Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметінің порталы

«Е-лицензиялау» порталы

Электрондық үкімет. Ашық үкімет

Зеленов ауданының мемлекеттік органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің балама түрде ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің тізімі

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының мекен жайлары, жұмыс кестесі, байланыс телефондары және қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі (rar, 249 Kb)

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттер

Есептер

Жобалар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зеленов аудандық бөлімінің мобильдік ХҚКО шығуының 2018 жылғы 2 тоқсанға арналған кестесі (pdf, 758 Kb)

 

видео, баннер, макеттер, парақшалар


Зеленов ауданының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ фронт-кеңселерінен барлық қажетті анықтамаларды ала алады және құжаттарын ресімдей алады. Фронт-кеңселер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды және 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Зеленов ауданы бойынша 2 (екі) фронт-кеңсе қызмет көрсетеді: 1) Переметное а., Гагарин көш., 69 Б.  Анықтама тел: 8-7113-02-36-15.   2) Дариян а., Балдырған көш., 27/1. Анықтама тел. 8-7112-54-26-68.


Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

12.03.2018

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының  тұрғындарына ұсынылады.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен  толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

 

"Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес

акционерлік қоғамның баспасөз қызметі

 

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

20.02.2018

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free» сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Толығырақ...


Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

25.01.2018

Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ішкі істер министрлігімен бірге автокөлік иелеріне жаңа мүмкіндік ұсына бастады. Енді көлікке әдемі нөмір алғанда, сандарды ғана емес әріптерді де таңдауға болады.

15 қаңтардан бастап іске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргізушілер мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы симметриялық нөмір белгілерін таңдай алады. Бұл үшін азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) өтінімдерін рәсімдеп, мемлекеттік алымды төлеулері тиіс.

2014 жылдан бастап автокөлік иелері ел арасында «айна нөмір» деп аталатын симметриялық нөмірлерді сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізген еді. Енді азаматтар ақылы түрде сандар мен әріптерді өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тілек білдірушілер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмірлерге 5 700% АЕК көлемінде төлейді, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әріптердің де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны - 11 400% АЕК. 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмір сатылған.

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмірлік белгісі базада болмаса, онда қажетті мемлекеттік алымды төлеп, мамандандырылған ХҚО арқылы тапсырыс беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

17.01.2018

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өтті.

Көші-қон қызметтерін көрсету орталығында шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық тәртіпте іске қосылған миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тіркеу қызметтерін «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары көрсетеді. Нәтижесінде, көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер де «бір терезе» принципі бойынша бекітілген стандартқа сай ұсынылатын болады.

Иманов көшесінде, 31 орналасқан Миграциялық ХҚКО сағат таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Астанада жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алады.

Толығырақ...


Видеоролики

05.01.2018

https://vk.com/away.php?to=https%3A%2F%2Fdrive.google.com%2Fopen%3Fid%3D1yAK9OkaR2NZwpNFv2jbfHtu6p7EVq4xR&cc_key

 


Барлық хабарламалары