«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру

(2017 жылғы 12 желтоқсанда №827 ҚР Үкіметінің қаулысы)

 

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) бірлесіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу қарастырылған.

Осыған орай, ағымдағы жылы 1-маусым мен 31-тамыз аралығында еліміздің барлық аймақтарында жергілікті атқарушы органдармен (ақысыз негізде) оқыту курстары ұйымдастырылады. Жергілікті атқарушы органдар халықты оқыту курстарына жазып, топтар құрады.

  • Жас шектеулігі болмайды;
  • Азаматтардың барлық санаттары оқуға бірдей құқылы;

ҚР «Ақпараттандыру» заңы негізінде ҚР АКМ мен ҚР ҰЭМ статистика комитеті халықтың цифрлық сауаттылығының бірнеше деңгейін анықтады:

  • бірінші деңгей - базалық, компьютерді, мобильді гаджеттерді қолдана білу дағдысы, интернетте ақпараттарды іздей білу, қауіпсіздік және мәліметтерді қорғау;
  • екінші деңгей – ақпараттық дағдысы, ол - «Электронды және Ашық үкімет» сервистерін пайдалана білу;
  • үшінші деңгей –транзакциялық дағды, қызметті алу және төлеу сервистерін қолдана білу;
  • төртінші деңгей – интернетте тауарды және қызметті сатып алуға, сатуға, жүргізуге байланысты дағдылар, яғни электронды сауда дағдылары.

Курстың қайда және қай уақытта өткізілетіндігі туралы ақпаратты жергілікті анықтама Call-орталығынан ала аласыздар:

  Орал қаласы +7/7112/514733
  Ақжайық ауданы +7/71136/91823
  Бөкей ордасы ауданы +7/71140/21130
  Бөрлі ауданы +7/71133/20809
  Жаңақала ауданы +7/71141/21845
  Жәнібек ауданы +7/71135/21207
  Зеленов ауданы +7/71130/22959
  Казталов ауданы +7/71144/31169
  Қаратөбе ауданы +7/71145/31642
  Сырым ауданы +7/71134/31285
  Тасқала ауданы +7/71139/21239
  Теректі ауданы +7/71132/21335
  Шыңғырлау ауданы +7/71137/33345