын өткен тұңғыш президент күні мерекесі мен келе жатқан тәуелсіздік күнерімен құттықтады. Одан әрі ауыл көркемөнераздарының концертіне ұласқан форумда да белестіктерді аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыров, ауылда қырық жыл ұстаздық еткен Белес мектебінің директоры болған еңбек ардагері Светлана Тұрғалиева, «Ерлан» ШҚ-ның басшысы, ауыл мектебінің алғашқы түлегі Рашид Жақсымбетов сияқты азаматтар құттықтап, биыл бастау алған ауылдастар форумының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор екендікерін айтты. Әр жылдары ауыл мектебін аяқтап кеткен азаматтардың басын бір тоғыстырып, ауылға бір мереке сыйлаған форум көпшіліктің көңілінен шықты.