«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.

Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәліктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді еркін алуына ерекше назар аударылып келеді. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейді, олар әкімдіктердің өтінімдері бойынша елді мекендерге шығып, қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адамтүрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджеріміз өздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірді Бассаров.

Жаңа сервис ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп күтілуде.

Бассаровтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу, жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шарттарын жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.

Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады. Біздің облыста дербес менеджердің қызметін Орал қ. бойынша № 1 бөлімде (Жамбыл көшесі 81) және № 2 бөлімде (Құрманғазы 173) алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік

 қоғамының баспасөз қызметі

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді - ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» - деді ол.

Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Бөкейордада, ал баланы Оралда босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Оралдағы перинаталдық орталықта ресімдей алады.

Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік

қоғамы баспасөз қызметі

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағыты бойынша қызметтерді қолжетімді ету мақсатында Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары азаматтарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде қабылдайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығының Орал қаласы бойынша № 1 және № 2 бөлімдеріне «Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды жұмыссыз ретінде тіркеу», «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру» қызметтері көрсетілуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қажеттілігінің туындауына байланысты жұмыспен қамту орталығы мамандарына арнайы жұмыс орындары бөлінген.    «Қазіргі таңда қоғамдық қолжетімділік пункттері мен Электрондық Үкімет порталы арқылы азаматтардың әлеуметтік статусын анықтауға болатын функционал жүзеге асырылды. Ендігі уақытта мемлекеттік корпорацияның қызмет алушылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін «Әлеуметтік статус тағайындау» ақпараттық жүйесін қолдана алады.

Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Орал қаласы, Жамбыл көшесі 81 және Құрманғазы көшесі 173 мекенжайлары бойынша орналасқан фронт-офистерінде азаматтарды қабылдайтынын естеріңізге саламыз. Жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерін қоспағанда күнделікті сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

«Азаматтарғар арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акицонерлік қоғамының

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы -

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

департаменті

2017 жылдың Зеленов ауданы әкімі К.Жакуповтың бір жағынан екінші жағынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Т.К.Тулепкалиевпен бектілген жоспарға сәйкес   ағымдағы жылдың 13 ақпаны күні Қ.Аманжолов мектебі базасында 14 ақпан күні Мичурин ЖОББ мектебі базасында білім беру бөлімінің басшысының орынбасары төрағалығымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жинынға білім беру бөлімінің мемлкеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары, білім беру ұйымдарының мамандары,мемлкеттік қызметті тұтынушылар және  Зеленов ауданы әкімі аппаратының  ұйымдастыру, қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы  М.Б.Мусалимов қатысты.

Бірінші болып білім беру бөлімі басшысының орынбасары Г.Р.Исмагулова «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтердің стандарт   және  «Бастауыш, негізгі орта,  жалпы орта білімберу  ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты   тәртібін түсіндіру бойынша баяндамасын оқыды.

Екінші болып білім беру бөлімінің әдіскері «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша баяндаманы оқыды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында   сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді Оспанов.

Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аймақтарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО мамандарын үйіне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен. 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік 

корпорациясы» коммерциялық емес 

акционерлік қоғамы баспасөз қызметі